Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты

    Ақтөбедегі   қарттар  үйінен өрт шықты

    'Керек.info" газетінің архивінен

    Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты. Тілсіз жаудан зардап шеккен 85 жастағы кейуана қазір хал үстінде жатыр.

    Оқиға 25 шілде күні болған. Қарттар үйінің қызметкерлері өрт сөндірушілер келгенше, қызыл жалынды өз күштерімен сөндіргендерін айтады. Тілсіз жаудан 85 жастағы кейуана зардап шекті. ІІ-ІІІ дәрежелі күйік жарақатын алған ол қазір жедел жәрдем ауруханасында. Балалары бас тартқан әйел 2011 жылдан бері қарттар үйінің тұрғыны болатын.
    - Өрт әйел адамның астындағы төсенішінен шыққан. Денесінің 60 пайызын күйік шалыпты. Жағдайы өте ауыр. Қазір ес-түссіз жатыр. Беті бері қарауы екіталай,-дейді Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстанов.
    Қарттар мен мүгедектер үйі директорының міндетін атқарушы Сән Нұрышева да өрт шығу дерегін растап отыр. Оның айтуынша, өрт екі көзі су қараңғы кейуананың абайсыздығынан тұтанған болуы мүмкін.
    Құтқарушылардың мәліметінше, өрт шарпыған аумақ 7 шаршы метр. Қазір өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жеке үйдегі өрттен екі адам қайтыс болды
  • Жол апатынан 8 адам зардап шекті
  • Велосипедші реанимацияға түсті
  • Ырғызда жол апатынан 4 адам зардап шекті
  • Қарттар үйіндегілер бір-бірімен соттаса бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге