Ақтөбеде Республикалық «Ағаш отырғызу» акциясы өтті

    Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы Республикалық «Ағаш отырғызу» акциясын ұйымдастырды. Шараға Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшысы Евгений Гончаров және бөлім басышлары, құрметті ардагер спортшылар, жаттықтырушылар мен Азия және Әлем чемпиондары қатысады. Бұл туралы Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

    Республикалық «Ағаш отырғызу» акциясы 12 қазан күні өтті. Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшысы мен жастар «Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» ауласына 40 түп қарағай отырғызды.
    Олардың басты мақсаты қоғамдағы эко мәдениетті қалыптастыруға үлес қосу. Жас спортшыларға үлгі болып, қоршаған ортаны қорғауға баулу.

    Республикалық акция аясында шара қонақтары «Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» ғимаратын аралады. Болашақ чемпиондарды даярлайтын мектептің жай-күйімен танысып, оқушылар үшін жасалған қолайлы жағдайды көрді. Мектеп ғимаратында білімалушы жастар үшін жатын бөлме, жаттығу залдары мен жуыну бөлмелері, асхана сонымен қатар бос уақыттарын тиімді өткізу үшін мәдени-танымдық кабинеттері бар.

    Шара соңында басқарма басшылары мен ардагер спортшылар және Азия, Әлем чемпиондары оқушылармен кездесті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы оқушыларға үлкен сенім білдіретінін жеткізді.
    -Республикалық «Ағаш отырғызу» акциясында 40 түп тал оытрғыздық. Оларыды күті - баптасақ қана жапырағын кеңге жайған алып бәйтерек болады. Жеңіске жету жолы да сол іспетті. Сіздер үшін барлық қолайлы жағдай жасалынған. Сіздерден күтетініміз тек жеңіс пен жоғарғы нәтиже. Ақтөбе спортын дамытып, Еліміздің көк туын биіктен көрсетеді деп сенемін, - деді Евгений Гончаров.
    Айта кетейік, кездесу соңында мектеп оқушылары спортшылармен естелік суретке түсті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде спорттық жазғы ойындар өтті
  • Спортқа жаңа басшы тағайындалды
  • Ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты қорытындыланды
  • Облыстық спартакиаданың іріктеуі өтті
  • Әйелдер күресінен чемпионат жеңімпаздары анықталды
  • Каратэ – олимпиада ойындарының құрамына енді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге