Қарттар үйінің тұрғыны қайтыс болды

    Қарттар үйінің тұрғыны қайтыс болды

    Денесінің 70 пайызын күйік шалған кейуана қайтыс болды. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Рақымжан
    Арыстанов хабарлады.

    Қарттар үйіндегі өрттен соң осы мекеме директорының міндетін атқарушы Сән Нұрышева “Керек. info” тілшісіне “Марияның жағдайы жақсы. Бүгін сорпа апарып бердік. Ауруханаға жеткенше сөйлеп жатты. Іштегі медбикелердің атын атаған. Денесінің 70 пайызын күйік шалды деген жалған ақпарат” деп жауап берген болатын.
    Жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстанов Мария Миняеваның ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілгенін айтады. Оның мәліметінше, қарттар үйінен жеткізілген пациенттің денесінің 70 пайызға жуығын күйік шалған. Екі күн бойы комада жатқан.Ешқандай нәр татпаған. Жағдайы ауыр болғандықтан тіл тартпастан қаза тапты,- дейді бас дәрігер.
    Еске сала кетейік, 25 шілде күні қарттар мен мүгедектер үйінде өрт шығып, 85 жастағы кейуана зардап шеккен еді. Кейуана тілге келмес-тен жедел жәрдем ауруханасында қайтыс болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты
  • Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты
  • Дәнекерлеуші өндірісте қаза тапты
  • Жол апатынан 8 адам зардап шекті
  • Велосипедші реанимацияға түсті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге