5/10/2018

    Өртенген өзбектердің Туыстары 150 млн теңгеден өтемақы талап етті

    Ақтөбе облысында автобус өртінен қаза тапқан өзбекстандықтардың туыстары сотқа моральдық шығын өндіру туралы талап қойды. Олар марқұм болған 52 адамның әрқайсысына 150 млн теңгеден өтемақы беруді сұрайды.

    5/10/2018

    Мүмкіндігі шектеулі 3 ақтөбелік Азия ойындарына қатысады

    Ақтөбелік спортшылар ІІІ Паралимпиадалық Азия ойындарына қатысады. Қазан айының басында жоспарланған жарыс Индонезия Республикасының Джакарта қаласында өтеді.

    5/10/2018

    Ақтөбеліктер атышулы косметологиялық орталықпен соттасуда

    Ақтөбеде анасы мен қызы “Self clinic” медициналық орталығын сотқа берді. Косметикалық фирмаға сұлу боламын деп барған олар өз аттарына несие рәсімдеп, шығынға батқан. Алайда әдемі болғысы келген зардап шегушілер керісінше косметологтардың өздеріне дұрыс қызмет көрсетпей, бет терісін бүлдіргендерін айтады.

    28/9/2018

    Ақтөбеліктер газдан уланып қала жаздады

    Ақтөбедегі 12 мөлтек ауданында газды ашық қалдырған отбасы ғимарат тұрғындарына қауіп төндірді. Абырой болғанда оқиға орнына жедел құтқару жасағы барып үлгерген.

    28/9/2018

    Ақтөбеде құтырма көп

    Ақтөбеде құтырма ауруынан 1659 адам көмекке жүгінген. Солардың ең көбі ит пен мысықтан жұққан. Соңғы 8 ай ішінде 1287 адам иттің тістеуінен зардап шеккен. Дегенмен қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің хабарлауынша құтырма ауруының эпидемиологиялық жағдайы өткен жылға қарағанда қолайлы дейді.

    28/9/2018

    Жат ағым өкілдерінің саны өсіп барады

    Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев өңірде жат ағым өкілдерінің саны көп екенін айтты.

    28/9/2018

    Балаларды жеке мектепке ауыстыру заңсыз

    Ақтөбеде орта мектептерде бала саны жылдағыдай артып, облыстық білім басқармасы балаларды жеке мектепке ауыстыруға шешім қабылдады. Дегенмен облыстық прокуратура бұл шешімді заңсыз деп түсіндірді.

    28/9/2018

    Барлық үй дайын болмаса қалаға жылу берілмейді

    Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі жылыту науқаны жақындап қалғанын ескертеді. Бұл туралы rikatv хабарлайды.

    28/9/2018

    Мектеп инспекторы оқушыны ұрды

    Ақтөбедегі №2 мектептің инспекторы оқушыға қол жұмсаған. Мектеп директорының айтуынша, тәртіп сақшысы мен жасөспірім арасындағы кикілжің ішкі тәртіпті сақтамаудың салдарынан туындаған. Оқиға 22 қыркүйекте болған.

    28/9/2018

    Татьяна Бурмистрова: Мен Ақтөбеге қарызбын

    Ақтөбеде өткен «Анаға тазыз» республикалық аналар слетіндегі кездесу барысында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Татьяна Бурмистрова өзінің ақтөбеліктерге әлі де қарыздар екенін бірнеше рет айтып өтті.



kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?


дауыс беру
Ауыл
^ Үстіге