Ақтөбеде тостсыз той өтті

    Ақтөбеде тостсыз той өтті

    Ақтөбе өңіріне танымал тележүргізуші Қонысбек Терекұлы шаңырақ көтерді. Тілшінің тойы тостсыз өтті.

    Той тамыздың 1-і күні тілшінің туған жері Шалқар қаласында өтті. Тойға 300-ден астам қонақ шақырылған. Бірақ олардың бірде біреуі жиналған жұрттың алдына шығып, жас жұбайларға тілек айтқан жоқ. Тойда тек бір адам ғана сөз алған. Ол- жаңа құдаларды бастап келген азамат. Оның өзі ел алдында серіктерін таныстырумен ғана шектелген.
    -Тойдың түр-түрін көріп жүрміз. Қонақтар бірінің айтқан сөзін екіншісі қайталап тұрып алады. Жұрт та жалығады. Мен өз тойымның тостсыз өткенін қаладым. Ақ тілегін айтқысы келгендер “тілек бұрышындағы” микрофонды алып, арнайы камераның қызметін қолданып жатты. Біз оны міндетті түрде асықпай қарап шығатын боламыз. Бір байқағаным, тойда сөз берілмегеніне ешкім де ренжіген жоқ, - дейді жас шаңырақ иесі.
    Шалқардағы тойға арнайы барған жергілікті журналистердің бірі Алиса Аманова Қонысбек той үстінде сүйіктісіне өз әжесі, кейін анасы таққан алтын жүзікті сыйлағанын айтады. Оны растаған күйеу жігіт “Мен осы жүзікті біраз жылдардан соң Әйкеннің өз келінімізге таққанын қалаймын” деді. Айтпақшы, Қонысбектің сүйіктісі Айкен де тілші.
    Қонысбек Терекұлының тойы тостсыз ғана емес, ішімдіксіз де өткен. «Қонысбек осыдан 5 жыл бұрын жер астына киікотымен ысталған 150 литр қымыз көмген екен. Ішіне шикі қазы салынған қымызды тойдан бір күн бұрын қазып алдық. Бабымен сақталған қымыздың дәмі тіл үйіреді” дейді ерекше тойдың қонақтарының бірі , тележүргізуші Азамат Әбілқайыр.
    Тойдың тостсыз өтуі-Ақтөбе өңірі үшін таңсықтау жайт. Өйткені, Ақтөбеде тойға шақырылған қонақтардың тең жартысы міндетті түрде қолына микрофон алып, ұзақ-сонар сөз сөйлейді. Сөз берілмегеніне ренжіп, тоңтеріс мінез таныту да жиі кездесіп жатады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде мысықтардың көрмесі өтті
  • Қобдадағы той
  • Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл
  • Қобдадағы той
  • Үш әйелі бар азамат: Мен жаңалық ашқаным жоқ!
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге