Маскүнем меңгеруші есірткі сатқаны үшін сотталды

    Нашақорларға есірткі сатқаны үшін айып тағылған қойма меңгерушісі 16 жылға сотталды. Бұған қоса 44 жастағы Сейілхан Кенжеғарин түрмеде маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болды.

    31 шілде күні Ақтөбедегі арнайы медициналық жабдықтау базасының қойма меңгерушісіне қатысты сот үкімі шықты. Судья Ахметқали Молдағалиев оны мүлкін тәркілеп, 16 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, судья Сейілхан Кенжеғаринді маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеу қажет деп шешкен.

    Айыптау қорытындысына сәйкес, ақтөбелік өзі жұмыс істеген қоймадан 2014 жылдың 10 шілдесі мен 2015 жылдың 19 наурызы аралығында есірткі ұрлаған. Тергеу осы аралықта 1200 дана промедол мен 480 дана морфин қолды болғанын дәлелдеп шықты. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемеге келген шығын көлемі 123 мың теңгеге жуық. Сотталушыны 19 нау-рыз күні нашақорлардың бірі ұстап берді. “Helios” май құю бекетінің қасында қолға түскен одан есірткінің
    8 ампуласы тәркіленіпті.
    Кенжеғарин өз кінәсін толықтай мойындады. Айтуынша, есірткіге тәуелді ақтөбелік бірлесе ішімдік ішу кезінде оған есірткі сатуға ұсыныс жасаған. Тапқан пайдасын алкоголь мен букмекерлік кеңсеге жұмсамақ болған.
    Тергеу кезінде қойма меңгерушісінің маскүнемдікке шалдыққаны анықталды. Ол соңғы 7 жыл бойы аптаның 3-4 күнін бас көтерместен ішімдік ішуге арнаған. Алайда, оның бұл қылығына басшылары көз жұма қараған. Сол себепті судья лауазымды адамдарға шара қолдану жөнінде қаулы шығарды. Облыстық әкімдік маскүнем адамның неге ұзақ уақыт қойма басқарғанын анықтауы тиіс. Сондай-ақ, қылмыстық істі тергеуде өрескел кемшілік жасағаны үшін прокуратураға және сотталушыны жұмысқа алу кезінде дұрыс тексермеген ІІД де жеке қаулы шығарды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қойма меңгерушісі есірткі сатқаны үшін жауапқа тартылды
  • Есірткі сатпақ болған медбике сотталды
  • Есірткі сатқан комсомолдық тұрғын сотталды
  • Ақтөбеде есірткі шеккен әйел көлік жүргізген
  • Шалқарлық жігіт 22 жылға сотталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге