6 жастағы бала суға кетті

 

Алға ауданында 6 жасар бала суға батып кетті. Құтқарушылар кешкі 16:15 шамасында келіп түскен қоңырау бойынша Алға ауданы Есет батыр ауылынан 2 шақырым қашықтағы Тамды өзеніне жеткен.

Қайғылы оқиға орын алған жер суға түсуге арнайы жабыдықталмаған. Әрі жасөспірім ата-анасының қарауынсыз өз бетімен суға түсуге келіпті. Құтқарушылар 2, 5 метр тереңдіктен 6 жасар баланың өлі денесін шығарған. Ақтөбе облысының ТЖ Департаменті су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды еске сала отырып, мына ережелерге бағынуды сұрайды. Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысында 4 бала суға батып кеткен.

- алкоголь және есірткіге мас болған күйінде суға түсуге және шомылуға;

- суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сонымен қатар осы мақсаттарға арналмаған жарақтардан секіруге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда сүңгуге;

- жүзу шегінен аспау үшін қойылған белгілерден асып жүзуге;

- техникалық және ескерту белгілерін асып жүзуге;

- балалардың ересек адамдарсыз суға шомылуына тыйым салынады.

Әлеумет
11:40, 16 июль 2022
925
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив