Ақтөбеде көпір 1 қыркүйекке дейін жабылады

 Ақтөбеде Елек өзені арқылы өтетін көпір 1 қыркүйекке дейін жабылады. Оған себеп - күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі.

Назгүл ӘБЕТОВА

@nazgulabetova

Ақтөбе қаласындағы Елек өзені арқылы өтетін көпірге 17 шілдеден бастап күрделі жөндеу жүргізіледі. Соған байланысты автокөліктер үшін қозғалыс уақытша шектелетін болады. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көпір бетіне армура салынып, гидрооқшаулау, қорғаныс қабаты және асфальтбетон жабыны төселеді. Жұмыстар 1 қыркүйекте аяқталады.


Әлеумет
11:30, 17 июль 2023
1 343
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив