Үмбетбай УАЙДИН: Сылдырлаған медалім болмаса да, алғыстан құралақан емеспін

    …Айтып, айтпай не керек,
    Үмбетбай деген бұ кісі,
    Қазақ деген халықтың
    Құдай берген ырысы.

    деп Оспанхан Әубәкіров жырлағандай, ол қазақ сатирасының негізін салушылардың бірі. Оған ессіздіктің бәрі жат, әрі жағымпаздануды білмейді. Сырт көзге қой аузынан шөп алмас, момақан болып көрінгенімен, “Арада” жүріп талай “шекелерді тызылдатқан”. Ол ешқашан атақ-даңқ қуған емес. Ол уытты өлеңдерімен көрермен жүрегіне жол тапқан сатира саңлағы – Үмбетбай Уайдин.

    Үмбетбай аға, күлкі әлеміне қалай келдіңіз?
    Жетінші класқа дейін ананы-мынаны мылжыңдап ұйқастырғаным болмаса, өлең деген құдірет қаперіме де кірген емес. Ырғызда оқитынмын. Ол кезде мектепте қабырға газеті шығатын. Балалар сол қабырға газетіне үймелеп жатыр екен. Мен де бардым. Қолтығына қысып алған дәптері шашылып, бір бала қашып бара жатыр екен. “Үмбетбай Уайдин, сабақтан екі аласың. Екілікті жоймасаң, Орныңда биыл қаласың” деп жазыпты. Оны кластасым, татар баласы Тухватуллин жазыпты. Екеуміз ренжісіп, тіпті төбелесіп те қалдық. Ашуымыз біразға дейін тарқамады. Ақыры әрі ойланып, бері ойланып Тухватуллинге арнап менде мазақ өлең шығардым. Бір қызығы, сол өлең “Ұлы күш” деген атаумен аудандық “Колхозшы” газетіне жарияланды. “Қазақстан пионеріне” салған суреттерін жіберіп, мен алған хатты кейін Тухватулин де алды. Содан екеуміз “Қазақстан пионері” газетінің редакциясын жарысып өлең жазып жүрдік. Сөйтіп жүргенде екеуміз дос боп кеттік.
    Бала кезімнен кітаптарды көп оқитынмын. Бір жағынан кітапқұмарлығым, екінші жағынан Тухватуллиннің намысыма тигендігі қатты әсер еткен болу керек, аяқ астынан “талантым” оянды.

    Сатирик болмағанда кім болар едіңіз?
    Бала кезімде армандарым көп болатын. Ұшқыш, танкист те болғым келді. Әскерге баратын кезде генерал болғым келген. Генерал болмақ түгілі, ефрейтор де бола алмадым ғой.

    Күндердің бір күнінде сол кездегі бір журналдың бетінен боксер Ескендір Хасановтың суреті басылған мақалаға көзім түсіп, әлгіні қайта-қайта оқып шықтым. Қиялыма қанат бітірді. Оны оқып шыққан соң, енді боксер болуды армандап шыға келдім. Армандағаннан не пайда, ондай оқу ол кезде біздің ауданда атымен жоқ. Тағдырдың айдауымен сегізінші класс оқитын жылы Шымкенттен бір-ақ шықтым. Мектеп жанында бокс үйірмесі жұмыс істейді екен, жақсы болмасы бар ма? Әскерге барғанда да бокс қолғабын кидім. Әскер тәртібі, әрине, бөлек әңгіме. Полк, дивизия командасының құрамында әр түрлі жарыстарға қатыстым. Екінші спорттық разряд белгісін тақтым.

    Шығармашылықтан қол үзгіңіз келген сәттер болды ма?
    Әрнәрсенің өзінің сәті болады. Рас, бір кездері өлеңнен қол үзгім де келген. Бокс пен өлеңді біржола ұмытамын деп жүргенімде, “Южно-Казахстанская правда” газетінің 1952 жылғы қаңтардағы санынан екі-үш өлеңші балалармен бірге түскен суретімді көріп, ақындығым қайта қозды. Бір күні “Қазақстан пионері” газетінен бір ауыз қара сөзімді оқып, қалай қуандым! Енді бір күні тағы да сол “Қазақстан пионері” газетінің редакциясынан ішінде Андерсеннің ертегілері және “Төртінші белес” сияқты кітаптар бар бір құшақ сәлемдеме алдым. Мұндай құрметті көріп тұрып, өлеңді қалай қоярсың, бораттым, бораттым.

    Бақыт дегенді қалай түсінесіз?
    Бақытты болу-әркімнің өз қолында. Өйткені, бақыт – ол еңбек. Ол – қанағат. Өз басым көптеген қиындықтарды бастан кештім. Мектепте білім алуымның өзі қиын болды. Екі жыл қатарынан орнымда қалып қойдым.Үй мен мектептің арасы қашық болды. Әрі жол қатынасы қиын. “Ара – Шмель” журналында жүрген кезімде талай қауіп-қатерге кезіктік. Пәле-жалаға да тап болдым. Бәрі артта қалды. Еңбек адамды қатайтатынын ұқтым. Бәрімен күресе білу керек. Барды қанағат тұту да маңызды. Өмірдің бақыты – еңбек пен қанағат дер едім.

    Есімге ерекше мән береді екенсіз. Сізді балаларыңыз бен немерелеріңіздің есімін өзі қояды дейді?
    Дұрыс айтасыз. Балаларым мен немерелерімнің есімін өзім қоятыным рас. Есім – үлкен мәселе. Әр отбасы баласына жақсы есім бергенді қалайды. Себебі, есім адамның болашақ өміріне, тағдырына әсерін тигізеді. “Адам аспаннан түскенде, Алланың аузымен өз есімін ала түседі” деген де сөз бар. Ал исламда балаға әдемі ат қою, мүбәрак есім беру - басты шара. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): “Қиямет күні өз аттарыңызбен және әкелеріңіздің аттарымен шақырыласыздар. Сондықтан балаларыңызға жақсы ат қойыңыздар” деген екен. Кенже ұлыма Ардагер деген ат қойдым. Оның өзіндік мәні бар. Халықтың сүйіктісі, құрметтісі, ардақтысы болсын деген ниеттен шыққан есім еді. Ардагердің ұлы, яғни, немеремнің аты – Арнамыс. Аты айтып тұрғандай абыройлы, намыс-ты болсын деген тілекпен қойылған есім.

    Қазір жеке кітапханаңызда қанша кітап бар?
    Бүгінде кітаптың қадірі кетіп жатыр. Кітап оқитындардың қатары азайып кеткені соншалық, көптеген кітапханалар жабылып жатыр. Орыстың ұлы жазушысы А.С.Пушкин өлерінің алдында кітаптарына қарап: “Қош бол, менің достарым” деп жылаған екен. Айдың жарығымен кітап оқыған М.Горький де “Менің бойымда қандай жақсы қасиеттер болса, оған себепкер-кітап” деген екен. Жастайымнан қолымнан кітап, қалам, газет түскен емес. Ақын-жазушылардың барлығы кітап атты ұлы құдірет иесімен сусындап өсті. Сондықтан, кітап төңірегінде көп әңгіме айтуға болады. Жеке кітапханамда қанша кітап бар екенін нақты білмеймін. Біразы қолды болды. Кітапханамды кеңейтуді жоспарлап отырмын.

    Үмбетбай аға, сіз бір сұқбатыңызда: “Әуелі зиялы қаумның өзінің балалары мен немерелері қазақша білмейді. Ұл-қыздарын шет тілге үйретуге,сол тілдерді тереңдетіп оқытатын мектептер мен лицейлерге беріп жатыр. Тіл білген жаман емес, бірақ өзге тілге ұмтылу – надандық ” деген екенсіз? Қазіргі таңда білім саласында реформа көп. Алдағы оқу жылынан бастап бірінші сыныпта оқитын балалар үш тілде дәріс алады деп жатыр. Сіздің көзқарасыңыз қандай?
    Біздің заманымыздағы білім жүйесі көңілге қонымды еді. Заман ағымына қарай оқу білім де өзгеріп жатыр. О заман мен бұ заманды салыстыруға әсте болмайды. Жаңашылдық қашан да қажет.Қазір жаңа технологиялар заманы. Балалар заман көшіне ілесіп, білім алулары қажет. Ұрпағымыздың саналы, білімді, ойы жүйрік болғанын қалаймын.

    Еңбегіңіздің жемісін көрген боларсыз? Еңбегіңіз еленді ме?
    Өз басым атақ-даңқ қуған жоқпын. Алғыс сөз, марапаттан да құралақан емеспін. Салдырлаған медальдарым жоқ.Шынымды айтсам, үлкен сыйлыққа татитындай, қыр басында жарқырап тұратын шығарма жаздым деп айта алмаймын. Маған керегі – халықтың шынайы бағасы.

    Сексеннің сеңгіріне шықтыңыз. Қазақ Ұлттық Университеті мен Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын балалар мектеп-интернатында ұстаздық қызмет атқардыңыз. Қазір немен айналысып жүрсіз?
    Арасында күнделік жазамын. Қаламнан қол үзгенім жоқ. Қоғамдық жұмыстарға араласып тұрамын.

    Жерлестеріңізге айтар тілегіңіз?
    Жатсақ, тұрсақ біздің әңгімеміз- “А, құдай. Шүкір. Алла. Тәубе.” Ең бастысы – заманның тыныштығы. Жақсылықтар аман болсын. Жамандықтар тәмам болсын. Тыныш заман болсын. Әр іске береке берсін. Амандық-саулық. Абырой. Абырой. Абырой!

    Сұқбатыңызға рақмет!

    Анықтама
    Үмбетбай Уайдин 1935 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Темірастау ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. 1957-1958 ж.ж Донбастағы Красный луч қаласында шахтада құрылысшы, 1958 жылы Шалқар аудандық газеті редакциясы жанындағы баспаханада баспашы (печатник) болған. Кейін Қазақ радиосы, “Ара-Шмель” журналы, Қазақфильм киностудиясы, “Өнер” баспасы, Қазақстан кітапқұмарлар қоғамы мен Жазушылар Одағында әртүрлі қызметтер атқарған. Ұзақ жылдар бойы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінде және Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын дарынды балалар мектеп интернатында ұстаздық қызмет атқарған. Ақтөбе облысы Шалқар, Ырғыз аудандарының Құрметті азаматы.
    Жекелеген кітаптары орыс, украин, қырғыз, тува тілдеріне аударылған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жолдыбай Айтқұлов: Қазір робот-ән көбейіп кетті
  • Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, жерлестер!
  • Бибізада Көздібаева: Есік күзетсем де, телевидениеден кетпеймін дейтінмін
  • Қажымұқан САТЕНОВ: Қайта туа қалсам, әскери өмірді таңдар едім
  • Төрежан МӘНДІБАЙ: Шығармаларымның қазақ сатирасындағы орны бөлек
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге