Ақтөбеде дәмхана өртенді

    Ақтөбеде дәмхана өртенді

    Ақтөбедегі “Беко”дәмханасы отқа оранды. Өрт сөндірушілер 8 адамды қауіпсіз жерге көшіруге мәжбүр болған. Бұл жөнінде “Керек. info” газетіне облыстық ТЖД баспасөз қызметінің қызметкері Сәлима Төлегенова хабарлады.

    “Беко” дәмханасы Ақтөбенің тұрғындар қалашығы ауданындағы базар маңында. Дәмхананың шатыры жанып жатқандығы жөніндегі хабар өрт сөндіру қызметіне 5 тамыз күні түн ортасында түсіпті. Бұл маңда сауда орындары өте тығыз орналасқан. Тілсіз жаудың таралу қаупі жоғары болғандықтан, оқиға орнына бір емес, үш бөлімнің қызметкерлері жіберілген.
    - Бізге хабар түнгі сағат 23:05-те
    түсті. Дереу оқиға орнына жеке құрамнан 25 адам мен 6 техника жіберілді. Бұл – ТЖД қарасты үш бірдей өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен көліктері. Қызыл жалын 1 сағаттан соң толықтай сөндірілді . Өрт шарпыған алаң 150 шаршы метр,-дейді Сәлима Төлегенова.

    Құтқарушылар дәмхана ішінен 8 адамды аман алып шыққан. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазір оқиғаның себептері мен келген шығын анықталуда.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Локомотив” кинотеатры өртенді
  • Жеке үйдегі өрттен екі адам қайтыс болды
  • ТЖД: “Ланцелот” электр желісінің қысқаша тұйықталуынан өртенген
  • ТЖД: Мейрамхана электр желісінің қысқаша тұйықталуынан өртенген
  • Ескі қойма өртеніп кетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге