Жыл қорытындысы жасалды

    Пандемия еліміздің экономикалық өсуіне кері әсер етіп, халықтың кірісіне өзгеріс енгізді. Дегенмен бүгінгі жағдай әлдеқайда жақсарды. Мәртөк ауданында былтырғы жылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші қорытындылары жасалып, ағымдағы жылға жоспар нақтыланды.

    Жыл қорытындысы жасалды

    Мыңнан аса жұмыс орыны құрылды
    Былтырғы жыл жалпы ел бойынша қиындықпен күрескен уақыт болды. Мемлекет жаһандық қауымдастыққа қауіп төндіріп отырған пандемияға қарсы тұруды жалғастыруда. Осы орайда тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғауға арналған барлық ресурстар жандандырылды. КВИ таралуына қарсы күресу үшін Мемлекет басшысы елде төтенше жағдай жариялады. Мемлекетаралық шекаралар жабылды, халықаралық және ішкі рейстер, теміржол және автомобиль жолдары тоқтатылды. Тосқауылдар орнатылып, кәсіпкерлік нысандар жабылды.
    Мәртөк ауданы облысымыздың бір бөлігі ретінде еліміздің дамуында өз орны бар. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жыл сайын жоғары көрсеткішпен қуантады. Атап айтқанда, өнеркәсіп өндірісінің өсімі 100,1%-ға өсті. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 111,6%, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 108,8% құрады. Аудан бюджетінің кіріс бөлігі аудан тарихында алғаш рет 1 млрд.теңгеге жетіп, 1 415,3 млн. теңгені құрады. Ал бюджеттің шығыс бөлігі 13,9 млрд. теңгені құрап, толығымен игерілді. Халықтың әл-ауқатын жақсарту жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жоспардың басым бағыттары жаңа жұмыс орындарын құру және халықты жұмыспен қамту болып табылады. Осы орайда Мәртөк ауданында былтыр 1022 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 70% тұрақты қызмет болып табылады. Жаңа жұмыс орындары жеке және мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен құрылды. Олардың тізімінде жол бойындағы сервис, жылыжайлар, ДСК, ауылдық клуб, дәрігерлік амбулатория, құрама жем өндіру жөніндегі зауыттар бар. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары шеңберінде 1662 адам жұмысқа орналастырылды.

    Спорт залы салынды
    "Болашақ білімді жастардың қолында" демекші, аудандағы негізгі салалардың бірі - білім беру саласы болып табылады. Былтыр білім беру саласының бюджеті аудан бюджетінің 70% - ын құрады. Қиын уақытқа қарамастан, материалдық-техникалық базаны жаңарту және жөндеу бойынша барлық белгіленген жоспарларды орындалды. Білім беру жүйесінің нысандарына, атап айтқанда: №3 Мәртөк ОМ, №1 Мәртөк ОМ "Қайрат" стадионында, Жайсаң ОМ, Жайсаң арнайы білім беру ұйымында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Жалпы сомасы 1 млрд.теңгеден астам қаржыға Жайсаң ауылының колледжіне спорт залы салынды.
    Аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында жалпы соммасы 285,4 млн. теңгеге 1427 компьютер сатып алынды. Осы арқылы жалпы компьютер саны 2700 дананы құрады. 6 мектепке 8,0 млн. теңгеге жылу қазандықтары сатып алынды. Бүгінгі күні барлық білім беру мекемелері резервтік жылыту қазандықтарымен жабдықталған. Бұдан басқа резервтік электрмен қоректендіру көздерімен 100% қамтамасыз етілді. Тұрғындар және ата-аналар қауымымен өткен кездесулерде №4 Мәртөк орта мектебін автобуспен қамтамасыз ету мәселесі бірнеше мәрте көтерілген болатын. Бұл мәселені шешу үшін бюджеттен 13,6 млн.теңге қаражат қарастырылып, мектеп автобусы сатып алынды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – маңызды міндет. Осы мақсатта білім беру ұйымдарында жалпы сомасы 19 млн.теңгеге бейнебақылау жүйелері орнатылды. Бейнебақылаумен қамтамасыз ету 100% - ды құрады. Нақтырақ айтсақ, құрылғы 27 мектеп және 21 балабақшаға қондырылды. Білікті кадрларды тарту және педагог қызметкерлердің жалақысын көтеру білім беруді дамытудың негізі болып табылады. Осылайша, "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында білім беру саласындағы 30 маманға 125,1 млн.теңге сомасында тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдікті несие беру және 8,3 млн. теңге сомасында көтерме жәрдемақы түрінде қолдау көрсетілді.
    Айта кететін жайт, биыл аудандағы Хлебодаровка, Полтавка орта мектептері мен оқу-кәсіптік шеберханасы ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілмек. Одан бөлек, Құмсай ауылында бастауыш мектеп ашу жоспарлануда.

    Ауылдық клуб бой көтереді
    Былтыр Мәртөк ауданында ауданның мәдениет саласында құрылыс жұмыстары ауқымды жүргізілді. Бірнеше обьектілер күрделі жөндеуден өтіп, материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. 2019 жылы Саржансай ауылында 92,1 млн.теңге сомасына 150 орындықты жаңа ауылдық клуб пайдалануға беріліп, аудандық Мәдениет үйі мен Жайсаң ауылдық клубына 182,2 млн.теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген болатын. Ал, биыл Полтавка, Аққайың, Қаратоғай және Родниковка ауылдық клубтарын күрделі жөндеуден өткізу жоспарға нақтыланды.
    Бұдан бөлек, биыл Қаратоғай ауылында 106 млн.теңгеге ауылдық клуб салу жоспарланып отыр. Мәдени мекеме 150 орындыққа есептелген. Осылайша, 1000-нан астам тұрғыны бар ауданның барлық елді-мекендерін типтік ауылдық клубтармен қамтамасыз етілмек.
    Былтырғы жыл аудан үшін спорт саласында жағымды жаңалыққа толы жыл болды. Атап айтсақ, Мәртөк ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Ал, ағымдағы жылы ауданның спорт мекемелері желісін одан әрі кеңейту жұмыстары жүргізілмек. Сарыжар, Жайсаң, Родниковка, Қаратоғай және Саржансай ауылдарында жалпы сомасы 1 млрд.теңгеден астам қаржыға дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жоспарға енгізілді. Бұдан басқа, спорттық объектілер желісін кеңейту үшін Достық, Полтавка, Байнассай, Құрмансай, Аққайың, Кенсахара, Қазан ауылдарында жасанды жабыны бар шағын футбол алаңдары, стрит-воркаут және балалар алаңдары салынады.

    Егіс көлемін арттыру жоспарлануда

    Дамыған ауыл шаруашылығынсыз бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Мәртөк ауданыныің бұл бағытта зор мүмкіншіліктері бар. Егіс алқабы 5,6%-ға ұлғайтылып, 126 093 га құрады. Алдынғы жылы 78,5 мың тонна дәнді дақылдар өнімі алынып, өнімділігі-12,5 ц/га құрады. 15,5 мың тонна майлы дақылдар алынып, өнімділігі - 9,3 ц/га құрады. Бұдан басқа, 24,4 мың тонна картоп және 20,4 мың тонна көкөніс пен бақша дақылдары алынды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру мақсатында ауданда суармалы жерлер алаңын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Есепті кезеңде 960 га лиманды суару пайдалануға берілді және 666 га тұрақты суару бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.
    Мал шаруашылығы бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде мал басының барлық түрлерінің өсуі байқалады. Биыл қаңтар айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1 048,3 млн.теңгені құрайды. Мал шаруашылығының барлық санаттарында биылғы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны: ІҚМ – 38 717 бас, қой мен ешкі – 44 203 бас, шошқа – 2482 бас, жылқы – 6205 бас, түйе - 117 бас және құстар – 56 840 мың бас құрап отыр.
    2020 жылы Мәртөк ауданы бойынша егістік көлемі 126,1 мың га болса, 2021 жылы 1,1 мың га артып 127,2 мың га жеткізуге тапсырма беріліп отыр. Оның ішінде дәнді дақылдар 2021 жыл – 63 034 га көлемді құрайды. Сондай-ақ, майлы дақылдар 61 га және мал азығы дақылдары 861 га арттыру жоспарланып отыр. Аудандағы шаруашылықтарға биылғы көктемгі далалық жұмыстарына қажетті дизель отынының көлемі 1 540,8 тоннаны құрайды. Дизель отыны қажеттілікке байланысты бөлініп отыр. Алдағы уақытта шаруашылықтарға арзандатылған бағамен берілетін болады.
    Айта кетейік, аудандағы Қызылжар тұқым шаруашылығы биыл егіс алқаптарын кеңейтуді жоспарлап отыр. Әзірге тұқымның бағасы нақты анықталмағандықтан, тұқым сатылымға шығарылмайды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Егінді шегірткеден сақтауға 61,7 млн. теңге бөлінді
  • Тұрмысы тәуір-Темір
  • 8,5 мың тонна дизель отыны бөлінді
  • Мәртөкке биыл Ресейден асыл тұқымды 221 сиыр әкелінді
  • Темірліктер алда келеді
  • Әйтеке би ауданы: Жақсылық пен жаңалық
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге