Мұнай компаниясының жұмысшылары уланып қалды

    Ақтөбе облысында 4 мұнайшы уланып қалды. Оларға о баста ішек ауруына шалдықты деген күдік келтірілген болатын. Бірақ, тиісті орындар оны жоққа шығарып отыр.

    Емханаға шағымданғандардың үшеуі - “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ тиесілі бөлімшелердің қызметкерлері. Ал біреуі «СНПС-АТК» ЖШС жұмыс істейді.
    Төтенше оқиға 22 маусым күні болған. “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмысшылар Жаңажол вахталық кентіндегі “Медикер-ПМ” ЖШС-нің дәрігерлік амбулаториясына таңғы сағат 6:10 мен 10:35 аралығында келген. Олар іштерінің ауырғанын айтып шағымданыпты.

    Науқастардың екеуі тұрғылықты жері бойынша қаралу үшін Мұғалжар аудандық ауруханасына, ал қалғандары облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілген. Алайда, Ақтөбеге жіберілген мұнайшылар амбулаторлық ем қабылдау үшін үйлеріне қайтарылды.
    Мұғалжар аудандық ауруханасының дәрігер-инфекционисі науқастардың бірінің диагнозын растаған жоқ. Қазір жұмысшы өндіріске оралды. Ал Мұғалжар аудандық ауруханасына жіберілген екінші қызметкер “ішек инфекциясы” диагнозымен ем қабылдап жатыр. Жергілікті дәрігерлер оларға “асқынған гастроэнтероколит” деген диагноз қойған.Алайда, мамандар мұны астан уланумен байланыстырып отырған жоқ. Айтуларынша, жұмысшыларға ауа райының қатты ыстық болуы әсер етуі мүмкін.
    Оқиға орнына облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің қызметкерлерінен құрылған арнайы комиссия барып келді. Жағдай қазір компания басшылығының қатаң бақылауында. Ал жергілікті эпидемиологтар қандай да бір мәлімдеме беруден бас тартып отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сот “СНПС-АқтөбеМұнайГаздың” өкілін ақтап шықты
  • Мұнайшылар қаржылық дағдарыстың зардабын тарта бастады
  • Ырғызда киік қырылып жатыр
  • Әскери қызметкерден ақша талап еткен мұғалжарлық сотталды
  • Қандыағаш сотының қызметкері “өзін-өзі өлтірген”
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге