Алғада ет өңдейтін комбинат салынып жатыр

    Алға ауданында жылына 7 мың тоннадан астам сиыр етін өңдейтін кешен құрылысы басталды. Құны 2,1 млрд теңгені құрайтын комбинат осы жылдың соңында іске қосылмақ.

    Алғада ет өңдейтін комбинат салынып жатқаны туралы “Керек.info” тілшісіне Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Нұрбол Аймағамбетов хабарлады.

    Комбинат “АкТеп” ЖШС тиесілі. Аталмыш серіктестік ірі қара мал басын көбейтумен айналысып келеді. Шаруашылық Ақтөбеде алғаш рет ет өңдеу комбинатын ашуды жоспарлаған. Өңдейтін технологиялар Еуропадан әкелінбек. Кешеннің құрылысы 2,1 млрд. теңге.

    Өнімнің 40 пайызы экспортқа шығарылса, 60 пайызы ішкі нарыққа жіберіледі. Жылына жеті мың тоннадан астам ет өндіреді,- дейді сарапшы Нұрбол Аймағамбетов.

    Ол үшін шаруашылық “КазАгроҚаржы” АҚ-нан 1,8 млрд теңге несие алған. Бұл заманауи кешен ет өңдеп қана қоймай, халыққа санитарлық талапқа сай мал соятын орын да ұсынбақ.

    “АкТеп” ЖШС 40 мың гектар шабындық жері мен жем-шөп кешені бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Алғада шопан өзіне өзі қол жұмсады
  • Биыл 2 млрд теңге жол жөндеуге жұмсалады
  • “Егінжай” бағдарламасы бойынша қаржыландыру басталды
  • Зауытқа 450 жұмысшы қабылданады
  • АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТ
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге