Рахымжан Арыстан: Дәрігердің өтірігі де пайдалы болуы керек

    Ол дәрігер ғана емес, суретші, бағбан және ұста. Ол адам жанының толқуын өз жүрегінен өткізе білетін маман. Ол ҚР денсаулық саласының үздігі, Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Рахымжан Арыстан.

    Рахымжан Келісұлы, қазір дәрігер көп. Бірақ адамның тәнін ғана емес, жанын да емдей алатын нағыз дәрігер бар ма? Жалпы дәрігер болу үшін адамда қандай мінез болу керек?
    Дәрігер болу үшін тірі жанды аяй білу қажет. Дәрігер болу оңай емес. Тірі жанды аямасаң, жанын түсінуге тырыспасаң, “дәрігер болам” деп шалабыңды шайқамасаң да болады. Мейірімсіз дәрігер – ең қауіпті адам. Шыбын жанын шүберекке түйіп, дертіне дауа іздеп алдыңа келген адамға жанашырлық таныта білмесең – дәрігерлік дипломыңның құны көк тиын.
    Бірінші кезекте науқас дәрігердің ем-домына емес, қабағына, мейірімі мен жан жылуына мұқтаж. Қабағыңнан қар жауып емдеген науқасыңа ем қонып, тез арада жазылып кетеді деу бекершілік. Сондықтан, бірінші кезекте дәрігер мейірімді болғаны абзал. Пациентке жаны ашып тұрған дәрігер – мықты маман. Ондай дәрігердің емі де тез қонады, абыройы да артады, адамдардың сеніміне де ие болады.
    Дәрігерлікке оқу оңай, дәрігер болу қиын. Жалпы, мейірімділік қай мамандыққа да қажет нәрсе ғой. Жанындағы тіршілікке жаны селт етпейтін адам – жыртқыштан да қауіпті. Ал ол дәрігер болса, тіпті қорқынышты.

    Сіз қандай дәрігерсіз? Қандай басшысыз?
    Дәрігердің бірінші міндеті – адамға көмектесу. Екінші міндеті – адамға көмектесу. Үшінші міндеті де адамға көмектесу. Бірақ біз де пендеміз. Бізде де пендешілік болып тұрады. Өз проблемаң басыңнан асып жатқанда, біреудің ауруын емдеуге мұршаң да, ниетің де болмай кететін сәттер кездеседі. Оны жасыратын несі бар?! Ондайда өзімді өзім тәубеме тез түсіре қоямын.
    Медицинада жүргеніме 35 жыл болды. Осы кабинетке аспаннан топ ете қалған ештеңем жоқ. Қатардағы санитардан бастап дәрігерлік қызметтің барлық сатысынан өттім. Тәжірибемді ауылдан бастадым. Қазіргідей қаптаған аппаратура деген атымен жоқ заманда ауыр науқастармен бетпе-бет жалғыз қалған кездерім көп болды. “Қайтсем де аман алып қаламын” деп жанталасқан сәттерім болды. Есесіне, дәрігерлік шеберлігім шыңдалды, білімім ұшталды. Қазіргі жас мамандар ауылға барғысы келмейді. Дайын әрі жылы жерде кіршіксіз аппақ халат киіп отыра қалғысы келеді. Бірақ ол өзіне зиян екенін білмейді. Маңдай термен, ауыр еңбекпен тәжірибе жинаған дәрігер қашанда сұранысқа ие. Ауылда дәрігер болғаннан жаман болған жоқпын. Науқастарым мен әріптестеріме сыйлымын. Дәрігерді дәрігер ететін – медперсонал. Біреудің артын жуып жүріп, табатындары 35 мың-ақ теңге. Өз басым сыйақы берудің сәті түссе, санитарларға, еден жуушыларға беремін. Өйткені, олардың еңбегі дәрігерлерден де зор.

    Сіз дәрігерлікке қалай келдіңіз?
    Бала кезімнен дәрігер болғым келді. Ауылдағы көршіміз, марқұм Жұмабай деген қарттың хирург ұлы болды. Бес-алты оқып жүрген кезім бе екен, әлгі Жұмабай ақсақалымыз әкемнің алдында “Мен енді өлмеймін. Ұлым - дәрігер, мені өлтірмейді” деп мақтанды. Баламын ғой, баласы дәрігер болса, әкесі мәңгі өмір сүреді екен деп ойладым. Өскенде қалайда дәрігер боламын деп өзіме-өзім іштей серт бердім. Мұнайшылар отбасында өмірге келген соң ба, анам мұнайшы болғанымды, әкем инженер болғанымды қалады. “Колхоз басқарасың, ауылда қалып еңбек етесің, басқарма бол” деп мені инженерлікке үгіттеді. Бірақ, бала кезден дәрігер болам деген мақсат бар, әкенің ақылын тыңдамай, дәрігер болдым. Әуелі әскерге бардым. Отан алдындағы борышымды өтеп келген соң, сақа жігіт болып оқуға түстім.

    Дәрігер болмағанда, басқарма болар ма едіңіз? Мамандығыңыздан басқа қандай нәрселерге қызығасыз?
    Жоқ, бәрібір дәрігер болар едім. Жалпы “жігіт сегіз қырлы, бір сырлы” болу керек. Қазақ жігітке осындай талап қойған халық. Қазақтың қай жігітін алсаңыз да, бойынан сегіз қыр да, түрлі сыр да табылады. Бірақ соны оятпайды. Адам өзін-өзі өмір бойы дамыту керек. Білуге, бірдеңе үйренуге үнемі тырысып жүрген адам қатарының алды болмаса да, баласына айтар ақылын жинап алады. Кітап оқу керек. Қазір техниканың заманы, компьютердің уақыты дейміз ғой, бірақ кітаптағы білімге дүниеде тең келер ешнәрсе жоқ!
    Тарихи кітаптарды өте жақсы көремін. Ислам қалай пайда болды, христиан діні туралы, көрші мемлекеттердің тұрмысы, мәдениеті туралы шығармаларды жақсы оқимын. Интеллект өсіру үшін, кез-келген сұраққа жауап беру үшін кітапты көп оқу керек. Құранды, Библияны, еврейлердің Талмут деген кітабы бар, міне осыларды оқыған пайдалы.
    Бала кезден еңбекке араласып өстім. Қазіргінің балаларындай қолымызға бір-бір смартфон ұстап, пицца жеп жатқан жоқпыз. Трактор айдадым, бос уақытымда сурет салдым.
    Әскерден келіп, оқуға түскен кезімде отбасым болды. Отағасылық міндет – бала-шағаны асырау үшін оқумен бірге жұмысты да бірге алып жүрдім. Қызыл диплом алған жоқпын, бірақ үшке оқыған адам емеспін. Темір-терсекке жақын болдым. Әлі күнге дейін жақсы көремін. Көлік, мылтық жөндеймін. Хобби емес, бос уақытымдағы ермегім десем болады.
    Гүл егемін. Бөлме гүлдерін жақсы көремін. Олар адамға позитив сыйлайды. Бөлме гүлдерінің аурасы мүлдем бөлек. Олардың ортасында 10 минут отырған адамда өмірге деген сүйіспеншілік оянады. Жаның тынышталады. Рухың тазарады. Гүлден бойға дәт аласың, жаныңа жылулық тарайды. Әйеліме ешуақытта гүл сатып алған емеспін. Өзіне арнап еккен гүлімді сыйлаймын. Гүлдерім – пациенттерім сияқты. Олардың қай жері ауыратынын, көңіл күйлерінің қандай екенін тап басып айта аламын. Және гүлдерім – менің мақтанышым. Бірақ, гүлдің күтімі өз алдына бөлек әңгіме. Оларды күтіп, баптаудың өзіне кәдімгідей уақытыңды бөлмесең, өлтіріп аласың. Ал дәрігердің тіршілік атаулыны әдейі өлтіруге құқы жоқ. Біз өмірді сақтап қалуға ғана тырысамыз, соған ғана ұмтыламыз. Гүл де тіршілік иесі. Оны үйімде өсірдім екен, демек оның өміріне де мен жауаптымын.

    Бір сөзіңізде діни кітаптарды оқимын деп қалдыңыз. Құдайға сенесіз бе? Дінге деген көзқарасыңыз қалай?
    Құдайға сенбейтіндей дәрігерлер адам емес пе? Мен хирургпын. Адамның ішкі құрылысын көзіммен көріп жүрген адаммын. Бірақ құдайға сенемін. Кішкентай кезімде әжемнің бауырында өстім. Бала кезімізден Құранның сүрелерін үйретті. Әкем арабша жазу білді. Төте жазудан да хабарым бар. Судыратып оқимын деп айта алмаймын. Бірақ өз аты-жөнімді жаза алатындай сауатым бар. Сол әжемнің айтып, құлағымызға сіңіріп кеткен тәрбиесі ме, әйтеуір Құдайға сенемін, сиынамын. Ешкім көрмесе де бір құдыреттің барына сенемін. Аллаға сену – сақал жіберіп, балақ кесу емес. Намазға жығылмадым. Бірақ, жүрегіммен бір Аллаға сенетінім өзіме аян. Бір құдыреттің бары ақиқат. Тылсымның бары рас.

    Осы орайда балшы, балгерлер, көріпкелдер туралы не айтар едіңіз? Олар адамды тылсыммен емдейміз дейді ғой? Аруақпен емдеу дегенге қалай қарайсыз?
    Емдемейді! Қателеспеу керек, балшы-көріпкелдер ешқашан ешкімді емдемейді! Кеше сантехник, бүгін санитар болып жүрген шарлатандар олар. Біздің халық дәрігерге емес, сондай шыққан тегі белгісіз біреулерге неге сенеді екен?! Біреу қойдың құмалағын керемет дәрі деп ұсынса, соған Құдайындай сенетін адамдар бар. Сарышаянның құйрығын ұнтап немесе кірпінің етін қуырып беретін емшілер бар. Бұл нәрселер ешуақытта ем болмайды.
    Қазір баспасөз бетінде түрлі емшілер өріп жүр. Кейбірі қазір ракты да, СПИД-ті де “емдеп” жатыр. Әруақ бар шығар. Құдайға сенетін адам әруақтың барына да күмән келтірмесе керек. Бірақ, тірі адамды тірі адам емдей алмай жатқанда, өлі әруақ қалай емдейді? Үйде отырып, іші пысып “мен емшімін” дейтіндер бар. “Сонау Тибеттің өзінен алып келген шөп” деп бір уыс жусанды ішкізіп, о дүниеге аттанып бара жатқан жерінен әрең аман алып қалған жағдай да кездесті. Ол бақсы Тибетке қашан барып келген, қалай барған? Қытайлардың өздері Қазақстанның шөбін теріп жүр емес пе?!
    Ақтөбеде есімі елге жайылған Қыдыр ата деген емші бар. Бұрынғы жолсерік... Есігінің алды қарақұрым халықтан көрінбейді. Біреуден естіп, сеніп барған ел ешкімнің ақылын тыңдамайды. Не дерсің мұндайда?! Тәжірбиеме сүйеніп қана сөйлей аламын. Емшілердің алдынан денсаулығын әбден ақсатып келген науқастардың көбі қайтыс боп кетіп жатыр.

    Демек, медицинаның да емі қону үшін адамға алдымен сенім керек дейсіз ғой?
    Тап солай. Сенім – ұлы нәрсе. Адамның бойында өзін өзі емдей алатын бір құдырет бар. Бір адамға “көзің қыли” деп қақсай берсең, күндер өте әлгі адам шынымен қыли көзге айналады. Қазір қарамағымда 800-дей адам жұмыс істейді. Оның 200- і дәрігер. Палатаға кіргенде адамның түрі қандай болса да, оған дәрігердің “сенің бүгін өңің қашып кетіпті” деп айтуға құқы жоқ. Көзінің алды көлкілдеп, өзі әрең отырса да, науқасқа “бүгін жағдайыңыз жақсарған екен, жүзіңіз жайнап тұр” деу керек. Бұл өтірік, әрине. Бірақ бұл пайдалы өтірік. Яғни, дәрігердің ең аяғы өтірігі де науқасқа пайдалы болуы тиіс. Міне, осы кезде науқастың сенімі оянып, өзін өзі емдей бастайды.
    Бақсыға баратын адамдар да осындай. “Бақсының алдына барсам жазыламын” деген сенім балгерге бармай тұрып оянады. Содан кейін ағза өзін өзі емдей бастайды. Дертімен күресе бастайды. Бұл- адамның психологиясы. Дәрігерге сеніп келсең , жазыласың.
    Дәрігер барлық уақытта жылы сөйлеу керек. Науқастың қандай дерті болса да, жасырмай айтуы керек. Мысалы, бізде қатерлі ісікке шалдыққан адамнан диагнозын жасырамыз. Ол дұрыс емес. Адамды құртатын -уайым. Өз бойында қандай дерттің барын білмей, күдікке жем болған науқасқа ем қонбайды. Сондықтан, адамды әрі-сәрі күйге салмай, дәрігер бірден анығын айтқан дұрыс. Онда да “Сен раксың. Ажалыңды күт” деп емес, “Бойыңда осындай ісік бар. Бірақ ол емге көнеді” деп адамның жігерін жану қажет.

    Қазір адамдар қандай аурумен жиі ауырады?
    Остеохандроз, аллергия және мигрень. Қазір адамдардың көбі осы дерттермен ауырады. Остеохандрозбен ауыратын себебі, бұрынғыдай қозғалыс жоқ. Аллергиямен ауырмайтын адам кемде кем. Мигреньді дәрігерлер “қызғаншақ әйелдің ауруы” деп әзілдеп атайтыны бар. Өйткені, бас сақинасымен әйелдер жиі ауырады.
    Сосын қазір адамдар өзіне өзі диагноз қойып, емдеуге құмар. Кеуде тұсы шаншыса “оҺ, жүрегім” дейді де, жүрегін емдеу үшін түрлі шөп тұнбаларын іше бастайды. Сөйтіп, мүлдем басқа, сау органдарын зақымдап, өлуге шақ қалғанда дәрігерге келеді. Сөйтсе, жүрегі де, басқа да емес, қарапайым остеохандроз болып шығады. Жалпы, адам өзін-өзі сыйлауы қажет. Өзін өзі сыйлайтын адам ешуақытта даладан ем іздемейді. Міндетті түрде дәрігерге келеді. Сондықтан, науқастарға үнемі айтып отырамын, адам өзін өзі сыйламаса, оны ешкім сыйламайды. Дәрігерге дер кезінде қаралу керек. “Тауыққа жемді кім салады, сиырды кім сауады?” деп дәрігерге бармай жүргенде, өліп қалса тауығы да, сиыры да әдірам қалмай ма? Тағы да қайталап айтайын, денсаулығыңызға немқұрайлы қарамаңыз.

    Әңгімеңізге рақмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысына 100-ге жуық дәрігер қажет
  • Болат Дженалаев: Мен үшін ең үлкен сыйлық – науқас баланың ауруынан айыққаны
  • Серік АҚШОЛАҚОВ: Мен науқас пен дәрігердің бір одақ болғанын қалар едім
  • Балаш ТҮСІПҚАЛИЕВ: Дәрігер болмағанымда, жақсы қойшы болар едім
  • Самат Данияров: Адамдарды жақсы көремін
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге