Мыңдаған адам зейнетақы қорындағы ақшаларын ала алмай жүр

    Ақтөбеде ауыр және зиянды өндіріс орындарында еңбек еткен адамдар зейнетақы қорындағы қаржыларын ала алмай жүр. Прокуратура мұны зейнетақы заңнамасына талдау жүргізген кезде анықтады.

    2011-2012 жылдар аралығында сақтандыру компаниялары 7042 заң бұзушылыққа жол берген. Яғни, сақтандыру компаниялары 7 мыңнан астам ақтөбелікке тиесілі қаржыны бермей қойған. “Керек.info” тілшісіне бұл туралы Ақтөбе облыстық прокуратурасындағы басқарма басшысы Маратбек Мырзамұратов айтты.

    Мұғалжар аудандық прокуратурасына Қуанова деген азаматша арызданған. Оның 1955 жылғы жолдасы 2014 жылы ауыр науқастан қайтыс болған. Ұзақ жылдар теміржол саласында еңбек еткен Қуановтың мұрагері сақтандыру компаниясындағы 2 миллион теңгесін ала алмай жүр. Компания иемденіп алған қаржыны қайтару үшін мұғалжарлық прокуратураға жүгінді.

    Прокурорлар арызды тексеру барысында екі арадағы келісімшартты да қарап шыққан. Нәтижесінде келісімшарттарды жасау кезінде еңбеккерлер құқы аяқ асты болғандығы анықталды. Сақтандыру компанияларындағы зейнетақы қорын ала алмай жүрген адамдардың барлығы мұнай газ саласы, тау-кен саласының қызметкерлері. Бүл жайтты жергілікті прокурорлар ҚР Бас прокуратурсына хабарлады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Шаруалар шығынға батып жатыр
  • “Автопарктің” кондукторлары аштық жарияламақ
  • Мал дәрігерлерінің заңсыздықтары әшкереленді
  • Ақтөбеде оралмандарға тиесілі 45 млн теңге ұрланған
  • Әскери қызметкерден ақша талап еткен мұғалжарлық сотталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге