ТЖД: Мейрамхана электр желісінің қысқаша тұйықталуынан өртенген

    Ақтөбедегі “Ланцелот ” мейрамханасы электр желісінің қысқаша тұйықталуынан өртенген болуы мүмкін. Өрт сөндіру қызметі бүгінгі брифингте осылай деп хабарлады.
    Мейрамхананың өртеніп жатқандығы туралы хабар өрт сөндірушілерге өткен сенбі күні 16 сағат 30 минутта келіп түскен.Өртті сөндіруге 11 техника мен 30 адам жұмылдырылды.
    Мамандар алдымен мейрамхана қызметкерлерін қауіпсіз жерге көшіріп, өрттің көрші ғимараттарға жайылып кетпеуіне мән бергендерін айтады. “Ланцелот ” мейрамханасы Ақтөбенің орталығында М.Оспанов және ағайынды Жұбановтар көшелерінің қиылысында орналасқан.Бұл тұрғын үйлер тығыз орналасқан маң.
    -Өртеніп жатқан мейрамханадан 2 газ баллонын алып шықтық. Оның біреуі бос, екіншісінде газ толтырылған болды. Яғни, мейрамханада өрт қауіпсіздігі сақталмаған. 2012 жылы тап осы мейрамхананы тексеру кезінде өрт қауіпсіздігі сақталмағандығы анықталған болатын. Сол кезде мейрамхана қожайынына айыппұл салынды- дейді өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Дархан Халмұратов.
    Оқиға куәгерлері өрттің күштілігі сондай мейрамханамен көршілес үйдің сыртқы қабаты балқып кеткенін айтады. Мұны өрт сөндірушілер де растады. Ақтөбеліктердің арасында WhatsApp мессенджері арқылы тарап кеткен видеодан мейрамхананың екінші қабаты түгі қалмай жанып кеткендігін аңғару қиын емес.
    “Ланцелотпен” іргелес Ғарышкерлер тұйық көшесіндегі үш қабатты коттедж тұрғындары “биік дуал болмағанда біздің де үйіміз өртеніп кетер еді”-дейді. Өрт кезінде бұл үйдің терезелері сынып, дуалды бойлай өскен қылқан жапырақты ағаштары да жанған.
    Мамандардың алдын-ала болжамы бойынша, электр желісінің қысқаша тұйықталуынан шыққан. Қазір өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.
    Мейрамханадағы өрт 1,5 сағатта толық сөндіріліп болды. Жалын шарпыған аумақ 700 шаршы метр. Бұл биылдыққа тіркелген ең ірі дерек-дейді Дархан Халмұратов. Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, мейрамхана өртенген 20 маусым күні Ақтөбе қаласы бойынша 20 жерде өрт шыққан.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Божко: "Адемдегі" өрт талапты орындамағаннан шықты
  • Ескі қойма өртеніп кетті
  • Ормандар мен алқаптар ғарыштан бақыланады
  • Алматыдағы “Адем” СҮ өртеніп кетті
  • Жүргенов атындағы өнер академиясының ғимаратынан өрт шықты
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге