Автобустарда жол ақысы қымбаттамайды

    Автобустарда  жол ақысы қымбаттамайды
    Автобустарда жол жүру бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы “Керек.info” газетіне “Автопарк ” серіктестігі мәлімдеді.

    Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын кәсіпорын басшылығы автобустарда жол жүру бағасын 90 теңгеге қымбаттатынын баспасөз құралдары арқылы жариялаған болатын. Сондай-ақ, студенттер мен зейнеткерлер де 1 сәуірден бастап жолақы құнын толықтай төлейтінін айтқан еді. Мұның себебін олар жергілікті биліктің жолаушыларды жеңілдікпен тасымалдауға тағайындалған субсидияны бөлмей отырғанымен түсіндірген болатын. Айтуларынша, соңғы үш ай бойы аталмыш жеңілдіктер үшін жұмсалған шығынды компания өз есебінен жауып келген. Жұмысшыларының алдындағы жалақы қарызы өсіп, төлемдер мен салық шығындары 173 миллион теңгеге жеткен.
    Руслан ЖЫЛҚАМАНОВ,
    “Автопарк” ЖШС
    ресми өкілі:
    - Бұлай етуден басқа амал жоқ еді. Автобустарды тоқтатып қойсақ, халық жұмыстан да, оқудан да қалады. Бағаны қымбаттатуға ешкім де мүдделі емес. Оны жергілікті билік те жақсы түсінеді. Сондықтан қажетті субсидияны бөлді. Жол жүру бағасы бұрынғыша 55 теңге болып қала береді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Дәрі-дәрмек қымбаттамайды
  • Тәжірибесіз дәрігерлерге жұмыс бар
  • Ақтөбеде Түркия азаматтары сотталды
  • “Astana Arlans” тағы да жеңді
  • Ақтөбеде электр энергиясы арзандайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге