Ырғыздан қола дәуіріне тән екі әйелдің сүйегі табылды

    Ырғыз ауданы Шеңбертал ауылының маңындағы қорымнан қола дәуіріне жататын адамдардың сүйегі табылды. Қорымды алдымен археологтардан бұрын ауыл адамдары тапқан.

    Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық тобы Шеңбертал I қорымында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ескерткіш Ырғыз ауданы Шеңбертал ауылынан солтүстікке қарата 300 м жердегі Ырғыз өзенінің сол жақ бөлігінде орналасқан. Тас дәуіріне қарасты тұрақ орнын өткен ғасырдың жартысында
    А.А. Формозов ашқан.

    -Шеңбертал I қорымы 10 топырақты шұңқыры бар 2500 м2 аумақты
    қамтитын құмды жерді құрайды. Қабірдің беткі жағы шеңбер, сопақ және пішіні дұрыс емес тасты дуалдардан салынған. Дуалдар көбінесе жерге тігінен көмілген тас тардан және бір-бірімен байланысы жоқ құмтастармен қоршалған. Қабірлер көп жағдайда терең емес топырақты шұңқырлы болып келеді. Жұмыс барысында жалғыз жерленген екі адамның қабірі қазылды. Қабір ішіндегі адам сүйегі оң жаққа бүгілулі және қолдары бет алдында орналасқан күйде жерленген. Бас сүйек жағында оюланған екі керамикалық құмыра табылды. Сонымен қатар қоладан жасалған білезіктер, сырғалар және орақ пішінді заттар шықты. Бастапқы зерттеулердің шешімі бойынша, жоғарыдағы табылған заттарға сәйкес екі қабірде де әйел адамдар жерленгенін көрсетеді. Және де қорым қола дәуірі мерзіміне жататыны анықталып отыр,-деп хабарлады Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық тобы.

    Айта кетейік, Шеңбертал I қорымы апаттық жағдайда болғандықтан, жедел қазба жұмыстарын жүргізуді талап етіп отыр. Сондай-ақ археологтар қорымды тапқан жергілікті тұрғындарға алғыстарын білдіреді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеден ғұн әйелінің сүйегі табылды
  • Ақтөбеде ғұн дәуірінің зираты табылды
  • Ақтөбеде құрылыстан адамның бас сүйегі табылды
  • Ескерткіштерді жою жағынан Ақтөбе алдыңғы орынға шықты
  • Бейіттің үстіне жерленген белгісіз әйелдің мәйіті табылды
  • Шеңбертал ауылының көшесін түлкі аралап жүр
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге