Ақтөбелік ардагер ҰОС қатысқанын дәлелдей алмай жүр

    Ақтөбе облысы Байғанин ауданының тұрғыны Көпбай Тәжіғалиев ҰОС қатысқанын дәлелдей алмай жүр. Әскери комиссариаттың табалдырығын тоздырып шаршаған 89 жастағы қария сотқа шағым түсірді.

    Қазір Қарауылкелді ауылында тұратын Көпбай Тәжіғалиев ҰОС Ақтөбе облысының Темір қаласынан аттанады. 1944 жылы 92 қосалқы атқыштар полкына қабылданған ол Австрия, Чехословакия, Венгрия мен Польша жеріндегі әскери жорықтарға қатысып, түрлі наградалар да алған.
    Қарияның қолында әскери билеті мен РФ орталық әскери-теңіз мұрағатынан 2006 жылы алған анықтамасы да бар. Бірақ, бұл құжаттардың барлығында аты-жөні Купай Татжигалиев деп көрсетілген. Кейін төлқұжатын жаңартып Көпбай Тәжіғалиев болған қария ҰОС ардагерлеріне тиесілі жеңілдіктердің барлығынан қағылғандығын айтады. Байғанин ауданындағы атқарушы биліктің тізіміне Көпбай Тәжіғалиев тыл ардагері ретінде ғана тізімге алынған.
    -Ресейден келген архив құжаттарынының бірінде әкемнің есімі “Кутнай”, енді бірінде “Кунбай” деп қате жазылыпты. Бірақ, ҰОС соғысына қатысқан Кутнай да, Кунбай да емес. Менің әкем. Азан шақырып қойған аты - Көпбай. Әкемнің соғыс ардагері екендігін 10 жылдан бері дәлелдей алмай келеміз,-дейді ұлы Эдуард Тәжіғалиев.
    Байғанин ауданының тұрғыны Көпбай Тәжіғалиевтың шағымы бойынша азаматтық іс 24 шілде күні қаралуы тиіс.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Марал Қаржауов туралы естелік
  • Әлия музейіндегі ең құнды экспонат Ақтөбеге қалай жетті?
  • Астанадағы әскери шеруге қатысатындар белгілі болды
  • Әскери – техникалық мектептің есепшісі тұтқынға алынды
  • Сейітжан Төлемісов туралы естелік
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге