“Локомотив” кинотеатры өртенді

     “Локомотив”  кинотеатры өртенді

    Тілсіз жау Ақтөбедегі “Локомотив” кинотеатрының жұмысына кедергі келтірді. Электр сымының тұйықталуынан басталған өрт кинотеатрдың шатырына ұласқан. Бұл жөнінде облыстық ТЖД баспасөз қызметінің қызметкері Сәлима Төлегенова хабарлады.

    Оқиға 11 шілде күні түс ауа болды. Өрт сөндіру бөліміне қаланың ескі бөлігінде орналасқан кинотеатрдың жанып жатқандығы жөнінде хабар түскен.
    -Қоңырау сағат 16:39-да келіп түсті. 2 дәрежелі шақырту жарияланды. Оқиға орнына 33 өрт сөндіруші мен 9 техника жіберілді. Апаттық медицина орталығының қызметкерлері жұмылдырылды. Бұған қоса Елек полиция бөлімінен 21 адам мен 6 техника шақыртылды. Әуе қорғаныс күштері институтының мамандары да болды,-дейді Сәлима Төлегенова.
    Өрт кезінде кинотеатрдың ішінде болған 170 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Олардың арасында балалар жоқ. Тілсіз жау жарты сағаттың ішінде толықтай сөндірілген. Өрт шарпыған аумақ алаңы 4 шаршы метр. Өрттен зардап шеккен “Локомотив” кинотеатры бейсенбі яғни, 13 тамыздан бастап өз жұмысын жалғастырады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде дәмхана өртенді
  • Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты
  • ТЖД: “Ланцелот” электр желісінің қысқаша тұйықталуынан өртенген
  • ТЖД: Мейрамхана электр желісінің қысқаша тұйықталуынан өртенген
  • Ескі қойма өртеніп кетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге