Пәтер алу үшін 3000 ақтөбелік несие алған

    Республикада бүкіл әлем жинақ күнін атап өтті. Осының қарсаңында Ақтөбедегі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі он айдағы қызметін қорытындылады.

    Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі іске асырып отырған тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі - адамдарды ақша үнемдеуге және жинақтауға үйретеді. Бұл әлемдегі ең жас және ТМД аумағындағы жалғыз қаржы институты.
    Отандық Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне 16 жыл. Ал, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің Қазақстандық үлгісі - Германиядан алынған. Бұл жүйе Германияда 89 жыл бойы жұмыс істейді.
    Сонымен қатар, азаматтарға өз баспанасына қол жеткізуге Мемлекет көмектеседі: ҚТҚЖБ клиенттерінің жинақ шоттарына жыл сайынғы 20% мөлшерінде сыйақымен ынталандырылады. Ол максималды – 200 АЕК немесе 505 000 теңгегеден аспайтын қаражатқа түседі. Ақшалай баламада мемлекеттің ең жоғары сыйлығы жылына 101 000 құрайды. Айта кету керек, Германияда мемлекет сыйлығы 8,8%, Словакияда - 5% мөлшерінде төленеді.
    - Банкте жыл басынан бері 278 018 жаңа шот ашылды, оның ішінде
    Ақтөбе филиалында 21 191 бұл 2018 жылдың 10 айына қарағанда бір жарым есе көп. Биыл жер - үй, пәтер немесе жер учаскесін сатып алуға 35 683 отандасымыз ТҮҚЖБ несие алды, оның ішінде 3 000-ы Ақтөбе қаласының тұрғындары,-дейді «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары Эльмира Ескендирова.
    Айта кетейік, Қазақстанда ТҚЖ жүйесіне 1,4 млн. астам азамат сенім білдіруде. Оның ішінде Ақтөбе филиалында жалпы сомасы 50,5 млрд. теңгені құрайтын 104 000 депозит ашылды. Өз қызметі барысында ҚТҚЖБ 208 368 несие берді, оның ішінде Ақтөбе филиалы 19 925 несие берген. ТҚЖ жүйесі бірінші кезекте ҚТҚЖБ депозитінде қаражат жинақтауды көздейді. 3 жылдан кем емес уақыт бойы, өз депозитіне белгілі тәртіп бойынша қаражат салған және өз шотында тұрғын үй құнының 50% - ын жинаған клиенттер тұрғын үй заемын ала алады. Банк оларды елдегі ең төменгі үстемақы – 3,5% - дан 5% - ға дейін ұсынады. Мұндай шарттар елдің бірде-бір банкінде жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Баспаналы болудың жаңа мүмкіндігі – baspana.kz
  • “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде” депозит ашу тегін
  • Ақтөбеде тұрғын үй кластері құрылады
  • Ақтөбеде 32 мың салымшы өтемақы алады
  • Салымшыларға төлемақы беріледі
  • САЛЫМШЫЛАР ӨТЕМАҚЫ АЛАДЫ
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге