Жапон зерттеушілері: Шалқар мен Аралдың шұбаты дәмді

    Ақтөбе облысындағы түйе фермаларын бірнеше күннен бері жапон мамандары аралап жүр. Шалқарға барып, түйе шаруашылығымен танысқан мамандар, енді қала аумағындағы алыс-жақын фермаларды араламақшы. Оларды қызықтыратыны – түйе малы мен шұбаттың дәмі.

    Жапониялық антропологтар көшпенді халықтың тұрмыс тіршілігін, сондай-ақ түйе малын зерттеуге кіріскен. Бір өркешті – дромадер және екі өркешті – бактриан түйелерін зерттеу үшін мұхит асып келген ғалымдар командасында бес адам бар. Зерттеушілердің айтуынша, қазақ жерінде қалмақ және қазақ түйелерінің саны басым. Сондай-ақ, будандастыру нәтижесінде шыққан бірнеше тұқым түрі кездеседі.

    -Біздің топ түрлі халықтардың этнографиясын зерттеумен айналысады. Біреуі – этнограф, бірі эколог, бірі түйенің даму тарихын зерттесе, тағы бір әріптесіміз үшін өнім сапасы қызық. Бізді түйе қызықтырады,-дейді жапондық зерттеушілердің бірі Ганзориг.

    Зерттеу тобының жұмысы үш жылға жоспарланған. Биыл екінші жыл қатарынан түйе шаруашылығын зерттеумен айналысушы топ өкілдері келер жылы да қосымша сараптамалар жүргізеді. Сараптама нәтижесін 2017 жылы жариялауды мақсат тұтып отыр.
    Бір өркешті түйенің сүті қою әрі майлы болса, екі өркешті түйе аса төзімді әрі ет пен жүнді көп мөлшерде береді. Еліміздің Батыс өңірінде осы екі тұқымды будандастырудан шыққан түйе түрлері көп. Зерттеушілердің бірі Nagoya Gakuin университетінің түлегі, антрополог ғалым Каору Имамураның сөзіне қарағанда, жапондық ғалымдар түйе өнімі мен оның пайдасын салыстыруға бел байлаған.

    -Зерттеу барысында біз сан мен сапаны назарға алатын боламыз. Аз мөлшерде сапалы, дәмді шұбат алған тиімді ме, әлде сапасы сәл төмен, алайда, мол шұбат алу тиімді ме? Осы сұрақтарға да жауап табуға тырысамыз,-дейді Имамура ханым.
    Өзімізге етене таныс шұбат мәселесін қозғаған мамандардан қазақы шұбаттың дәмін бағалауды сұраған болатынбыз. Оңтүстік Қазақстанда, Аралда және Шалқар қалаларында болып, шұбаттан дәм татқан шетелдіктер Батыс өңірінің шұбатын айрықша бағалады.

    -Шалқар мен Аралдың шұбаты дәмді әрі қою. Әрине, бұл біз дәмін татқандарымыздың арасынан ғана айтып отырмыз. Монғолияда да шұбат өнімі сатылады. Ол жақтың табиғаты бөлек болғандықтан, сүттің де сапасы бөлек. Енді Атырау, Ақтау қалалаларына барамыз. Ол жақтың да шұбатына баға береміз,-дейді зерттеушілер.

    Шетелдік мамандар енді Ақтөбе өңіріндегі түйе өсіруші екі фермаға ат басын бұрмақ. Шетелдік мамандарға жолсерік болып жүрген, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты Марғұлан Ықыласов та Ақтөбе өңірінің тумасы. Көлік, баспана бабын ұйымдастырып жүрген отандасымыз, Алматыдан бері қарай жапондықтарға жол көрсетіп келеді. Төрт күн облыс аумағында болуды жоспарлаған ғалымдар тобы, түйелердің қанын алып, ДНК сараптамасы үшін жинауда. Сараптама Жапониядағы лабораторияда жасалады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде ұлттық спорт фестивалі өтті
  • Шымкентте қымыз бен шұбаттан балмұздақ жасалады
  • Шыңғыс Шоқпытов түйе палуан атанды
  • Дипломды сатып алған “мұғалімдер” сотталды
  • Жайсаңбай ауылы ауыз судан қиналып отыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге