Шағын мейрамханаларға көңіліңіз толады ма?

    █ Жыл өткен сайын көшеден тамақтану үрдісіміз жиілеп барады. Қалтамыздағы қаражат жағын ойлайтынымыз тағы бар. Шағын мейрамханалардың кейбірінің бағасы қымбат болса, енді бірінің қызмет көрсетуі ұнамайды. Тіптен қанша жерден тамақты сынамайын десең де «дәмсіз» деген сөздің ауызыңнан қалай шығып кеткенін білмей қаласың. Кейбіріміз үлкен қалада тұрсақ та бағасы қолжетімді шағын мейрамханалардың қай жерде орналасқанын біле бермейміз.Бірақ бәрі қалтаның қалыңдығына келіп тіреледі. Сол себепті “Керек info” газеті бірнеше шағын мейрамханаларды аралап, зерттеу жүргізіп көрген еді. Қалада қай жерден тамақтанған тиімді? Мейрамхананың қызметі көңіліңізден шығады ма?

    Тамақ ішетін шағын мейрамханаларға барып, «тамағыңыз дәмсіз, қызметіңіз нашар, бағасы қолжетіміз» деп сын айтудан аулақпыз. Десе де қаладағы бағасы қолжетімді шағын асханаларды білгеніміз дұрыс деп шештік. Тазалықты сақтаған шағын мейрамханаларды біле жүргеніңіз өзіңізге артық етпейді. Әрине олардың атаулары әртүрлі болуы мүмкін. Мейрамхана, дәмхана, асхана, тез тамақтану орындары. Олардың атауы ғана емес, қызмет көрсетуі де әр түрлі. Сізді “Сапасы жақсы асханаларды қайтадан табуға болады?” деген сауал алаңдатса, онда зер салыңыз.

    Официант (даяшы) - ас кезінде қонақтарды күтіп алып, жайғастыратын адам. Көшпенді қоғамның моральдық-этикалық дағды, нормаларын жетік білетін даяшының басты міндеті - қонақтарға ас-тағам тартып, олардың жайлы отыруын қамтамасыз ету.

    Қазақтың етін «Жас отаудан» табасыз
    Құрылғанына 20 жыл болған шағын асхананың қала бойынша орындары көп. Түскі ас кезінде ішінде адам көп демесеңіз қазақтың етін осы шағын мейрамханадан таба аласыз. Түскі ас кезінде уақытыңыз ұзақ болса "Жас отауға" баруға кеңес береміз. Егерде аз уақыт ішінде үлгереміз десеңіз қателесесіз. Себебі бұл жақтың қызмет көрсететін офицанттары өте жай. Бәлкім адамның көптігінен үлгермейді деп ақтап алғымыз келеді. Дегенмен әр адам өз қызметін жақсы білуі керек. Қазақтың етінен кейін ыстық сорпасын және міндетті түрде тары мен шәйін ішуге мүмкіндігіңіз бар. Осындай тағам үшін бір адамның қалтасынан 1500 теңгедей қаражат кетеді. Ұлттық астан бөлек мейрамханада шетелдегідей арақ пен шарапқа да тапсырыс қабылдай береді. Патша көңіліңізге қарай іздегеніңізді осыннан таба аласыз.

    «Қаладағы халал
    асхана»
    Үлкен кісілер демесеңіз, жастардың барлығы «Евразия» деген шағын мейрамхананы біледі. Бағасы да қолжетімді кафенің көрсететін қызметі де жақсы. Өте жоғары деп бағаламасақта шағын кафенің жасайтын жеңілдіктері қуантады. Көп адам болсаңыздар қаламыздағы халал асханадан тамақтануға кеңес береміз. Ыстық тамақты да, жастардың сүйікті асына айналған суши мен доннерді де осынан таба аласыздар.

    «Мінсіз даяшы болу керек»
    - Студент үшін ең ыңғайлы жұмыс мейрамханаларда даяршы болу.
    Күнделікті жол шығының мен өзіңе алатын заттарың үшін қалтаңда ақшаң жүргенін қалайсың. Ата-анаңнан да ақша сұрау дұрыс емес. Сондықтан өз бетімізше күн көреміз. Даяшы болуды жай ғана қызмет түрі деп қабылдайтындар бар. Дегенмен ең керемет жұмыс даяшы болу деп мақтанышпен айта аламын. Аз ғана жас аралығында жасайсың. Сен 25 жасқа келіп даяшы болып жүрмейсің. Өз мамандығың бойынша жұмысқа кіресің. Сондықтан 4 жыл уақыт ішінде мінсіз даяшы болу керек. «Ой, бұл әншейін жұмыс қой» деп қарайтындар бар. Бәлкім олар басқаша ойлайтын шығар. Келген қонаққа қызмет көрсету, күліп қарау, сыпайы жауап беру үлкен жауапкершілік. Ең бірінші адамдар жейтін асына емес кірген кезде бізге назар салады. Біздің ұқыпты болумыз басты міндет. Талай адамнан ұрыс естисің. Бірде ренжисің, бірде күлесің. Кейде жұмысты салғырт жасайсың. Екі жыл ішінде көп нәрсені түсіндім. Үйрендім. Білдім. Алғашқы жылы Тайқазанда жасағанмын. Тапсырыс берушіге темекі сатылмайды деп айтамын деп ұрыс естігенім бар. Мен қателесіппін. Біздерге ешқашан «жоқ» деген сөзді айтпау керектігін сонда ғана білдім.Іздестіреміз, табамыз, сұрастырамыз,-дейді 17 жастағы студент Айсұлтан Абуов.

    «Ас мәзірінен керек тамақты таппай қаламыз»
    - Студенттер үшін қаладағы қолжетімді асханалар деп Тағам, Жастық, донер орындарын айта аламын. Қазір жарнамасы қызықты асханаға барсаң мәзірде көрсетілген тамақты таппай мазаң қашады. «Бітіп қалыпты, ондай тамақ жоқ екен, бұл кешегі мәзір еді» деген сөздер шаршатып жібереді. Бірақ студенттерде арасында қымбат жерлерге барып тұрады. Әрине, тамақтану үшін ғана емес әдемі фонда суретке түсу деген тәрізді ойымыз болады. Оны жасырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Аз дегеннің өзінде қалтасынан қомақты қаражатын жұмсап фудзи, кофейния тәрізді орындар таптырмас жер. Тек шығынға бас ауыртпасаңыз болды. Қымбат жерлердің қызмет сапасын айтпауға да болады. Әр жер сапасына қарай қызыметі де керемет. Өзімде 4 жыл қатарынан даяшы болып жұмыс жасадым. Неше түрлі қызықты жайттарға тап болатын едік. Алғашында 1500 теңгеден басталған еңбекақымыз 4000 теңгеге дейін жетті. Сабаққа ұйқым қанбай қалады демесек, даяшы болу - қызықты жұмыстардың бірі,-дейді студент Ақбота Берікқызы.

    P.S: Даяшы-мейрамхананың бет бейнесі. Дегенмен бүгінгі жастар осы жағына мән бере бермейді. Тырнағы боялмаған, шашы жиналған, киімі ұқыпты, қолында артық әшекейі жоқ болуы керек. Бірақ осы жағына ешкім мән бере бермейді. Тіптен той жасауға арналған мейрамханалардың өзінен де осыны байқамаймыз. Ұлдарды есептемегеннің өзін қыздардың қолындағы бояулы тырнағы, шашырап тұрған кекілдері мазаңды қашырады. Егер осы жағын байқасаңыз басшысына ескертулеріңізге құқықтарыңыз бар. Бірақ жай ескертемін деп істі ушықтырып алмаңыздар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қазақтың тойы қанша тұрады?
  • Ақтөбеде ет қымбаттады
  • Студент, халің қалай?
  • Дәмхана иесін мүгедек еткен даяшы сотталды
  • Той маусымы басталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге