Ақтөбеде еркектер бір –біріне СПИД жұқтырған

    

Ақтөбеде еркек пен еркектің бір-бірімен жыныстық қатынасқа түсіп, ауру тарататыны анықталды. Биыл тіркелген 25 оң нәтиженің 12 пайызы инъекциялық есірткіні қолдану арқылы тараса, 88 пайызы жыныстық жолмен берілген. Жыныстық жолмен жұқтырғандар қатарында қорғаусыз жыныстық қатынасқа түскен ер адамдардың жиі кездесетіні байқалған.

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

Бұл туралы СПИД-пен күрес күні қарсаңында ұйымдастырылған шара кезінде айтылды. Облыстағы ЖИТС (СПИД) орталығы алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева мұнда 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.

-        Бұдан 15-20 жыл бұрын пациенттердің шамамен 90 пайызы есірткі қолдану кезінде ине арқылы жұқтыратын еді. Қазіргі біз жүргізген есепке сүйенсек, имун тапшылығы синдромын жұқтырудың негізгі себебі, қорғалмаған, кездейсоқ жыныстық қатынасқа түсу,-дейді ол.

Негізінен ЖИТС 3 жол арқылы жұғуы мүмкін. Анасынан баласына (емізу кезінде, жатырда жатқанда), есірткіні ине арқылы тұтынғанда және жыныстық қатынас кезінде. Мамандардың айтуынша соңғы жолмен жұқтыру қауіпі  әсіресе ер адамдар мен ер адамдардың өзара қорғалмаған жыныстық қатынасқа түсуі кезінде басымырақ болады. Өткен жылы бұндай жолмен 11 ер адам ауыру жұқтырса, биыл 7 науқас анықталған.        

50-ден астам мед қызметкер қызмет ететін орталық АИТВ және ЖИТС ауруларының алдын алу үшін көптеген шараларды ұйымдастырып, науқастармен тығыз қарым-қатынаста болуға тырысады. Мектептің 8 сынып оқушылары арасында басталатын ақпарат тарату жұмыстары арнаулы және жоғары оқу, жұмыс орындарында өткізіліп, халық арасына дейін жетеді. Ал ЖИТС жұқтыру қауіпі жоғары есірткіні ине арқылы тұтынушылар мен секс қызметкерлеріне мамандар өздері барады.

       

  ЖИТС орталығында 1 стационарлық, 2 жылжымалы сенім пункіті бар. Оған қоса, жұқтыру қауіпі жоғары топтармен байланыс орнататын ерікті аутрич қызметкерлері де қолынан келгенше көмектесуде. Аутрич қызметкерлері аталған топтарға жататындар қатарынан алынады. Олар алдын ала дайындықтан өтіп, оқытылады. Кейін өз топтарына барып орталық қызметкерлерінің құпия түрде түсіндіру және алдын алу жұмыстарымен айналысатына туралы мәлімет беріп, кездесулер ұйымдастырады. Бірнеше жылдан бері өз қызметінде ысылған мамандар ЖИТС пен АИТВ жұқтыру қауіпі жоғары топтардың қай жерлереде шоғарыланатынан жақсы біледі. Айта кетейік, аталған процес толығымен құпия түрде жүргізіледі.

Облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева: – Мамандардың басы қатерге тігілген қауіпті жағдайлар болмады деп айта алмаймыз. Ауртич қызметкерлерінің атқаратын рөлі үлкен. Себебі, бұндай топтарға ену өте қиын. Бірақ еріктілерірдің, көп жылғы тәжірибесі бар мамандарымыздың арқасында мәселенің оңтайлы шешімін табуға тырысып келеміз. Тіпті ондай жағдай болған күннің өзінде мамандар өз жұмысына асқан сақтықпен, жауапкершілікпен қарайды. Барлық қауіпсіздік талаптары сақталады,-деді өз сөзінде. Орталық есірткіні не арқылы тұтынушылармен 30 жылға жуық уақыт жұмыс жасап келеді. Жұқтырудың алдын алу үшін спричтерді айырбастайды. Яғни, пайдаланылған инелерді арнайы контейнерлерге салып, көзін жояды да орынына жаңасын береді. Секс қызметін көрсетушілерге мүшеқаптар таратады.

 

Облыста тіркелген 655 адамның 551-і Қазақастан азаматтары. Облыс СПИД жұқтырудың ең төменгі деңгейінде, 17 орында тұр. Десе де бұл алдын алу шараларын тоқтауға болады деген сөз емес. Осы ретте, дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні қарсаңында орталық қызметкерлері ақтөбеліктер арасында сауалнама жүргізді. 375 адамды қамтыған сауалнама сұхбат түрінде адамдар көп шоғырланатын орындарда жүргізілді. Респонденттердің 73,6 пайызы  егер досы немесе танысы АИТВ жұқтырған болса оынмен қарым-қатынасын үзбейтінін айтса, 18,4 пайызы қарсы екендерін білдірді. Тұрғындардың 8% ұсынылған сұраққа жауап беруге қиналатынын жеткізді. 

Сауалнама нәтижесі АИТВ жұқтырған адамдарға тұрғындардың басым бөлігі оң көзқараспен қарайтынын көрсеткенімен әлі де АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды жақтырмайтынын байқауға болады. Теріс көзқарас тұрғындардың АИТВ-ның берілу жолдары туралы білім деңгейінде ғана емес,  қоғамда қалыптасқан психологиялық факторларға байланысты дейді мамандар.

СПИД-тен облыс бойынша 2020 жылы 2, 2021 жылы 2 адам қайтыс болған.

Керек ақпарат
15:36, 20 май 2022
753
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив