Вакцина салу кезінде ата-ананың рұқсаты керек

    1 қазаннан бастап қызылшаға қарсы егу жұмыстары басталады. Бұл туралы “Керек. info” тілшісіне қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Мұрат Мирманов хабарлады.

    Мұрат Мирмановтың айтуынша, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша 2015 жылдың 1 қазан айынан бастап 15-19 жастағы жасөспірімдерге вакцина салу жүргізіледі. Ол үшін мамандар қазірден бастап дайындалып жатыр.

    “Керек.info” тілшісіне облыстың бас педиатры Айгүл Күштаева ақтөбеліктердің осы жылдың ақпан айында 95 пайызы екпе алып үлгергенін айтты. Қалған бес пайызына ине қазан айында салынады.

    -Ақтөбеде 1130 балаға ғана екпе жасалады. Онымен 24 топ айналысатын болады. Егу жұмыстарын жүргізетін медициналық қыз-меткерлерді қосымша аттестациялаудан өткізбекшіміз. Талап - осы. Вакцина салу кезінде міндетті түрде ата-ананың жазбаша рұқсат қағазы керек,-дейді Айгүл Күштаева. Ол үшін дәрігерлер 1 қыркүйектен бас-тап мектептерге барып, оқушылар арасында ақпараттық жұмыс жүргізбек.

    Еске сала кетейік, қызылшаға қарсы егу жұмыстары осы жылдың ақпан айында басталған еді. Қазақстанның кейбір облыстарында қызылшадан зардап шеккен балалар тіркеліп, иммундау уақытша тоқтатылған болатын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Көлікті жабдықтауға полицияның рұқсаты керек
  • Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына айыппұл салынды
  • Ақтөбеде екі жүзден астам сәбидің іші өтті
  • Ақтөбеде елу шақты баланы кене шаққан
  • Прокурор: Суицидтің 85 пайызы толық емес отбасында жасалады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге