Жол апатынан 8 адам зардап шекті

    Жол апатынан  8 адам зардап шекті

    Ақтөбеде жол апатынан 1 адам қаза тауып, 7 адам зардап шеккен. Араларында 5 жастағы бала да бар.

    Оқиға 25 маусым күні “Самара-Шымкент” тас жолының 698 шақырымында Маржанбұлақ ауылының тұсында болған. Ақтөбеден шығып, Қобдаға бара жатқан екі “Lada Priora” жол бойын-да түйісіп қалады. Полицияның мәліметінше, 25 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан көлік қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір көлік жүргізушілері тергеліп жатыр.

    42 жастағы әйел сол күні 9 сыныпты бітірген ұлын оқуға түсірмек болып Ақтөбеге алып барған. Қайтар жолда көлік апатқа ұшырайды. Оқиға болған жерге жедел жәрдем шақырылып, зардап шеккен 8 адам ауруханаға түсті.

    Зардап шегушілердің ең кішісі 5 жаста. Сәби жол апатына ұшыраған анасымен және ағасымен бірге Ақтөбеден келе жатқан. Сәби ауруханадан 29 маусым күні шықты. Дәрігерлердің айтуынша, баланың басына зақым келген. Бет-аузы, аяқ қолы жарақаттанған.

    Ал оның бауыры 15 жастағы Өркен Құрақбаевтың жарақаты ауыр болғаны соншалық, дәрігерлер оны алғашында ересек адам деп ойлаған. Басы қазандай болып ісініп кеткен ұлын әкесі әрең танығанын айтады.

    -Жедел жәрдем ауруханасына барсам, 15 жастағы бала түскен жоқ дейді. Айтуларынша, жол бойынан ауруханаға отыздар шамасындағы жігіт түскен. Дәрігер сенбесеңіз, қараңыз деді. Барсам, бет-аузының сау-тамтығы жоқ. Тек иегінен ғана таныдым. Дәрігерлер оның 15 жаста екенін естіп, облыстық балалар ауруханасына ауыстырды,-дейді отбасы жол апатына ұшыраған Қойлыбай Құрақбаев.

    Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Сағидолла Пірімжарұлы Өркеннің ауыр халде жеткізілгенін растады. Жасөспірім бас ми жарақатын алған. Түскен күні басына ота жасалған. Қазір реанимацияда жатыр. Науқастың беті бері қарап келеді,-дейді ол.

    Осы жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан Бибізада Мұхайысованың денесі жер қойнына 27 маусым күні берілді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Велосипедші реанимацияға түсті
  • Тұрғындар көлік апатына куә болды
  • Хромтауда жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысты
  • Ырғызда жол апатынан 4 адам зардап шекті
  • Ырғызда жол апатынан 5 адам зардап шекті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге