Әншінің әжесі: Димаш – халықтың ұлы!

    Әншінің әжесі:  Димаш – халықтың ұлы!

    “Славянский базар-2015” халықаралық ән байқауында ақтөбелік Димаш Құдайберген өзге өнерпаздардан оқ бойы озып келеді. Байқаудың қортындысы әлі ресми түрде жарияланған жоқ. Бірақ, екі күннің қортындысы бойынша Димаштың үлесінде ең жоғарғы 175 ұпай бар.

    Әнші Димаш Құдайбергеннің Ақтөбе қаласында тұратын ата-әжесі Құдайберген Айтбаев пен Миуа Низамеддинова өткен түні қуаныштан көз ілмей шыққандарын айтады. Витебскдегі байқаудың хабарын қариялар интернеттен біліп отыр. Әрі Димаштың жанында жүрген ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтардан да жиі хабар алып тұр.
    Байқаудың алғашқы күні Димаш Құдайберген сахнада тұрып көпшілікке залдағы ата-анасын таныстырған болатын. Артынша Ақтөбеге телефон соғып “Мама, ол видеоны көріп қалдыңыз ба? Сценарий бойынша солай айтуым керек болды. Мен тек сіздердің балаларыңызбын” деген.
    Тұңғыш немерелері Димашты “кенжеміз” деп өсірген Құдайберген Айтбаев пен Миуа Низамеддинова бұл жолы ешқандай қызғаныштың болмағанын айтады.
    -Бұрындары әке-шешесінен қызғанатын едік. Бұл жолы түк қызғанымыз жоқ. Өнер байқауында топ жарған Димаш қазір біздің де, Қанат пен Светаның да ұлы емес. Ол – халықтың ұлы,-дейді Миуа Низамеддинова.
    Витебскде жүрген әнші Света Айтбаева да байқау алдында ұлына: -Димаш, сен қазақтың ұлысың! Әрқашан еліңнің, жұртыңның сенімін ақтау сенің басты міндетің! Біз саған сенеміз! Алға, биіктен көрін! Өзіңе бір Жаратқан жар болсын!-деген болатын.
    Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген "Славян базары-2015" байқауында жеңімпаз атанғалы тұрған ең алғашқы қазақ әншісі. Беларусь журналистерінің хабарлауынша, жас әншіні 20 мың долларлық сыйақы күтіп тұр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Студенттер Ақтөбенің танымал тұлғаларымен кездесті
  • Димаш Құдайбергенов "Славян базары" байқауына қатысады
  • Америкаға кеткен жігіттің өлі-тірісі белгісіз
  • Ақтөбеліктер Батырхан Шүкеновті еске алады
  • Интернетте фейк аккаунттар көбейіп келеді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге