ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАРҒА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛЫНБАЙДЫ

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері мектеп жасындағы балаларды вакцинациялау мәселелері бойынша азаматтардың өтінішіне байланысты COVID-19 вакцинациясының тәртібі мен ережесін түсіндірді.

    «Халық денсаулығы туралы» Кодекстің 77-бабы негізінде кез келген екпе, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация ерікті түрде жүзеге асырылады. Азаматтар вакцинациядан жазбаша бас тартуға құқылы.
    Ал 18 жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқан адамдарға вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәлімет жоқ, сондықтан бұл жастағыларға екпе салынбайды.
    КВИ-ге қарсы вакцинация эпидемиологиялық маңыздылығын ескере отырып, кезең-кезеңімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ақысыз жүргізіледі.
    1 ақпанда басталатын бірінші кезеңде инфекциялық аурухана, жедел медициналық жәрдем, реанимация және қабылдау бөлмелері, санэпидқызметтің медицина қызметкерлері вакцинациялана алады.
    1 наурызда басталатын екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, ЖОО-дың, педагогтер, медициналық қызмет қызметкерлері.
    1 сәуірден бастап үшінші кезеңде: мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурулары бар адамдар егу салдырады.
    Вакцинацияның қауіпсіз екенін ескерген дұрыс. Кез келген лицензиясы бар вакцина бірнеше сатыдан тұратын жіті тексерістен өтеді, содан кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Вакцина нарыққа түскеннен кейін де үнемі бақылауда болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде екпе алмаған балалар көбейіп барады
  • Ақтөбеде екпе алмаған балалар жұқпалы ауруға шалдығып жатыр
  • Ақтөбеге “H1N1” вирусы келе жатыр
  • Тұмауға қарсы егу жалғасуда
  • АҚТӨБЕДЕ ЕКПЕДЕН БАС ТАРТАТЫН АТА-АНА КӨП
  • Вакцина салу кезінде ата-ананың рұқсаты керек
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге