“BALA Turkvizyon–2015” байқауына әнші балалар іріктеледі

    Ақтөбеде “BALA Turkvizyon-2015” халықаралық байқауының кастингі өтеді. Оған 8 бен 13 жас аралығындағы балалар қатыса алады.

    Ұлттық іріктеу 18 шілде күні таңғы сағат 9:00-де Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда басталмақ. Байқау шартына сәйкес, қатысушылар кез-келген тілде жанды дауыста бір ән орындауы тиіс. Жас орындаушылар өздерімен бірге туу туралы куәліктерін ала келулері керек. Іріктеу турын ақтөбелік әнші Нұрболат Абдуллин өткізеді.

    Аймақтардағы іріктеу сайыстары 1 тамызға дейін жалғасады. Нәтижесінде Қазақстан бойынша 16 үміткер таңдап алынуы тиіс. Олар Алматы қаласына барып, үш апта бойы вокалдық, әртістік шеберлік пен хореографияны үйренеді.
    Ал қыркүйек айының соңында Астанада ұлттық іріктеу байқауының финалы өтеді. Жеңімпаз халықаралық “BALA Turkvizyon-2015” байқауында Қазақстанның намысын қорғауға мүмкіндік алмақ.

    Халықаралық байқаудың гранд-финалы алдағы күзде Түркіменстанда өтеді деп жоспарлануда.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ақтөбе” ФК эстониялық командамен кездеседі
  • Дельфий ойындары мәреге жетті
  • Ақтөбеде үздік отбасылар анықталды
  • Димаш Құдайбергенов "Славян базары" байқауына қатысады
  • Әлия Әшім – “Қазақ Аруы-2015“ байқауының жеңімпазы
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге