Адвокат: Мейіржан Өндіргеновтің денсаулығы нашарлап кетті

    Танымал кәсіпкер Мейіржан Өндіргенов тергеу изоляторында тағы бір ай отыратын болды. Осы аптада сот депутатты қамауға алу мерзімін қыркүйектің 30-ына дейін ұзартты.

    Мейіржан Өндіргеновтің адвокаттарының бірі Берік Жақыпов сот шешіміне наразы. Айтуларынша, қамауға алу мерзімін ұзарту үшін қандай да бір негіз болуы керек.
    Адвокаттар күдіктіні үй қамаққа алуды өтінген. Оған себеп - тергеу изоляторына түскен Мейіржан Өндіргеновтің созылмалы аурулары асқынып, денсаулығы нашарлап барады.

    Дегенмен сот адвокаттардың бұл өтінішін қанағаттандырған жоқ.
    Судья Зинаида Шмированың пікірінше, бостандыққа шыққан күдікті тергеуден қашуы немесе істің мән-жайын анықтауға кедергі келтіруі мүмкін. Депутаттың денсаулығының сыр беруі оның жазасын жеңілдетуге себеп емес. Оған тергеу изоляторында да медициналық көмек көрсетуге болады. Сол себепті судья қамау мерзімін тағы бір айға ұзартты.
    Прокурор Елубай Таласовтың айтуынша, бұған депутаттың үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты қосымша сараптамалардың тағайындалуы себеп болып отыр.

    Естеріңізге сала кетелік, Мейіржан Өндіргенов 1 маусымнан бері қамауда отыр. Бұрынғы әріптесінің шағымы бойынша ұсталған оған ірі көлемде ақша бопсалады және қорқытып-үркітті деген айып тағылды. Одан бөлек мемлекетке
    80 млн теңгеден астам шығын келтірді деген күдік келтірілуде.
    Осы аралықта сот шешімімен оның Астана мен Ақтөбедегі мүліктеріне және банктегі есепшотына тыйым салынды. Сондай-ақ, Мейіржан Өндіргеновке тиесілі мекемелердегі 644 көлікті сату мен айырбастау мүмкіндігінен айырды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Автопарк” даулы видеоны “арандату” деп атады
  • Мейіржан Өндіргеновті қамауға алу мерзімі ұзартылды
  • “Тұтқындағы депутаттың сыбайласы” Кузеевті қамау мерзімі ұзартылды
  • Мейіржан Өндіргеновтің Астанадағы мүлкі мен банктегі қаржысына тыйым салынды
  • Мейіржан Өндіргеновтің жеке мүлкіне тыйым салынды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге