Қоқыс полигонынан шыққан түтін қаланың тынысын тарылтты

    Ақтөбеде 17 тамыздан бері күл-қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Қызыл жалыннан кейінгі түтін Ақтөбедегі онсыз да лас ауаны бүлдіріп, тұрғындарды тұншықтыра жаздады.

    Қаланың өнеркәсіп аймағында орналасқан күл-қоқыс полигоны тамыздың 17-інен бері өртеніп жатыр. Полигон жақтан түтін өткен дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбі күндері де шықты. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды өшіргендерін айтады. Алайда, бықсып жанған күл-қоқыстың иісі ақтөбеліктердің тынысын тарылтып тұр.

    Полигон “Таза қала” коммуналдық мекемесінің еншісінде. Қоқыс алаңының басшысы Жақсылық Нысанбаевтың айтуынша, шамамен 5 гектар жерді шарпыған өртті толықтай сөндіруге қатты жел кедергі.

    Бұл – жыл басынан бері қоқыс полигонының екінші рет отқа орануы. Ол кезде тұрмыстық қалдық төгілетін жерді қаңғыбастар өртеп жіберген еді. Бұл жолы өрт қоқыс алаңында жиналған метан газының әсерінен шыққан. “Таза қала” түтінді тез арада жоюға тырысып жатқандарын айтты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қалалық зиратқа қоршау қажет
  • “Таза қала - таза жағалау” акциясына қатысайық!
  • Заңсыз полигон жұрттың наразылығын тудырды
  • Ақтөбеде “Таза қала өзіңнен басталады” акциясы өтеді
  • Қала күл-қоқыстан тазартыла бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге