Биыл жол құрылысына 4,3 млрд теңге жұмсалады

    Ақтөбе облысында жол құрылысына 4,3 млрд теңге бөлінді. Бүгінге дейін оның 1,4 млрд теңгесі игерілді.

    Бюджеттен бөлінген қаражатқа “Шұбарқұдық–Ойыл–Қобда – Соль-Илецк” бағытындағы автокөлік жолын қайта құру бойынша жұмыстар жалғастырылған.Сондай-ақ, бұл қаржының бір бөлігі Мұғалжар ауданы мен Ақтөбе қаласындағы 12 көшенің құрылысына жұмсалыпты.
    Хазретовка ауылына кіре берістегі көпірге кешенді жөндеу жұмыстары да жүргізілген. Қарғалы ауданындағы “Бадамша –Степной” автокөлік жолы мен Әйтеке би ауданының Ақтасты мен Толыбай ауылына баратын жолдар жөнделген.
    Жуырда облыстық маңызы бар 16 шақырымдық жол мен ауданға баратын жолдың 70 шақырымы жөнделмек. Бұған қоса елді мекендер мен Ақтөбе қаласындағы 30-дан астам көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
    Қазіргі таңда “Ақтөбе –Атырау” бағытындағы автокөлік жолын қайта құру үшін жобалық-сметалық құжаттарды жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жолдың Ақтөбе облысындағы ұзындығы 319 шақырым. Осы арқылы облыс әкімдігі ұзындығы 15 шақырымдық сүт зауыты маңындағы айналма жол арқылы өтетін автокөлік жолын қайта құруды жүзеге асыруды жоспарлауда. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжат жасау үшін облыстық бюджеттен қаражаттан ақша бөлінген.
    Архимед Мұхамбетовтың айтуынша, жоба “Ақтөбе–Атырау” жолынан республикалық бағыттағы “Ақтөбе-Ор”, “Самара–Шымкент” және “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” халықаралық көлік дәлізіне шығуға мүмкіндік береді.Құрылысқа қажетті материалдардың барлығы жергілікті құм мен тас карьерлерінен жеткізілмек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жол үш күнге жабылады
  • Ақтөбеліктер жылуға 100 млн теңге қарыз
  • “Батыс-2” ауданына жол салынады
  • Биыл 2 млрд теңге жол жөндеуге жұмсалады
  • Жол құрылысына 100 млн теңге бөлінді
  • Пікір

    ^ Үстіге