Дмитрий Петрухин: Мен Қазақстанның туын 150 елге алып бардым

    Оның есімі әлемге әйгілі. Ол жер шарын айналып өткен адам. Ол 25 қыркүйек күні Ақтөбеге келіп, Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университет студенттерімен кездесті. Ол Ақтөбеге Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мотошеруді бастап келді. Ол - әйгілі байкер Дмитрий Петрухин.

    Алматыдан бастау алған шеру қырық күнге созылады екен. Бір ай дегенде Ақтөбеге де келіп жеттіңіздер. Қош келіпсіз!
    Рақмет! Ақтөбе бізді шайдай ашық аспанымен қарсы алды. Адамдары да ашық-жарқын екен. Құдайберген Жұбанов атындағы университеттің студенттерімен болған кездесуде қызықты саяхаттар мен есімде айрықша сақталған оқиғаларды әңгімелеп бердім. Саяхаттарымның кейбір видеоға түсірілген тұстарын үлкен интерактивті тақтадан көрсеттім. Жастың аты - жас. Асқан қызығушылықпен тыңдады. “Дмитрий Иванович, тағы бір сауалымыз бар еді” деп айналшықтап жанымнан шықпай қойды. Әр сағаты есептеулі адаммын. Сонда да жастардың көкейлеріндегі барлық сауалдарға жауап беруге тырыстым.
    Мен мүмкіндікті пайдаланып оларға өз елінің тарихын білуі қажет екендігін айттым. Біздің шеруіміздің мақсаты да - осы. Қазақ хандығының мерейтойын насихаттау. Қазақ хандығының 550 жылдығы кең көлемде тойланып жатқандығын әрбір қазақстандық білуі қажет.

    Мерейтойдың құрметіне ұйымдастырылған шеруге Алматыдан 10 байкер болып шықтық. Шеру Алматы қаласында басталды және 40 күнге дейін созылады. Байкерлер бір айдай жол жүріп келеді. Сапарымызды 9 қазан күні Тараз қаласында аяқтамақ ойымыз бар.Тараз қаласына жеткен соң күллі Қазақстанды шарлап шыққан көк байрақты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа табыстаймыз.
    Қазақ хандығының 550 жылдығы – ел тарихындағы аса маңызды дата. Өйткені, Қазақстан өзінің төл тарихын оқуға ұзақ уақыт бойы қол жеткізе алмаған ел. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін өзге державаларға деген кіріптарлықтан құтылдық. Сондықтан дәл қазіргі кезең өткенімізге көз жүгіртіп, болашағымызды бажайлау үшін аса қолайлы.

    Бұл сіздің бастамаңыз ба?
    Әрине! Бұл менің бастамам. Мен саяхатшымын. Қазақстанның туын бірге алып жүріп, 150 елге барып, 250 мың шақырым жол жүрдім.
    Жалпы Петрухин табиғатынан бастамашыл. Үнемі бір нәрсе істеп, тынбай жүреді. Мұның бәрі өз елімді, өз халқымды, өз менталитетімізді ұнатқаннан шығар. Осының бәрі маған қуат пен шабыт береді. Қазақстандықтардың менталитеті басқа халықтардың менталитетінен мүлдем өзгеше.
    Біз көпұлтты мемлекетте тұрамыз. Әрқайсымыздың өзіндік көңіл-күй, ерекшеліктеріміз бар. Алайда, бір үйдің баласындай тату тәттіміз.Жылдар бойы бірлікті сақтап келеміз. Маған осы татулығымыз қатты ұнайды.

    Сіз әлемге Қазақстанды танытумен келесіз. Өзіңіз насихаттап жүрген мемлекеттің тілін білесіз бе?
    Қазақша ма? Қазақшам анау айтқандай жетік те емес болар? Бірақ өте жақсы түсінемін. «Шын жүректен», «үлкен рақмет», «мерекеміз құтты болсын», «алға, Қазақстан» деп достарым мен отан-дастарымды шынайы құттықтап, ризашылығымды білдіре аламын.

    Сізге біреу қаржылай демеушілік көрсете ме, әлде сіз өз қаржыңызға саяхаттап келесіз бе?
    Қазір қаржыландырады. Бірақ жиһан кезе бастаған алғашқы бес жылымда шығынды өзім көтердім. Әрине, өте көп ақша жұмсалды. Ол үшін еш өкінбеймін. 150 мемлекетте болып, сондағы халықтың мәдениетімен тарихымен танысу бақыты бұйырғаны үшін өзімді шексіз бақытты сезінемін.

    Жиһанкездікке сізді не итермеледі?
    Егер менің жасым 25-те болса, мен ешқайда шықпас та едім. Жұбайым мен балаларымды қалай тастармын? Сондықтан мен өз арманымды 45 жасымда жүзеге асыра бастадым. Балалық шағымда Герберт Уэллс, Филимор Купер, Джек Лондон, Эрнест Хемингуэй секілді жазушылардың шығармаларын іздеп жүріп оқитынмын. Оқып қана қоймай, сол шығармалардың кейіпкерлеріне қиялыммен ілесіп, жер-жаһанды кезіп кететінмін. Бала күнімде әлемді айналып, Американы көріп, үндістермен бірге жанып тұрған алаудың қасында шала піскен ет жеп, би билеуді қатты армандадым. Бірақ, шынымды айтсам, бұл арманым орындалмады. Өйткені, ол жаққа барғанымда маған: «Егер сен 100 жыл бұрын келгенде ғана үндісті кездестіре алатын едің» деп айтты.Енді Австралияға баруды армандап жүрмін. Ол жердің аборигендерімен кездесіп, солардың өмірі мен тұрмысы жайында әңгімелесуді армандаймын.

    Сіз өз арманыңызға қол жеткізіп, көптеген елді араладыңыз, небір қызықты жайттарды бастан кешірдіңіз.Ал өзге елдердің байкерлік фестивальдарына қатысасыз ба?
    Білесіз бе, мен өзім сондай байкерлік фестивалдардың ұйымдастырушысымын. Мен көбінесе Африка, Латын Америка, Австралия мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне саяхаттаймын. Ол жақта мені жергілікті байкерлер құшақ жая қарсы алады. Мен үшін бұл ғанибет.
    Мысалы, Колумбиядан келе жатып, Эквадорға соқтым. Шынымды айтсам, бұрын Эквадор – тым артта қалған мемлекет деп ойлайтын едім. Бірақ ол жерде мені аса қымбат мотобайктерде отырған адамдар қарсы алды. Мұнымен байкерлер жоқ сияқты болып көрінетін мемлекеттерде де кәсіби байкерлік кездесулер болатындығын айтқым келеді.
    Бұйырса, көп ұзамай мен өзімнің мотошеруімді аяқтаймын. Содан кейін Қазақстанда мотофестиваль өткізбек ойым бар. Мен өз отанымды сүйемін. Және оның тірліктің барлық саласында жетістікке жеткенін қалаймын.

    Зайыбыңыз сізбен бірге саяхаттай ма?
    Жоқ. Мотоциклде мен өзім ғана отырамын. Кейде мен туралы видео түсіретін команда қасымда жүреді. Әйелімді алдап-сулап мотоцикл-ге бірнеше қайтара отырғызып көрдім. Қаламады. Мұндай кәсіпке мүлдем қарсы. Бірақ ол мені мақтан тұтатыны рас. Балаларым әлбетте, қолдайды.

    Сіздің жолыңызда қиындық кездесіп, артқа бұрылып кетуді қалаған сәттеріңіз болды ма?
    Мен өмір бойы, тіпті жолға аттанғанда да қиындықтарға қарамастан өз кәсібіме жан-тәніммен беріліп кеткен адаммын. Әрине, бұл зіл-батпан еңбек. Мотоциклмен бір күн жүргеннің өзінде әбден шаршап, үйіңе әрең жетіп, бірден төсекке құлайсың. Ал менде бұл тірлік күн сайын қайталана береді. Мен мотоциклмен жол апатына ұшырадым. Тұтқынға да түстім. Жер сілкінісіне де кез болдым. “Катрин”, “Сэнди” дауылдарында да болдым. Мен ол жаққа әдейі барған жоқпын, солай болып шықты. Соның өзінде мен өз кәсібімді сүйемін. Отанын, отбасын, кәсібін сүйген адам ғана ең бақытты адам.
    Бүгін түнде мен қонақүйде қонып шықтым. Өйткені, мен өз үйімдемін, Қазақстандамын. Ал шетелде мұндай жағдай жасалмайды. Далада түнеуің мүмкін. Кейде аш құрсақ жүресің. Бәрібір мен жиһанкездігімді қоя алмаймын.

    Сіз ұнатқан елдер?
    Алдымен маған қандай елдер ұнамайтындығын айтайын. Маған Америка ұнамайды. Өйткені, онда бәрі бар: жанармай құятын жерлер, қонақүйлер, түрлі дәмханалар толып жатыр. Сонымен бірге Авс-тралия мен Еуропа да ұнамайды. Онда да адамдарға жайлы жағдай жасап қойған. Ал Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Латын Америкасы десе есім кетеді. Міне, нағыз саяхатшы, нағыз жиһанкездердің жері. Алдыңда не күтіп отырғанын білмейсің: не сен жерде анакондамен бірге ұйықтайсың, не болмаса қолтырауынға толы өзеннің бойында түнейсің. Саяхаттың ең қызығы да осы.

    Сіз өзіңіз барған елдерде тілдік қарым-қатынас мәселесін қалай шештіңіз?
    Тілдік барьерге қатысты проблема жиі кездеседі. Сыртқа шыққанымда жергілікті тұрғындар менің шетелдік азамат екенімді бірден түсінеді. Мен оларға шала-шарпы ағылшын, испан, неміс тілдерінде есімімді, саяхатшы екенімді, тамақ жегім келетінін түсіндіремін. Кей жерлерде толық түсінісеміз. Қимас дос боп та кетеміз. Дегенмен көп жағдайда ым-ишара тілімен әңгімелесемін.

    Алдағы уақытта тағы да басқа мемлекеттерге баратын ойыңыз бар ма?
    Иә, мен Тәжікстан арқылы Ауғанстанға барып, содан кейін Бирма арқылы Малайзияға жетіп, кеме арқылы Австралияға жетуді ойлап жүрмін.

    Сіз әскери қақтығыстар болып жатқан жерлерге барасыз. Қақтығыстарды қалай айналып өтесіз?
    Өзімнің соңғы сапарымнан мысал келтірейін. Мен Танзаниядан Кенияға жүріп бара жатқанмын. Кенияда бірнеше жарылыс болды. Олар Сомали деген мемлекетпен жиі соғысады екен. Екі мемлекеттің арасында уақытша бейбітшілік орнағанда мен Сомали жаққа өтіп кеттім. Сөйтіп, мен екі апта Сомалиде болып қайттым. Айта кету керек, олар жиһанкездерге тиіспейді екен.
    Мен бір кездері Камбоджаның “қызыл кхмерлерімен” кездестім. Онда жетпісінші жылдары Пол Пот есімді диктатордың мемлекеттік төңкеріс жасағаны есіңізде шығар? Сөйтіп, кхмерлердің қалдықтары тауға қашып кетіп, қазірдің өзінде сонда тұрады. Мен есі дұрыс адам секілді тауды айналып өтіп, Лаосқа баруыма болатын еді. Бірақ мен қорықпай тауға көтерілдім. Мені сол жерде автоматпен екі ер кісі қарсы алды. Бір аптадай уақыт тұтқында ұстады. Бір аптадан кейін маған орыс тілінде сайрап тұрған өкілдерін алып келді. Әңгіме барысында оның РФ Челябинск қаласында оқығанын білдім.Тіл табыстық. Содан кейін екеуміз қол алысып қоштастық.
    Мұндай жағдай Шешенстанда да басымнан өтті. Онда мен Рамзан Қадыровпен кездестім. Олар біздің қазақтарды өте керемет қадірлейді екен. Мен ол жақта болғанда мені бір апта бойы жергілікті теледидардан қайта-қайта көрсете берді. Содан кейін бәрі Пятигорск арқылы жолға шықса, мен Дағыстанға аттандым. Олар да мені тоқтатып, ас-суларын тиеп, қалтама ақша салып қоштасты.

    Қай жерде дүниеге келдіңіз?
    Мен Тұңғыс метеориті құлаған жерде дүниеге келдім. Ертеде Сібірде шахта салынып жатты да, әке-шешем жұмыс бабымен Краснояр өлкесіне барады. Сөйтіп, мен де сол жерде дүниеге келген екем. Мүмкін тұңғыс метеоритінің құлаған орны Петрухиннің жер шарын айналуына әсер еткен де шығар. Содан кейін менің сәби шағымда Қарағандыға көшіп келіппіз. Бүкіл саналы өмірім Қарағандыда өтті. Он бір жыл бойы шахтада жұмыс істедім. Сондықтан мен өзімді қарағандылықпын деп санаймын.

    Сіз көптеген елді көрдіңіз. Қазақстанға ұқсайтын жерлер болды ма?
    Мен Чилиде болғанымда есіме біздің Алматы түсті. Өйткені, таулары, табиғаты өте ұқсас. Америкадағы Техас дейтін штат – аумаған Қазақстан. Тек ондағы сары жолақты түзу жолдары болмаса, қалғаны Қазақстанның табиғатынан айнымай қалған. Көзіме өте ыстық көрінді.

    Саяхат барысында этника-лық қазақтарды кездестір-ген жоқсыз ба?
    Кариб бұғазындағы Гватемала мен Гондурас елдерінде болып қайттым. Гватемалаға келгенде мен қазақ диаспорасын кездестірдім. Олар Қазақстанда ешқашан болмаған. Бірақ нағыз қазақтар. Мен оларға мемлекетіміздің туын сыйладым. Көздеріне жас алып, қатты риза болды.

    Әлемнің қай түпкірінде жүрсеңіз де аман болыңыз. Сұқбатыңызға рақмет!
    Сізге де рақмет. Қазақ хандығының 550 жылдығымен Ақтөбе өңірінің халқын құттықтаймын!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
  • Серік АҚШОЛАҚОВ: Мен науқас пен дәрігердің бір одақ болғанын қалар едім
  • Жаңалық АХАШ: Құдалыққа барудан қатты рахаттанамын
  • Асхат ТАРҒЫНОВ: Нигериялық Рич Димен дуэт құрмақшымын
  • Қажымұқан САТЕНОВ: Қайта туа қалсам, әскери өмірді таңдар едім
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге