Қайнар Алагөзов: Ағаларыма теріс жағымнан көрініп қалған сияқтымын

    Суреттер Қайнар Алагөзовтың жеке архивінен алынды.

    Ол бар болмысымен өлеңге айналып кеткен адам. Ол қазақ эстрадасында хитке айналған бірнеше ән мәтінінің авторы. Ол – “Жүрсіннің жүйрігі” атанған айтулы айтыскер ақын. Ол – Қайнар Алагөзов.

    Мен өзім Ақтөбенің Қайнары едім,
    Үйленбеген кезімде бойдақ едім.
    Әзілдеп сөйлегенде жүректері
    Ауыратын адамдарға пайдалы едім.
    Әр жерден «Мен мұндалап» қойыңдаршы,
    Ем іздеген ел жұртым қайда менің?-деп халқын жанұшырып іздейтін ақын ұлды елі де іздеп жатыр. Қазір қайдасың, Қайнар?

    Қазір Алматыдамын. Той жүргіземін. Өзімше “жақсы асабамын” деп ойлап жүрмін. Күн көрістің қамы ғой. Бірақ Шалқарымды қатты сағындым. Ауыл деген рақат екен ғой. Мұнда келіп, кәдімгідей есейдім. Басыма талай таяқ тиді. Адамның бәрі бауырмал емес екенін енді ұғып келе жатқандаймын.

    Ел алдында жүргесін аяқтан шалушылар, қастандық ойлаушылар көп болатыны шындық. Көптің ішінде бәрі бар. Өзің де айтып отырсың, адамның бәрі бауырмал емес екен. Осы орайда бір сұрақтың басы қылтияды: дұшпандарың көп пе?
    Адамның бәрін жақсы көремін. Елдің бәрін өзімдей көріп, мені де бәрі жақсы көреді деп сенемін. Мұндай ниетім барда, қайдағы дұшпанды айтасыз?! Бірақ... Көп ағаларыма теріс жағымнан көрініп қалған сияқтымын. Не үшін? Неге? Нақты себебін білмеймін... Қолымнан келгенше елпілдеймін ғой. Анда-санда ішкенде... Шектен шығып кететін болсам керек. Өзімнің кінәм, демек. Мендегі ағаның бәрі- нар! Солай...

    Расымен, өте қарапайымсың. Жұлдыз ауруына шалдықпай жүруіңнің себебі неде?
    Қарапайым болмайтындай кім едім?! Қазақтың қарапайым, қара домалақтарының бірімін. Азды-көпті абыройым мен танымалдығымды елемеймін де. Оның жалғыз себебі, мен атақ, ақша тұрмақ, тірліктің де баянсыз екенін білемін. Мен үшін ешқандай жағдай, ешбір дүние адамның көңілін қалдыруға тұрмайды.

    Айтыста үнемі ұтқыр ойлар, ерекше сөз тіркестерін қолданасың. Тіпті соған қарап, өмірде еш қайғысыз, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ адам екен деп те ойлайды ел. Шын Қайнар қандай? Өзіңе бір сөзбен қандай мінездеме берер едің?
    Елден ерек артықшылығым жоқ. Өзіме бір сөзбен мінездеме беру қиын. Екі сөзбен берейінші: аумалы-төкпелі. Кәдімгі қара баламын ғой. Алла таңдайыма өлең салып, маңдайыма ақындық тағдырды жазған екен. Талайымнан асып қайда барам?! Ақын болмаймын десем де, жыбырлап ақын болып қоя берем (күлді - ред) “Ақынға қара сөзден өлең оңай” дейді ғой, бұл сұрағыңызға “Менің өмірбаяным” деген өлеңімді оқып берейінші?

    Құлағым сенде.

    Аты-жөнің?
    - Алагөзов Қайнармын.

    Әкең бар ма?
    - Бар еді ғой, жайдарлым.

    Қазір қайда?
    - Қара жерге тапсырдық.
    Қайрылмасын түсінген соң қайғы алдым.

    Анаң бар ма?
    - Бар. Сенерім сол менің.

    Алладан не тілемейсің?
    - Өлгенін.

    Не тілейсің?
    - Пенде бар ма мәңгілік,
    Көргеніндей қылсын, енді көрмегін.

    Кім еді атаң?
    - Көкен шалдың ұлымын.
    Шегірткеден көп Шектінің бірімін.

    Бауырларың?
    - Отбасында үшеуміз.
    Бір ағам бар, мен ортаншы, бір інім.

    Үйлендің бе?
    - Хас сұлуға үйлендім.

    Әйеліңді сүйесің бе?
    - Сүйгенмін.
    Алғашқыда жүрек дүрсіл қағатын.

    Ал қазір ше?
    - Сәл де болса, үйрендім.

    Қанша адаммен сыйласасың?
    - Жетеді.

    Достарың кім?
    - Аян, Құрал екеуі.

    Олар кімдер?
    - Сазгер, бойдақ біреуі.
    Біреуі ақын, он жетіден некелі.

    Ет жеймісің?
    - Қазақпын ғой, шырағым.
    Өз ұлтымның ұлы болу ұраным.

    Қазақ саған не береді, ұланым?
    - Біртүрлі екен сұрағың.

    Сен қазаққа не бересің?
    - Жанымды.
    Арым үшін, уәдемде тұрамын.

    Халық арасында “ақын деген қияли адам” деген стереотип қалыптасқан. Өзіңді қияли адаммын деп санайсың ба?
    Иə, ақындар қияли келеді ғой. Мен де сол топтанмын. Бірақ өзімді жиі “оятып” тұруға тырысамын. Және өте ұмытшақпын. Бес жүзге жуық ұялы телефон жоғалттым, автокөлігімді барған жерде ұмытып, үйге таксимен қайтып кеткен кездерім көп болды. Жоғалған киім, əмиан, жеке куәлікте есеп жоқ! Осының бəрі қиялдың жетегінде жүріп тындырған шаруаларым. Бізде мақсат басқа, арман Ұлы! Содан да болар, күйбең тірліктің күйкі шаруаларына көп көңіл бөле бермейміз. Шын ақынның бәрі сондай. Ол үшін ақынды жазғырудың немесе күстаналаудың қажеті жоқ-ау... Әдейі жасайын демейді. Түсіндіру қиын. Бірақ қияли екеніміз рас. Ақынның бір жақсы қасиеті – ешкімге болмасын демейді. Біз ақындар, бәлкім біреудің жамандығына, жанымызды осып кетердей күйесіне мән бермей өте шығуымыз мүмкін. Бірақ сол қылығыңыз өлең болып алдыңыздан шықса, таң қалмаңыз.

    Ақын деген жалпы күрделі ұғым ғой. Соңғы уақытта ақындардың өзін жазба ақындары және айтыс ақындары деп екіге бөліп жүрміз. Сенің ойыңша, айтысты поэзия деп атауға бола ма? Айтысқа шығарда алдын ала дайындаласың ба? Айтыстың ерекшелігі неде? Саған ақындық өнер кімнен дарыған деп ойлайсың?
    Бір түсінгенім- айтыс басқа, əнге өлең жазу басқа, поэзия мүлде бөлек! Айтыс шумақтары ойға құралса, поэзия сезімнің жемісі. Əннің тексі нəзік сөздерден құралады. Айырмашылығы осында. Айтыс – суырып салма ақындықпен қоса, үлкен жауапкершілікті, терең білімді талап ететін, ұлттың теңдессіз, ақсүйек өнері. Барлық айтыскер дайындықта жүруі тиіс. Алайда, өзім «молданың істегенін істеме, айтқанын істе» демекші, көп айтысқа дайындықсыз барамын. Соның нәтижесінде жеңілістің ащы дəміне таңдай үйреніп барады. Алдағы уақыттарда осы қателіктерді жөндеп, ақтөбеліктерді жерге қаратпасам деймін. Ақындығым қай жұртыма тартқанын білмедім. Әйтеуір, қайын жұртымнан еместігі анық. Əкемнің арқасында анамнан тудым ғой, екеуінің де үлесі мол. Ал поэзия... Тұп-тұнық сезім ғой! Адам жанының жазба нұсқасы. Мөлдірейді ол, маңайын махаббатқа, нәзік иірімге бөлейді. Жалпы екеуі де қазақ өлеңінің қос қанаты. Менің түсінігім солай дейді.

    Қазір ел арасындағы көптеген хит әндердің сөздерінің авторы екеніңді білемін. Бұл әндердің мәтіндері тапсырыспен жазыла ма? Мәтін авторы ретінде гонорар аласың ба? Жалпы, өлең сатып көрдің бе?
    Өлең сатайын десем, бір шумақ өлең сатып алуға ақшасы жететін бай жоқ жер бетінде. Сондықтан тегін жазамын. Тегін емес-ау, елден бата алып жүрмін осы əндер үшін. Бағасын халық беріп жатыр. Елдің ықыласы мен сенімі үдесінен шыға білсем, халық көтерген биіктен құлап кетпесем деген мақсатым бар. Осы мақсатқа жұмыс жасап жүрмін.

    Өміріңде тәубәңа түсірген және қатты өкіндірген, шын жылатқан оқиға болды ма? Қатты қуанған сәтің есіңде бар ма?
    Өкінішті сəттер болған. Елеп-ескеріп айтарлықтай емес. Шын жылаған да кезім болды. Оны да қазір еске алғым келіп тұрған жоқ. Қаншама заман өтіп кеткеннен кейін “сөйтіп едім” деп сорамды ағызып отырғаным жігіттігіме сын болар. Ер жігіттің басына нелер кетіп, не кетпеген?! Өтті-кетті! Айтыстан алғашқы жүлдеге қол жеткенде қуанғаным рас! Бірақ ол кезде менен гөрі анам қатты қуанды. Мен соған қатты қуандым.

    Сатқындық көрдің бе?
    ХХІ ғасырда сатқындық көрмедім десем, өтірік болады. Сол адамдар сатқындығы арқылы бақытты болған болса, онда сатқындық әрекеттері де текке кетпегені. Демек, бір пайдамның тигені. Бірақ сатқындық көрмей-ақ қойған жақсы ,негізі. Адамға деген ұлы сенімнің көбесі сөгіліп кетеді ғой... Алла жақсы жандарға жамандық көрсетпесін.

    Әңгімеңе рақмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 80 жыл
  • Айтыстың дүлділдері Ақтөбеге келді
  • ТАЛ ТҮСТЕ ТАЯҚ ЖЕДІМ
  • Аян СЕЙІТОВ: Менің барым да, нарым да – айтыс
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге