Аутизмге шалдыққан балаларға оңалту орталығы ашылады

Ақтөбеде «Қазақстан халқына» қорының бастамасымен «аутизм» аурулары бар балаларға арналған орталық ашылмақ. Бұл туралы брифингте мәлімдеген Әнуар Қонжар қазір ғимарат мақұлданып, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын айтты.

Өңірде 28 192  мүмкіндігі шектеулі адам тұрады, оның 4 631-і ерекше назар аударуды қажет ететін балалар. Көшеде, қоғамдық орындарда мүмкіндігі шектеулі жандар қозғалысының қиындығы әлі де жеңілдемей тұрғаны баршамызға аян.  Осы ретте, тамыз айында Қобда ауданы Егіндібұлақ ауылында 55 орындық оңалту орталығын ашылмақ. Ал ақтөбеліктер үшін «Есет батыр» шағын ауданында 150 орындық оңалту  орталығының  құрылысына 6,4 млрд. теңгелік жоба бекітілген. Сондай-ақ, Батыс – 2 мөлтек ауданында құны 2,1 млрд. теңгені құрайтын бір мезгілде 200 адам спортпен шұғылдана алатын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған  дене шыңықтыру – сауықтыру кешеннің құрылысы жүргізілуде.

Ақтөбе қаласында мемлекеттік тапсырыс аясында 16 жасқа дейінгі 450 балалаға арналған «Малика», 16 жастан жоғары 440 мүгедектіктері бар азаматтарға арналған «Ақтөбе Даму» ҚҚ», мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға арналған «Тең Қоғам» жобасымен "Бізбен бірге" ҚҚ оңалту орталықтары жұмыс жасап тұр. Оған қоса, жыл басынан бері  «Белсенді ұзақ өмір сұру» жобасы аясында 6 орталық іске қосылған.

- Бұдан басқа, арнайы әлеуметтік қызметтер үй күтімі жағдайында               441 мүмкіндігі шектеулі балаларға, 1 589 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге 18 бөлімше қызмет көрсетуде. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кедергісіз кіру үшін бүгінгі күнге  дейін 414 нысан бейімделді. Облыста жұмыспен қамту орталықтарына 516 мүгедектігі бар азаматтар жүгініп, 438 азамат  жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтамасыз етілді. Бұл  бағытта  236  кәсіпорындар мен ұйымдарда 809 мүгедектіктері бар азаматтарға квота белгіленді. Арнайы жұмыс орындарына 14 мүгедекті орналастыру үшін                        3,1 млн.теңге көлемінде субсидия бөлініп, бүгінгі күнге  3 арнайы жұмыс орны құрылып 846,0 мың теңге игерілді,- деп атап өтті облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының м.а Әнуар Қонжар.

Әлеуметтік қызметтер порталында мүмкіндігі шектеулі адамдар қызметтің 55 түрін ала алады. 7 932  адам техникалық оңалту құралдарымен және санаторлы-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етілген. Облыста 187 қызмет көрсету алаңдары ашылып, жұмыс жасап тұр.  Биыл облыста «Инватакси» қызметі - 832 ммкіндігі шектеулі адамның қозғалысына көмектескен. Ол үшін  65,1 млн. теңге жұмсалған.

 

Әлеумет
11:30, 21 июль 2022
1 019
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив