Облыс әкімі Қарғалы ауданында болды

    Облыс әкімі Қарғалы ауданында болды

    Қарғалы ауданының Бадамша ауылында 70 орындық интернаты бар 300 орынға арналған жаңа мектеп ашылды.

    Ақтөбе облысының әкімі жұмыс бабымен Қарғалы ауданында болды. Ауыл тұрғындарын маңызды жаңалықтарымен облыс әкімі Оңдасын Оразалин құттықтады.
    - Биыл біздің облыста 20 мектеп салынып жатса, оның 12-сін жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 5 үш ауысымдық мектептің мәселесі шешіледі. Сондай-ақ, 32 білім ошағы күрделі жөнделіп, жалпы сомасы 800 млн теңгеге 58 мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Осының бәрі мемлекет басшысының жастарымыздың біліміне ерекше назар аударып, мемлекеттің қолдау көрсетуінің арқасында мүмкін болды,- деді облыс әкімі. Жаңа мектептің жалпы алаңы шамамен 6,5 мың м2, интернаттікі 2,5 мың м2. Оқу орны жұмысқа қажет барлық жабдықпен жарақтанған және қала мектептерінен еш қалыспайды.
    Өңір басшысы Қарғалы ауданына жұмыс сапары кезінде ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлді. «Актеп» ЖШС-нің картоп пен жүгері өсіретін алаңдарын қарап шықты.
    - 2016 жылы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында мемлекет серіктестіктің ауыл шаруашылығы алқабын электрмен және су құбырымен қамту үшін 295 млн теңге бөліп, соның арқасында бүгінде сол жерлер белсенді түрде суарылуда.
    Ыстық ауа райы картоптың өсуіне кері әсер етеді. Бірақ біз суаруды тоқтатып жатқан жоқпыз. Орташа түсім бір гектардан 45 тонна болады деп күтіп отырмыз. Екі фрагет сүрлем өндірісіне кететін жүгеріні суарады. Басқа да көкөністер өсіреміз. Өнімді сақтайтын жеріміз бар . 2017 жылы заманауи көкөніс сақтайтын қойма салдық. Өткізу жағынан да проблема жоқ. Бәрін Ақтөбеде сатамыз.
    Мемлекеттің субсидиялары өте жақсы көмектеседі. Құрылыс кезінде де, техника сатып аларда да субсидия алдық",- деді ЖШС директоры Аманғос Қалматаев.
    Велихов ауылдық округінде облыс әкімі «Ақжайық» ЖШС-нің бидай алқабында болды. Шаруашылықтың жалпы жер аумағы 11,8 мың гектардан асады. 600 тонналық астық қамбасы бар. Биыл шаруа қожалығы 3 мың гектар жерден астық орды. Жуырда «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасымен 300 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алып, мал шаруашылығын дамытуға кірісті.
    «ДиЛэнд» ЖШС 60 мың гектар жерге бидай, арпа, тары, зығыр, күнбағыс, мақсары және ноқат өсіріп отыр. Былтыр «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында шаруа қожалығы жалпы сомасы 466 млн. теңгеге үш бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.
    Жалпы, Қарғалы ауданының егіс алқабы осы жылы 160,6 мың гектарды құрады. 104,1 мың гектарға дәнді, 12,5 мың гектарға майлы дақылдар, 42,4 мың гектарға жемшөп екті.

    Облыс әкімі Қарғалы ауданында болды

    Аудан әкімі Асқар Жүсібалиев басталып кеткен астық жинау жұмыстарының барысы мен жалпы ауыл шаруашылығының дамуы жайлы есеп берді. Оның сөзінше, тұқым, қосалқы бөлшектер, техника мен дизель отыны бойынша сұрақтар шешілген. Ол сондай-ақ, жыл басынан бері ауданда мал өсімі байқалатынын атап өтті. Атап айтқанда, ірі қара мал басы 38,5 %, ұсақ мал - 15,3 %, жылқы - 34,4 % көбейген.
    Оңдасын Оразалин сонымен қатар, Степное ауылына барып, 0 -15 шақырымдық жердегі «Бородиновка-Степное» автокөлік жолының жөнделу барысын және ауыл ішіндегі алты көшенің жөндеу жұмыстарын қарап шықты. Жұмыс биыл қазан айында аяқталады. Сол ауылда 2000 жылы салынған мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында бұл мақсатқа 100 млн теңге бөлінген. Облыс әкімі жөндеуді қазан айының басына қарай аяқтауды тапсырды. Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі аудан басшылығына әрі қарайғы әлеуметтік, экономикалық даму, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, ауыл шаруашылығын дамыту және жемшөп дайындау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Биыл 514 мың тонна астық жиналды
  • Мәртөкке биыл Ресейден асыл тұқымды 221 сиыр әкелінді
  • Қобданың күйі жақсы
  • Темірліктер алда келеді
  • Ақтөбе облысында алғаш рет нут асбұршағы егіледі
  • Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады
  • Пікір

    ^ Үстіге