Жалақы қарызы - 110 миллион теңге

    Жалақы қарызы - 110 миллион теңге

    Мұғалжардағы “Темир-Сервис” ЖШС жұмысшыларына 110 миллион теңге қарыз. Кәсіпорында қызмет еткен 193 адам бір жыл бойы ешқандай ақша алмаған.

    Аталған заңсыздықты облыстық еңбек инспекциясы жоспардан тыс тексеру кезінде анықтады. Кәсіпорынға жалақыны төлеу үшін 2015 жылдың 26 наурызына дейін уақыт берілді.

    Соттың қарауы кезінде жұмыс беруші «Темир-Сервис» ЖШС-нің 193 жұмысшыға жалпы сомасы 110 054 053 теңге төлемегендігін анықтады. Алайда, көрсетілген мерзім ішінде мекеме қарызын өтемеген. Осыған орай сот “Темир-Сервис” ЖШС еңбек инспекторларының нұсқамасын орындауға міндеттеді. Яғни, төленбеген жалақы сот арқылы мәжбүрлі түрде өндіріліп алынады.

    Облыстық еңбек инспекциясының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы Талғат Исқариннің айтуынша, жұмысшылар 2014 жылдың қыркүйегі мен 2015 жылдың наурыз айы аралығында еңбекақы алмаған. Қазір кәсіпорынның жұмысшыларға төлеуі тиіс 20 миллион теңгеден астам қарызы бар. Жалақының қалған бөлігі толықтай өтелген.

    Мұғалжар ауданында орналасқан «Темир –Сервис» ЖШС жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асырады. Бұдан өзге Шилісай кенорнында фосфорит ұнын өндіреді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Үш мың адам “Жасыл ел” еңбек жасағына жұмысқа алынады
  • Қаржылық бақылау инспекциясының басшыларына үкім шықты
  • Парақор тергеуші 1,5 миллион теңге айыппұл төлейді

  • Ойылда 58 мал дәрігерінің еңбекақысы төленді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге