Жылқыға алғаш рет бас үйреткен...

    Ботай мәдениетінің өмір сүру уақыты б.з.д. V-IV ғасырларда өткен. Бүгінде бұл мәдниет ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі. Солтүстік Қазақстанда орналасқан ескерткішті бейнелеуге жан-жақтан суретшілер ат салысты. "Ботай-ұлы дала мұрасы" халықаралық симпозиуымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Қылқаламды жанына дос еткендер тарихи жерде екі аптадай болып қайтты. Халықаралық сипозиумге Ақтөбеден суретші Лилия Беликова қатысты.
    Жылқыға алғаш рет бас үйреткен...

    Ботай – ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің ғажайып қонысы. Бұл мәдениет энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпаларға тиесілі. Солтүстік Қазақстанда орналасқан ескерткіш 15 га алаңды алып жатыр. Зерттеулердің арқасында жылқыны алғаш қолға үйретілгені белгілі болды.
    Cолтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстары 1981-1983 жылдары жүргізілген. Жұмыстарды жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы болып табылады. Ал жетекшісі - Виктор Зайберт. Зеттеушілер қолымен 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған.
    Жылқыға алғаш рет бас үйреткен...
    Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны алғаш қолға үйреткен. Алдағы уақытта Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жататын Ботай мәдениетін көруге жан-жақтан туристер келмек.

    - "Ботай-ұлы дала мұрасы" деп аталатын симпозиум Петропавл қаласында өтті. Оған жан-жақтан барлығы 20 суретші қатысты. Шараның басты мақсаты - суретшілердің осы жерде көркем бейнелер жасауы. Мұндай шара бұған дейін болған емес. Келесі жылы осы жерде қазба жұмыстары басталғанына 40 жыл болады. Оқиға бойынша, мұғалім оқушылармен бірге осы жерге келген. Осы маңайдан жылқы сүйектерінің қалдықтарын тауып алған. Кейін оларды сараптамаға берді. Анықталғандай, бұл ежелгі жылқы сүйегі болып шықты. Содан кейін археологтар жұмыс істей бастаған. Қазір сол жерде ботайлықтардың тұрғын үйі қайта жаңартылып жатыр. Палеогенетиктерінің мәліметтері бойынша, бұл сүйектер Пржевальский жылқысының сүйектері. Осы жерде ең ескі жылқы ескерткіші табылған. Адамдар 6 мың жыл бұрын жылқының сүтін тұтынған,-дейді суретші Лилия Беликова.
    Жылқыға алғаш рет бас үйреткен...
    Суретші тарихи жерге барғандағы ерекше әсерімен бөлісті. Оның айтуынша, алдағы уақытта бұл жер туристер мекеніне айналмақ.
    - Біз онда көптеген ескерткіштер жиналған өлкетану мұражайына бардық. Ботай мәдениетіне тиесілі тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келесі жылы бұл туристік орын ретінде болады. Қазба жұмыстарына жүргізілген жерді араладық. Ал осы жерден табылған экспонаттарды мұражайда көрдік. Ол жерде жылқының сүйектері, ежелгі қарулар да болды.

    Ең алғашқы қымыз
    - Әрбір суретшінің өзіндік талғамы, ассоцациясы болады. Музейді аралап жүргенде көзіме бірден "бірінші жылқы-бірінші қымыз" деп жазылған плакат түсті. Осы бейнені ұмыта алмадым. Симпозиумде шығармашылық композиция жасау тапсырмасы берілді. Тарихи мекенді аралап, кейін шеберханаға келіп сурет салдық.

    Бұл – сәттілік!
    Халықаралық симпозиумге суретшілер Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей мемлекеттерінен және Алматы және Нұр-Сұлтан қаласынан келді. Ал Ақтөбеден жалғыз мен ғана бардым. Мұндай шараға қатысу сәттілік деп білемін. Өйткені орын саны санаулы. Суретшілер одағының төрағасы маған «барып қайтсаңшы!» деп ұсыныс айтқанда, қуанып кеттім. «Ботай – ұлы дала мәдениеті» халықаралық симпозиумі жоғары деңгейде өтті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеден ғұн әйелінің сүйегі табылды
  • Ақтөбеде ғұн дәуірінің зираты табылды
  • Ескерткіштерді жою жағынан Ақтөбе алдыңғы орынға шықты
  • КӨКТЕМ. АРУ. ГҮЛДЕР
  • Жылқы ұрлаған барымташылар сотталды
  • Тарихи тақырыптағы сурет көрмесі ашылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге