“Туристік дүкен” өртенді

    “Туристік дүкен”  өртенді

    Ақтөбеде “туристік дүкен” өртенді. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

    Есет батыр көшесіндегі “Magic Travel” дүкені 30 тамыз күні өртенген. Құтқарушыларға хабар таңғы сағат 06:00-де түскен. Оқиға болған жерге 9 адам мен 3 техника жіберілді. Аталған дүкен 5 қабатты тұрғын үйдің 1 қабатында орналасқан. Өрт 6 шаршы метр аумақты шарпыды. Таңсәріде сол үйде тұратын 15 адам эвакуацияланған.

    “Керек.nfo” тілшісі 1 қыркүйек күні оқиға болған жерге барып қайтқан болатын. Нұрбол есімді куәгердің айтуынша, тілсіз жау №78 пәтердегі кеңседен шыққан.

    -Сол күні қатты салқын болды. Өрт сөндірушілер көлігінің дабылын естіп, шырт ұйқымыздан ояндық. Далаға үдере шықтық. Бұл кеңсеге адам көп келеді. Сыртында “туристік дүкен” деп жазулы тұр. Ішіне ешқашан кіріп көрген емеспін,-дейді осы үйдің тұрғыны Нұрбол.

    “Керек.info” тілшісі өрт шыққан пәтерге де бас сұқты. Табалдырықты аттағаннан-ақ түтіннің иісі қолқаны қабады. Қабырға қағаздары қап-қара боп кеткен. Соған қарамастан қызметін жалғастырып жатыр. Біз барған кеңсенің “туристік дүкен” сиқы жоқ. Кезекте тұрған қыз-келіншектер ішке қарай өткізбеді. Есіктен шығып бара жатқанымызда “гадалкадан шығып келесіздер ме?” деген ер адамның сөзін құлағымыз шалды.
    Қысқасы, өрт шыққан құпия кеңсе туралы құтқарушыларда да мәлімет жоқ. Олар бірер күндікте өрттің шығу себебін анықтаулары тиіс.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде дәмхана өртенді
  • “Локомотив” кинотеатры өртенді
  • Жеке үйдегі өрттен екі адам қайтыс болды
  • ТЖД: “Ланцелот” электр желісінің қысқаша тұйықталуынан өртенген
  • ТЖД: Мейрамхана электр желісінің қысқаша тұйықталуынан өртенген
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге