Саусақтар қысылған күн

    Саусақтар қысылған күн

    Ақтөбеде жасқа толмаған сәбидің саусағын ойыншық қысып қалды. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. Тап сол күні жүкті әйелдің де саусағын неке сақинасы қысып қалып, көмек көрсетілген.

    Саусағын ойыншық қысқан сәбиге көмектесу үшін жедел құтқару жасағының бес адамы аттанған. Бала 101 атқыштар бригадасы көшесіндегі 7-ші үйдің тұрғыны. Жасқа толмаған сәбиінің саусағы ойыншыққа қыстырылып қалғаны туралы ата-ана құтқарушыларға 27 шілде күні сағат 14:20 –да хабарлаған. Құтқарушылар баланың ісініп кеткен саусағын ойыншықтан жылдам алып шықты.

    Сондай-ақ, тап осы 27 шілде күні, кешкі сағат ондар шамасында ТЖД өз аяқтарымен келген ерлі–зайыптыларға да көмек көрсетілді. Аяғы ауыр келіншек ісініп кеткендіктен неке сақинасы саусағын қыса бастаған. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне құтқарушылардың өкілі Оксана Кичигина мәлімдеді. Оның айтуынша, неке сақинасы қатты қысқандықтан келіншектің саусағына қан ұйып қалған. Құтқарушылар жүкті әйелдің жанын қинаған алтын сақинаны кесіп алып тастады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 350 жүкті жасөспірім қыз Оңтүстік Қазақстанда есепте тұр
  • Жоғалған қыз бала табылды
  • Маусымда 14 адам суға кетіп қалды
  • Шалқарлық бала Елекке батып кетті
  • Ақтөбе облысында тасыған су тас жолды шайып кетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге