Қаржылық пирамидаларды құрғаны үшін 20 жылға сотталуы мүмкін

"Гарант 24 Ломбард", "Выгодный займ", "ESTATE Ломбард" қаржы пирамидаларының қылмыстық ісі бойынша сот жарыссөзі жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, аталған ұйымдар жәбірленушілерге 30 млрд. теңге залал келтіріп, Қазақстан бойынша 14 000-ға жуық адамды ақшасыз қалдырған еді.

         Ақтөбеде қаралып жатқан ең ірі қылмыстық іс бойынша жарыссөзде қаржылық ұйымды құрғаны және адамдарды алдап соққаны үшін Жанболат Есіркепов 20 жылға сотталуы мүмкін екендігі айтылды. Мемлекеттік айып тағушы тарап соттан филиал басшыларын 19 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Қылмыстық іс бойынша айыпталушылар ең азы 9 жылға сотталмақ. Сотталушылар орындығында 48 адам бар.

 

Құқық
12:00, 05 август 2022
1 151
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив