НАУРЫЗДЫ «ШАНХАЙЛЫҚТАР» ДА ТОЙЛАДЫ

    НАУРЫЗДЫ «ШАНХАЙЛЫҚТАР» ДА ТОЙЛАДЫ

    Наурыздың 21- күні Пожарский көшесіндегі №36 үй тұрғындары Наурыз мерекесін тойлады. Балалар жағы би билеп, ән салды. Ал, қыстан аман-сау шыққан үлкендер құшақтасып, төс қағыстырды.

    НАУРЫЗДЫ «ШАНХАЙЛЫҚТАР» ДА ТОЙЛАДЫ

    Мерекелік шараға елуге жуық адам жиналды. Аяповтар отбасы көже дайындаса, Зайрымбетовтердің балалары әннен шашу шашты. Көршілер қол күрестіріп, асық ойнады. Өнер көрсеткен қатысушылар құр алақан қалған жоқ. Оларға арнайы естелік сыйлықтар табыс етілді. Бата берген қарияға шапан жабылды.
    Гүлжаһан Елеукина, тұрғын:
    - Бұл үйге қоныс аударғанымызға 7-8 жылдай уақыт болып қалды. Осы уақыт ішінде бір-бірімізге ерекше бауыр басып қалдық. Биыл Жамал Нәдірқызы, Мира Қарынбаева, Еркін Жолдыбаева, Зафнон Шаменовалардың ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күнін аулада дастарқан жайып атап өтуді жөн көрдік. Амандық болса, келер жылы бұдан да әдемі етіп тойлау ойда бар.
    Мерекеде көзге ерекше түскен көше тұрғындарының бірі - Гүлжан Изматова. Оның қазақша үлгіде тігілген ұлттық киімі көршілерін таң қалдырды.

    НАУРЫЗДЫ «ШАНХАЙЛЫҚТАР» ДА ТОЙЛАДЫНАУРЫЗДЫ «ШАНХАЙЛЫҚТАР» ДА ТОЙЛАДЫ

    Ақерке САТЫБАЛДЫ

    Ұқсас жаңалықтар
  • Наурыз мейрамы тойланды
  • Жоғалған балалар котлованнан табылды
  • Ерікті жастар Наурыз мейрамымен құттықтады
  • ХҚКО мобильді тобы Көктауға барды
  • АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТ
  • Пікір

    ^ Үстіге