45 дәрігер ауылда жұмысқа тұрды

    Ақтөбеде облыс әкімі жас мамандарға 1 млн 500 мың теңгенің сертификаттарын табыстады. Бұл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.
    45 дәрігер ауылда жұмысқа тұрды
    Ақтөбе облыстық медицина орталығында «Жас мамандардың мамандыққа бастамасы» атты жас дәрігерлерді қолдауға арналған шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға облыс әкімі және денсаулық саласында қызмет еткен ардагерлер қатысты.
    Сертификаттар М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина институтын бітірген түлектерге берілді. Облыс әкімі «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдарға жұмысқа орналасқан 45 жас дәрігер маманның әрқайсысына 1 млн 500мың теңгенің сертификатын табыстады.
    -Сіздердің адам жанының арашасы ретіндегі дәрігерлік мамандықтарыңыз ерекше құрметке лайық. Орталарыңызға келіп, алдыңғы буын ардагерлермен бірге жаңадан еңбек жолын бастап жатқан жас мамандармен кездесу мен үшін үлкен ғанибет. Президент алғашқы медициналық көмек адамдарға барынша жақын болуы керектігін тапсырған болатын. Облыста медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар жүйелі түрде атқарылып келеді,-деді Оңдасын Сейілұлы.
    Айтып өтейік, биыл облыстан 45 азамат ауылдық жерлерге жұмысқа жіберіліп отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 32 болған болатын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Облысқа 76 дәрігер керек
  • Барлық елді мекенде медициналық пункттер ашылады
  • 600-ге жуық болашақ дәрігер диплом алды
  • Ақтөбе облысына 100-ге жуық дәрігер қажет
  • Студенттерге облыс әкімі гранты берілетін болды
  • Ауылға барған жас маман пәтер жағалап жүр
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге