Әйтеке бидің 375 жылдығына еркін күрестен турнир өтіп жатыр

    «Жекпе жек» сарайында 13-15 жастағы жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық республикалық турнир басталды. Шара Әйтеке бидің 375 жылдығына арналған. Жарысқа 200-ден астам спортшы келді.

    Спортшылардың қатарында Қазақстанның 10 облысы мен көрші елден келген жас палуандар бар. Олар өз аймақтарындағы үздіктер. Ал, Ақтөбе намысын 3 команда қорғайды. Бұл турнир жетінші жыл ұйымдастырылып отыр. 2016-шы жылы республикалық деңгейін алды. Турнир халықаралық талапқа сай өткізіледі. Палуандар боз кілемге 12 салмақ дәрежесі бойынша күреседі. Бұл әр аймақтан мықты спортшыны анықтауға мүмкіндік береді.
    - Жүлделі 1, 2, 3 орындарды алған балалар спорт шеберіне үміткер деген
    аттақа ие болады. Қазіргі таңда Ақтөбе облысында еркін күрестің жағдайы өте тамаша. Еркін күрестен Олимпиадаға бірінші болып жолдама алған Нұрислам Санаев, грек-римнен Мейрамбек Айнағұлов және Юсуп Батырмурзаев сынды спортшыларымыз да осындай турнирде өнер көрсеткен. Бұл жарыс жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға үлкен мүмкіндік,- деді №4 облыстық мамндандырылған балалар жасөспірімдер олимипада резерві мектебінің директоры Болат Еңсепбаев.

    Амир Якимов күреспен 8 жылдан бері айналысады. Ресейден келген жас спортшының жеңістері де аз емес. Қазақстанның өзге облыстарындағы жарыстарға барып жүрген Амир қарсыластарының осал емес екенін тұспалдап тұр. Десе де жеңістен дәмелі.
    - Қазақстанның жезқазған қаласына бардым. Ақтөбеге бірінші рет
    келуім. Қарсыластарымның барлығы мықты сияқты. Бірақ әркімнің өз әдісі бар. Мен өз тактикамды пайдаланамын,- деді ресейлік балуан Амир Якимов.

    Айта кетейік, турнир қарашаның 15 дейін жалғасады. Жеңімпаздар спорт шеберіне үміткер атағын алып, кубоктармен және медальдармен марапатталатын болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Еркін күрестен 200-ден астам спортшы бақ сынады
  • Бауыржан Ақшолақовты еске алуға арналған халықаралық турнир өтуде
  • Ақтөбелік спортшылар республикалық турнирде жеңімпаз атанды
  • Әйтеке би атындағы жүлде үшін турнир басталды
  • Жасөспірім палуандар үш қола иеленді
  • Грек-рим күресінен турнир аяқталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге