Райса Байлиева: Жеңіске жетуімнің сыры қазы-қартада

    Ол - самбодан, дзюдодан бірнеше дүркін әлем чемпионы. Небәрі бес жылдың ішінде әмбебап күрестен екі мәрте әлем чемпионы атанды. Қоржынында жүзден аса медаль бар. Оның әрбір жеңісі – отбасы үшін үлкен той. Ол – полиция майоры Райса Байлиева.

    Райса, әлем біріншілігінен тағы да алтын алып, жүлдемен оралдыңыз. “Керек. info” ұжымының атынан құттықтауға рұқсат етіңіз. Жеңісіңіз туралы айта отырсаңыз?

    Әмбебап күрестен әлем біріншілігі 15-23 қараша аралығында РФ Медынь қаласында өтті. Оған әлемнің 39 елінен ең мықты деген спортшылар жиналған. Қазақстан құрамасының намысын 18 спортшы қорғады. Соның бірі – мен.
    Әлем біріншілігі аясында төрт кездесу өткіздім. Алғашқы күні Латвия спортшысын жеңіп, Венгрия мен Өзбекстан спортшыларымен белдесудің сәті түсті. Ал финалда әлемнің үш дүркін чемпионы, ресейлік спортшыдан басым түстім.
    Бұл жеңіске қызым Лиананың туған күні қарсаңында қол жеткізген болатынмын. Сондықтан жеңісімді көзімнің ағы мен қарасы Лианама арнадым. Ол жақында онға толды.

    Райса ханым, қырық жасқа толмай самбодан, дзюдодан бірнеше дүркін әлем чемпионы атанып үлгердіңіз. Жетістіктеріңіз өте көп. Бұл жолға қалай түсіп жүрсіз?

    Ақтөбе қаласында туып-өстім.Отбасында жеті ағайындымыз. Әкем өмірден тым ерте өтті. Тұрмысымыз мәз болған жоқ. Бізді анам жалғыз өзі арқа еті арша, борбай еті борша болып жүріп жеткізді.
    Тоқсаныншы жылдар жадымда мықтап сақталып қалыпты. Өте қиын кезең болатын. Жан бағу үшін түрлі кәсіп жасадым. Анама көмектесіп, базарда ұсақ-түйек саттым. Еден де жудым. Бір жолы мектепке баратын сөмкем болмай қиналғаным әлі есімде.
    Ойлап отырсам қаржылай қиындық көріп, қиналған сәттерім өте көп болыпты. Тап осы қиындықтар мені намысты етіп тәрбиелеген бе деймін. Бала күнімнен намысшыл, қайратты едім. Спортқа мектепте оқып жүрген кезімнен-ақ әуес болдым.
    Ал полицияға 1994 жылы орналастым. Бала кезімде “троллейбус жүргізушісі болсам” деп армандайтынмын. Әйелдер тек троллейбус айдайды екен деп ойласам керек. Қателесіппін. Әйел адамның қолынан көлік айдау да, әлем чемпионы болу да келеді екен.

    Спортта жүргеніңізге отыз жылға таяп қалыпты. Бапкеріңіз бар ма? Қиналған сәтте кімге арқа сүйейсіз?

    Үлкен спортта бәрі де болады. Сатқындық, аяғыңнан шалу. Армандарымның іске аспай, қиналған сәттерім де болды. Алайда, менің өмірлік ұстанымым – қиындықтармен күресе білу, мойымау. Бәріне төзіп келемін. Байқағаным, кім еңбек етеді, соған сәттілік серік болады екен.
    Жақында Мәскеуге жарысқа бара жатқанымда күтпеген жағдай болды. Әріптесім аяғымнан шалғысы келді. Жасымның ұлғайып қалғандығын айтып, сенікі бос тырбаң деді. Шынымды айтсам, психологиялық тұрғыдан соққы алып, сағым сынып қалдым. Сол сәтте жігерімді жанып, мені қайрап жіберген генерал Аблазимовке алғысым шексіз. Сол кісінің психологиялық қолдауы болмағанда жеңіске жетуім екіталай еді.
    Ал бапкердің жайына келсек... Осы кезге дейін менде дұрыс бапкер болмапты. Жақсы бапкерім болғанда дзюдодан олимпиада ойындарына қатысатын ба едім, кім білген?! Бірақ өмір жолымда жақсы адамдар өте көп кездесті. Олар жалғыз өзім қиналып тұрған кезімде қолдады, қорғады, ақылдарын айтты.

    2001 жылы Жапонияның Осака қаласына олимпиадаға лицензия қорғау үшін барған едік.
    Салмағым 61 келі болды. Мені жетпіс келі салмақтағылармен шығарды. Ауыр салмақтың аты - ауыр салмақ. Аяғымнан жарақат алдым. Ұшақтан ақсаңдап түстім. Сонда мені отбасым күтіп алды. Не керек, екі жыл спорттан қол үздім. Жаттыға алмадым. Дәрігерлер: “Аяғыңа операция жасау керек”,- деді. Мен қарсы болдым.
    Денсаулығым сыр берген кезде менің дәрігерім де, бапкерім де отбасым болды. Отбасым деп отырғаным – інім мен келінім. Аяғымның жарақатын қаздың, қойдың майымен ысқылап жаздым. Өз-өзіме келгесін, үйден жаттығу жасадым. Жүгіре бастадым. “Мен қалай да қиындықты жеңемін!” деп өзіме өзім серт бердім. Ақыры жеңдім. Қысқасы, менің жеке бапкерім деп ешкімді айта алмаймын. Қазір маған бапкер қажет те емес.

    Соңғы бес жыл ішінде спорттың әмбебап жекпе-жек түрімен айналыса бастадыңыз. Екі дүркін әлем чемпионы болдыңыз. Бәріне қалай үлгеріп жүрсіз?

    Қазір кімнің тіршілігі бар сол лайықты өмір сүретін заман. Қол қусырып қарап жататын кезім жоқ. Әр күніме кесте құрып қоямын. Таңертең міндетті түрде таңғы жаттығу жасаймын. Жүгіремін. Жұмысыма барамын. Аптасына екі рет боксқа, самбоға, күреске барамын. Мені кешкісін жаттығу залынан таба аласыздар.
    Әмбебап күрес – самбодан ерекше. Онда бокстың тәсілдері бар. Ату, пышақ лақтыру сияқты бөлімдерден тұрады. Сонымен қатар, Қарғалыдағы спорт мектебінде 8-12 жастағы балаларға самбодан, әмбебеп күрестен дәріс беремін. Өз білгенімді балаларға үйреткім келеді. Кім біледі, олардың арасында әлем чемпиондары да шығатын шығар.

    Менің ойымша, әр баланың бос уақыты болмауы керек. Кішкентайынан еңбекқорлыққа баулыған жөн. Кейбір ата-аналар баласының ынта-жігері болмаса да, “еті сенікі, сүйегі менікі” деп самбоға әкеліп жатады. Ол мүлде дұрыс емес. Балада ынта болуы керек. Өз-өзіне сенбеген, бірнәрсеге ұмтылмаған баланың болашағы жоқ.
    Қазақстанның самбодан 20 дүркін чемпионы жарысқа шыққанда өзімен бірге қазы-қарта, жал-жая алып жүреді дейді. Сол рас па? Жеңіске жетуге ұлттық тағамның қуаты да себепші болар.
    Дұрыс айтасыз. Жол жүрерде міндетті түрде өзіммен бірге қазы-қарта, жал-жая алып жүремін. Бұл менің он жылдан бергі дағдым. Басқа елдің шөп- шалам, бақа-шаян сынды тамақтарын жей алмаймын. Ұшынып қалған сәттерім де болды. Асқазаным үйреншікті ұлттық тағамды іздеді. Қазы-қарта маған күш береді. Жеңіске жетуімнің сыры да осы қазы-қартада.
    Әсемдік салонына қаншалықты жиі барып тұрасыз? Сізді үнемі иығына ауыр сөмкесін арқалаған күйіңізде көретінбіз. Қол сөмке ұстап жүргеніңізді бірінші рет көріп тұрмын.
    Қол сөмкеден гөрі ауыр сөмкені арқалайтын кездерім өте көп. Бүгін өзім де сәл-пәл ыңғайсызданып отырмын. Қол сөмке ұстағаным бар болсын! Менің затым емес сияқты. Ұмытып кететін кездерім көп. Дағды болмағасын қиын екен.
    Кез келген сәтте өзіммен бірге “Қазақстан” деген жазуы бар сөмкем болады. Аяқ астынан жиналып, заттарымды салып, жол жүріп кете беремін. Бәрі маған таңғалады. Тіпті, он жастағы қызым Лиананың өзі: “Анашым, неге сен кішкентай сөмке ұстап жүрмейсің?”-дейді.

    Ал әсемдік салондары туралы айтатын болсақ... Әрине, барамын. Бірақ уақытымның көп бөлігі әсемдік салондарында өтеді дегенім өтірік болар. Жаңа жылда, сегізінші наурызда, спорт күнінде әдемі болғым келеді. Ал үнемі боянып жүру – менің мамандығыма үйлеспейді. Бетіме бояу жағып алып, жаттығу залында жүргенімді елестетіңізші? Жүгіресің, секіресің, жаттығасың. Жаттығу залы боянып жүретін жер емес. Әлбетте, барлық қыз-келіншектер сияқты тазалыққа қатты мән беремін. Жарыстың алдында, жаттығу залынан шыққан соң әлсін-әлсін жуына беретінім бар. Косметиканы да қолданамын. Бірақ ол декоративті косметика емес.

    Республикаға, шетелге танымалсыз. Танымалдығыңызды пайдасы тиетін кездер бола ма?

    Жеке көлігім бар. Кейде жылдамдықты асырып, жаттығу залына асығып бара жататын кездерім болады. Ондайда жол инспекторлары: “Сәлеметсіз бе, сіз екенсіз ғой”,-деп жібере салады. Түсіністік білдіргендеріне риза боп қалатынмын. Танымал екенмін деп қасақана жол ережесін бұзатын кездерім жоқ.
    Бос уақытымда караокеге барып ән айтқанды ұнатамын. Неге екенін білмеймін, ескі әндерді жақсы көремін. Мен ескі әндерді айта бастағанда, залдағылардың көңіл-күйі бұзылатыны бар. Жастар жалт бұрылып, жақтырмаған сыңай танытып қарайды. Танығандар жаныма келіп, амандасып та жатады. Қарапайым халықтың ықыласын көргенде кәдімгідей риза болып қаламын.

    Кейбір тренерлер маған:“Жасың жетті. Спортты таста”,-дейді. Қай жерден, қай жарыстан келсем де, бір ай әрі-сәрі күйге түсіп, ойланып жүремін. Менің осы жүрісім дұрыс па?-деп ойлаймын. Бірақ сәлден соң “әлем чемпионы боламын” деп орнымнан қайта түрегелемін. Бәрін ысырып тастап, қайтадан жаттығу залына бет бұрамын.

    Отбасын құру ойыңызда жоқ па?

    Анам осыдан үш жыл бұрын дүние салды. Қайтыс боларының алдында:“Қызым, сенде бәрі бар. Енді отбасын құруың керек” деген болатын. Мен сонда анама:“Анашым, менің жолдасым, өмірлік серігім - Қазақстаным, көк туым”,- деп жауап бердім. Анамның жаны ауырмасын деген шығармын...
    Әрине, асылық айтқым келмейді. “Тұрмысқа шықпаймын!” деп те кесіп айта алмаймын. Бәрі уақыттың еншісінде. Мүмкін ол адам мені іздеп, таба алмай жүрген де шығар. Кез келген әйел сияқты менің де жаным нәзік, мен де отбасын құрғым келеді.

    Болашақ жоспарыңызбен бөліссеңіз?

    Ойлаған армандарым біртіндеп жүзеге асып келе жатыр. Соған шүкіршілік етемін. Ақтөбеде самбо жақсы дамыған. Енді әмбепап күресті дамытқым келеді. Шәкірт тәрбиелеп жүрмін. Бірақ өзімді спорт ардагері санамаймын. Керісінше жылдан-жылға қабілетім артып келе жатқандай.

    Адамның жасы нешеге келсе де өзін жан жақты дамытуды тоқтатпағаны жөн. Мен өзімді осылай деп қайраймын. Өзіңе өзің сенбесең, жеңіске жетуің қиын. Адам ең алдымен өз жүрегін тыңдап үйренуі керек. Өз басым жүрегімнің үніне құлақ түріп барып, іске кірісемін. Өкінішке орай, Ақтөбеде жақсы бапкер мен жақсы психологтар аз. Көптеген спортшылар осы тұрғыдан қиындық көріп жүр. Бірақ “анау жоқ, мынау жоқ” деп жыланып отыратын адамың мен емес. Менің басты мақсатым жеңіс, жеңіс, тағы да жеңіс.

    Сұқбатыңызға рахмет! Жеңісті күндерде жолығайық.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Үшкемпіров өз жейдесін ақтөбелік палуанға тарту етті
  • Қуаныш Мырза – шеберлер арасындағы әлем чемпионы
  • Азия чемпионатының екі алтыны Ақтөбеде
  • РаЙса Байлиева - алтын медаль иегері
  • Бахтияр Эюбов: Мақсатым – әлем чемпионы болу
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге