Велосипедші реанимацияға түсті

    Велосипедші  реанимацияға түсті

    Жергілікті полиция жол апатының куәгерлерін іздестіріп жатыр. Оқиға осыдан 8 күн бұрын болған. Көлік соққан 57 жастағы велосипедші содан бері ес-түссіз.

    Полицияның мәліметінше, оқиға 22 маусым күні сағат 21.20-да Қарғалы селосында болған.Қайдауыл батыр көшесі бойында “Mercedes-Bens” маркалы автокөлік жолды кесіп өтпек болған 57 жастағы велосипедшіге соғады. Нәтижесінде велосипедші жедел жәрдем ауруханасының сақтау бөліміне жеткізілді.

    Керек.info тілшісі зардап шеккен азаматтың жағдайын білмек болып ауруханаға хабарласқан болатын. Жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстановтың айтуынша, науқас хал үстінде жатыр.

    -Бас ми жарақатын алған. Миына қан құйылған. Ота жасап, ұйыған қанды алып тастадық. Әлі тілге келген жоқ,-дейді бас дәрігер.

    Жергілікті полицейлер осы оқиғаның куәгерлерін іздестіріп жатыр. Құрметті ақтөбеліктер, егер сіздер Қарғалы селосында велосипедшіге көлік соққанын көрген болсаңыз 51-49-13, 8775 687 51 58 немесе 102 номеріне хабарласуыңызға болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Маусымның соңына дейін аптап ыстық болады
  • Тұрғындар көлік апатына куә болды
  • Хромтауда жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысты
  • Жедел жәрдем жүргізушілері шу шығарды
  • Өгей әкесі өлімші етті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге