Бақыт Айтова: Мен отбасы бақытын емес, өнерді таңдадым

    Ол – “Құрмет” орденінің иегері. “Тамаша” тарланы Құдайберген Сұлтанбаевтың “балдызы”. Қолында қос дипломы болса да, тоқсаныншы жылдары базарда ала дорба арқалады. Бала кезгі арманы әнші болу еді. Алайда, тағдыр оған 35 жыл театр сахнасында жүруді жазды. Отбасы бақытын емес, өнерді бұйырды. Ол - Тахауи Ахтанов атындағы драма театрдың әртісі Бақыт Айтова.

    Бақыт апай, Сізді халық театр әртісі ретінде таниды. Қай жердің тумасысыз? Өнер жолына қалай келіп едіңіз?
    Мен 1955 жылы Мұғалжар ауданының Ембі дейтін жерінде, қазіргі Жем қаласында тудым. Әкем зоотехник болатын. Совхоздан совхозға көшіп жүрдік. Әр мектепте бір оқыдық. 8 сыныпты бітірген соң Қызылордадағы М.Мәметова атындағы педучилищенің музыка бөліміне түстім. Оны 1974 жылы аяқтап, бір жылдай ауылдағы мектепте музыка пәнінен сабақ бердім. Сол кезде бір науқан болды ғой. Алматыдан келіп, өнерлі жастардың байқауын өткізетін. Мен облыстық турда жеңіске жетіп, театр және көркемсурет консерваториясына бардым. Сол жерде сахнадағы өнерімді көрген театр факультетінің меңгерушісі Рабиға Қанабаева “сен маған керексің, киноактриса боласың” деді. Мен әнші болғым келген. Алайда, вокал бөліміне қабылдау аяқталған екен. Ойландым. “Барсам барайын, мына кісі жабысып қоймай тұр ғой” деген ой келді. Ауылдың қызымын ғой. Қойдың, ешкі мен сиырдың даусын салып, шағын этюдтерді ойнадым. Сөйтіп, іріктеуден қиналмай өттім. Төрт жыл оқып шықтым. Халық әртістері Шолпан Жандарбекова мен Асанәлі Әшімовтен сабақ алдым. Оқуды бітірген соң тобымызбен Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы театрға бардық. Алайда, онда бір жыл істеп, қашып кеттім. Оңтүстіктің сөзі де бөлек, өздері де бөлек екен. Тіл табыса алмадым.

    Бір кездері талай әнші мен әртістің жұлдызын жаққан “Тамаша” театрында да жұмыс істедіңіз...
    Иә, Шымкенттен соң М.Әуезов атындағы академиялық театрға қабылдандым. Дипломдық жұмысым ретінде орындаған
    Қ.Шаңғытбаевтың “Беу, қыздар-ай” пьесасындағы Айсұлудың, классикадан “Еңлік-Кебектегі“ Еңліктің рөлін сахналадым. “Ромео-Джульеттадағы” Джульеттаның рөлін сомдадым. Сөйтіп, іріктеуден сүрінбей өттім. Осы театрда Құдайберген Сұлтанбаевпен әріптес болдым. Құдекең Аралдың жігіті ғой, мені “қарындасым” деп жақын тартатын. Әуезовте 10 жылдай жұмыс істедім. Құдайберген Сұлтанбаев пен Тұңғышбай Жаманқұлов алғаш “Тамашаның” сахнасына нағашы мен жиен болып шықты ғой. Сексенінші жылы Тұңғышбай Құрманғазының рөлін сомдау үшін киноға кетті. Театр жезде мен балдыздың қалжыңын сахнаға шығарғысы келді. Құдайберген мені Лұқпан Есеновке көрсеткен. Интермиядан үзінді ойнап, оны экранға түсірді. Худсоветке салды. Қатты ұялдым. Артық қимыл жасап, әсірелеп жіберген жерлерім бар екен. Ойнаған осылай болады екен деп, көзімді алақ-жұлақ еткізіппін. Сірә, қаттырақ ойнап кетсем, жылдам өтіп кетемін деп ойлағанмын ғой ( рахаттана күліп алды-ред.) Лұқпан Есенов сынады. “Үйреніп кетесің” деп жұмысқа алды. “Тамашада” 5-6 жылдай еңбек еттім. Арасында еңбегімізді дұрыс төлемегенім үшін кетіп қалған кезім де да болды. Лұқпан Есенов қайта шақырды.

    Өнер құрбандықты талап етеді. Шапқылап жүріп жеке өмірге де уақытыңыз болмаған шығар?
    Жеке өмірге еш уақытым болған жоқ. Репетиция, спектакль, одан қалды телевидение. Тіпті басты рольді сомдамасаң да, массовкаға қатысасың. Фильмді қазақша дыбыстауға да қатысасың. Өз басым Ресейдің 1-2 фильміне дубляж жасадым. Айлап гастрольде жүреміз. Бүкіл Қазақстанды, Қырғызстанды, Өзбекстан мен Тәжікстанды араладық. Сол себепті жолдасымнан ажырастым. Ол менің өнерімді түсінбеді. Екеумізде кикілжің, ұрыс-керіс көп болатын. Әрі адамда қызғаншақтық қасиет болады екен. Қызғаншақтық - ауру. Маған сондай жігіт тап болды. Бар болғаны бір жыл тұрып, “болашағымыз жоқ” деп ажырастым. Осылайша мен отбасы бақытын емес, өнерді таңдадым. Қазір ұлым бар. Балалы –шағалы. Банк саласында жұмыс істейді. “Киноактер болам” деген арманы бар еді. Қолымнан қайдан шығарайын? Қаңғып кетер деп ешқайда жібермедім. Екінші рет тұрмыс құрған жоқпын. Менің мақсатым бөлек. Сахнасыз маған өмір жоқ. Сахнаға шықпасам, ауырамын.

    Бір жылдары базарда да жүріпсіз. Тахауи театрының сахнасына кім көрінген шыға бастаған сол жылдары ала дорба арқалап кетуге не итермеледі?
    Тоқсаныншы жылдары тоқырау заманы болды ғой. Театрға көрермен келмеді. Жалақы жүрмеді. Жұрттың бәрі аңтарылып қалды. Елге кетуді ойладым. Бір жыл Павлодарда болдым. Театр директоры “үй алып берем” деп уәде еткен. Алайда, ол құрғақ сөз болып шықты. Сол жақта жүріп, күйеуге шықтым. Ұлымды босандым. Елге келсем, мұнда да қиын жағдай екен. Кіші сіңілім саудамен айналысатын еді. Ол Алматыдан зат тасыды. Мен оны орталық базарда тұрып саттым. Әуелгіде бет-аузымды тұмшалап, тек көзімді көрсетіп жүрдім. Алайда, Алматыға қатынап жүрген сіңілім “ Академтеатрдың әртістерінің бәрі базарда жүр. Бірі балық, енді бірі картоп сатып жүр” деді. Сосын мен де қысылуды қойдым. Ақтөбеліктер мені танымайтын. Сауда жасап жүрген шымкенттің әйелдері даусымды танып қалып жатты.

    Өкінген жоқсыз ба?
    Өнер ордасынан кеткенімде өкінген жоқпын. Бірақ кейін қатты өкіндім. Мүмкін, шамалы шыдағанымда болар ма еді?! Сол жылдары әкем қайтыс болды. Сосын шешем “ Бауырларыңа басшы бол!” деп шақырып алды. Біз 5 қыз, 1 ұлмыз. Ақтөбеге оралған соң үш жыл бойы академтеатр түсіме еніп жүрді. Ондағы әріптестерім де мені іздеген. Өйткені, мен ол жерде тек актриса ғана емес, ұйымдастырушы да болдым. Тағы бір өкінішім бар. Әнші болғанымда, консерваторияны бітіріп, шетелде жүрер ме едім деп армандап қоямын кейде.

    Әртістік қабілетіңізді күнделікті өмірде қолданған кезіңіз болды ма?
    Әрине, қолданамын. Әсіресе, бастықтардың алдына билет сатуға барғанда. Елу жасқа толғанымда Президенттен “Құрмет” Орденін алғанмын. Соны тағып аламын. Беделімді саламын. Орденімді көргендер, қайтарып жіберуге ұялады. Екі жүз, үш жүз билет алады. Әрі сауда жасадым. Қабілетім де бар ғой. (рахаттанып күліп алды-ред.) Кей жерлерге билет сатуға барсам, тыржиып, беттері умаждалған бастықтар отырады. Түрлері аянышты. Алдарындағы қағазбен бастары қатып отырады. Кірген бойда “түрі келіспей қалған екен” деп іштей жақтырмай қаламын. Бірақ үлкен бір мекемені ұстап отырған адам. Амал жоқ. Билетті өткізу үшін жарқын жүзді адамның рөлін ойнаймын. Қолын алып, амандық-саулығын сұраймын. Сөйтіп, бетін бері қаратамын. Театрдың арғы–бергі тарихын айтып, спектакльдың мазмұнына дейін айтып беремін. Тіпті сағаттап отыруым мүмкін. Қатайып отырған адам жібіп, билетті қалай алғанын білмей қалады.

    Театрда әртіссіз. Өмірде қандайсыз?
    Мен қой жылы туғанмын.Аздаған қырсықтығым бар.Ешкімді тыңдамаймын. Өз дегеніммен жүремін. Басыма қандай қиындық түссе де, қиналмаймын. Әрі кеткенде қиналу уақытым бір сағат. Содан кейін бәрін ысырып тастап, алға ұмтыламын. Алайда, тым сенгішпін. Бірде Нұрлыбек (Жұбатқанды айтады-ред) екеуміз Алматыдан “Тамашаның”
    20 жылдығынан қайтып келе жатыр едік. Қыс еді. Жолда Шалқарға соқтық. Сеп-семіз қойлар сатып тұр екен. Біреуін үйге алайын дедім. Әспеттеп, қапшыққа салдым. Ақтөбеге түскеннен кейін қарасам, үлкен қапшығым кішкентай пакет болып қалған. Содан Нұрлыбек “Бақыттың алған семіз қойы қоян болып шықты” деп мақала жазды. Сөйтсем, ол шалқарлықтардың қулығы екен ғой. Қойды үрлеп, сеп-семіз қылып, майлап қояды екен.
    Тағы бірде телефоныма біреу звондады. “Билет аламын” дейді. Қуанып кетпесім бар ма?!
    200 билетімді дорбама салып, әлгінің айтқан қонақ үйіне келдім. Жолда “қонақ үйі несі?” деп қоямын. Сөйтсем, мені алдап соққан. “Екі езудің” Берік Нұрмағанбетов деген актері екен. Мұндай мысалдар толып жатыр.
    2007-2008 жылдары кредит берді ғой. Тегін бергендей, тоғыз кредит алыппын. Тіпті кепілге қойған үйімнен айрылып қала жаздадым. Сіңлілерім мен күйеу балаларым көмектесіп, әзер жаптық. Еңбегім қайтып жатыр. Мен оларды оқыттым. Олар менің ұлымды үйлендірді. Менің жақсылығымды біліп жатыр.Өнерде болсын, өмірде болсын, адамда адами қасиеттің болғаны жақсы ғой. Ол сені өрге сүйрейді. Менің ұстанымым - осы.

    Сахнада жүргеніңізге 35 жыл болыпты. Әрі биыл 60-қа толыпсыз. Халық алдында есеп беретін кезіңіз келген шығар?
    Бенефисімді дайындап жатырмын.Театр директоры Нұрлыбек Жұбатқанның “Командос” деген сатиралық мега миниатюрасын қоймақпыз. Бір қоңыраумен бәрін орнына қоятын, қолында билігі бар әйелдің ролін сомдаймын. Бұйыртса, ақтөбеліктердің назарына 17 қараша күні ұсынамыз. Менің жасымда трагедия да, комедия да жасауға болар еді. Алайда, оны көрерменнің қалтасы да, деңгейі де көтермейді... “Командосты” көрген жұрт үйлеріне демалып қайтса деймін. Көрерменіме дағдарыс кезінде көрсеткен қолдауым сол болсын!

    Сұқбатыңызға рақмет! Сізге денсаулық пен шығармашылық табыс тілейміз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • ГҮЛСІМ ЮСУПОВА: КЛИП ТҮСІРМЕЙ-АҚ ТАНЫМАЛ БОЛДЫҚ
  • Асхат ТАРҒЫНОВ: Нигериялық Рич Димен дуэт құрмақшымын
  • Самат Данияров: Адамдарды жақсы көремін
  • Төрежан МӘНДІБАЙ: Шығармаларымның қазақ сатирасындағы орны бөлек
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге