Борис Байжарқынов: Менің көргенімді ешкімнің басына бермесін...

    Ол – еңбегінің жемісін көрсе “Аллаға шүкір”деген, елге қайырымдылық жасаса “Алла разылығы үшін” деп қолдан келгенін аямаған азамат. Ол – “Алтын жүрек” ұлттық сыйлығының иегері. Ол танымал меценат – Борис Байжарқынов.

    Сексенге жақындадыңыз...Осы жүріп өткен жолдарыңызды неше кезеңге бөлесіз? Қайсысы ауыр болды?
    Үш кезеңге. Ең алдымен, мен үшін де, анам үшін де ауыр болған – соғыстан кейінгі балалалық шағым. Әрине, ол кез кім-кімге де оңай болған жоқ. “Әкем келеді” деп вокзалға тоқтаған әрбір пойызды күтіп алған кездерім есімде. Соғыстан қайтқан жауынгерлердің алдынан жүгіріп шығып, “менің әкемді көрген жоқсыңдар ма?” деп сұраймын. Олар мені ренжімесін дей ме “келесі эшелонмен келеді” дейді. Балалық қой, әйтпесе олар менің әкемді қайдан танысын... Аш-жалаңашпыз. Салқын тиіп, әрі аштықты көтере алмай әпкем қайтыс болды.
    Жұмыс іздеймін деп көрші ауылға кеткен он үш-он төрт жастағы ағам сол кеткеннен оралмады. Жалғыз шешем бақты. Ол кісі қатты ауырып, қимылсыз үйде жатқанда мен теміржолдың бойын аралап, тапқанымды соның аузына саламын. Есімде, үстімде ересек адамның көйлегі, басқа киімім жоқ. Қазіргідей сол кездері де вокзал бойын айран, сүт сатқан саудагерлер жағалап тұратын. Қолымда қалайы ыдысым бар. Бәрін жағалап шығамын. Бір-бір қасық сүт, айрандарынан құйып береді. Соны үйге әкеліп, сырқат анамның аузына құямын. Осылай төрт жасымда бір отбасын асыраған жайым бар. Өстіп жүргенде ауылдық кеңестің қызметкері көріп, үйіме еріп келді. Ауыр жағдайымызды, науқастан қимылсыз жатқан шешемді көріп, дәрігер шақыртты. Ақша бөліп, үйге жарма, бидай, ұн секілді ас-суымызды жеткізіп берді. Содан соң анам да беті бері қарады.
    Мен төрт жасқа толғанда соғысқа кеткен әкемнің бейнесі әлі күнге дейін көз алдымда. Жасым сексенге жақындаса да, сол кездегі балалық сағынышым бір күн де басылған емес.
    Сол жылдары менің көрген қиындығымды ешкімнің де басына бермесін...
    Екінші кезең, ел қатарлы еңбек етіп, отбасылы болған шағым. Біз қай жұмысты да беріліп жасадық. Уақытпен, ақшамен санасқан жоқпыз. Мектепте жақсы оқыдым. Разъезден келесі стансаға қатынайтын болғандықтан, кейде үйге жете алмай қалған кездерім де болды. Вокзалға да түнедік. Жұрын стансасының ескі вокзалы менің екінші үйім болды.
    Жігіт шағымда үлгілі жағыммен көптің көзіне түсіп, жұрт кішкентай балаларына “Борис сияқты болыңдар” деп жататын. Соғыстан кейінге жылдар да халыққа оңай тиген жоқ.
    Отбасылы болдым. Таңдаған жарым, бір үйдің кенжесі, еркесі еді. Жан-жағы түгел. Ата-анасы қасында. Көп қиындық көрмеген. Ауылға танымал отбасының қызы болды. Үйленгеннен кейін екеуміз велосипедке отырып алып, некемізді қидыртуға барғанбыз. Көп ұзамай мені әскер қатарына шақыртты. Келіншегім құндақтағы баланы алып, артымнан бір келіп кетті. Үш жыл анамның қасында екеуі “әй, шәй” деспей, балаларымды өсіріп, күтті. Міне, сол Мәнзапамен шаңырақ көтергенімізге де 55 жыл болыпты... Өмір деген осы... Кеше ғана сияқты еді, құдаларға китке береміз деп сонау Мәскеуден кілем арқалап келгеніміз...
    Үшінші кезең, зейнеткерлікке шыққан шағым. Күні бүгінге дейін. Бұл кезең – мен үшін ең жайлы шақ. Балаларым өсті. Анам ұзақ жасап, шөбере сүйді. Елге танымал, сыйлы азамат атандым. Балаларым еңбекқор.

    Қазір Сізді алаңдататын жайттар бар ма? Өкінген кездеріңіз болды ма?
    Алаңдататын жай бар. Әрине, ол менің отбасымның жағдайы емес. Шүкір, бәрі еңбектеніп, қолдарынан келсе, ешкімнен көмектерін де аяған емес. Ол – мешіттің жағдайы. Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы 2011 жылы қаулы шықты. Біз құжаттарымызды тексеруге жіберіп, жоғарыдағылар қате шықты деп қайтарған болатын. Сол әлі тіркелмей тұр. Барлығы филиал болу керек дейді.
    Бұл – халық ғибадат етсін деп халыққа салып берген мешіт, “Алланың үйі”. Бүгінгі мәселе тек осы ғана.
    Ал өкініш өтпелі нәрсе ғой... Ең бастысы – амандық. Елдің тыныштығы. Менің өзім ештеңеге мұқтаж емеспін. Тек денсаулығымның аздап сыр бере бастағаны болмаса. Жас үлкейген сайын ауру-сырқау көбейеді. Кәріліктің емі жоқ.
    Неге өкінуім керек? Ел сыйлады. Халықтан қолдан келген көмегімізді аяған жоқпыз. Сый-сияпаттан да кенде емеспін. Міне, Елбасының Алғыс хатынан бастап, кешегі “Алтын жүрек” сыйлығы да бар. Ал шетелден келетін марапаттар өз алдына. Бұл – біздің еңбегіміздің бағаланғаны деп ойлаймын.
    Десек те, атақ үшін еңбектену – қате. Жас кезіңде бойыңдағы бар күш-жігеріңді жұмсау керек. Адал қызмет ету керек. Сол еңбегің түбі өзіңе қайтады. Сенің жасаған жақсылығың балаларың мен немерелеріңе де азық. Осыны есте сақтау керек. Ең бастысы – ақшаның аз не көптігінде емес. Сол аз нәрсенің берекетті болуында.

    “Алтын жүрек” ұлттық қоғамдық сыйлығының “Жыл меценаты” номинациясынының иегері де болдыңыз...
    -Иә. 2012 жылы алтыншы рет ұйымдастырылған “Алтын жүрек” сыйлығымен марапатталдым. Еңбегімізді елеген жандарға алғысымыз шексіз. Алла разы болсын. Жан-жақтан келіп жатқан сыйлықтар да бар. Шетелден де көп марапат келді. Өткен жұмада қажылар қоғамының төрағасы Еркін Дуанаевтан төсбелгімен марапатталдым. Жұмаға жиналған жамағаттың алдында сыйлықты табыс етті. “Исламның адами құндылықтарын артушылық бағытта ұлттық мүддемізге сай насихатталуына қосқан үлесі үшін” деп Қазақстан қажылар қауымдастығының он жылдық мерекелік Алтын медалін табыс етті.

    Есіміңізді бірде Борис деп, бірде Мақсат деп жатады. Құжат бойынша қайсысы дұрыс?
    Есімім – құжат бойынша Борис. Әкемнің қойып кеткен аты. Соғысқа аттанарда өзінің әке-шешесіне, колхозға апарып тастады. Атам Әділше “Борисі несі?” деп маған “Мақсат” деп, азан шақырып ат қойды. Колхозда жүргенде Борис деп ешкім атаған жоқ. Ондай есімім бар екенін ұмытып та кеттім. Оныншы сыныпты бітіргенше Мақсат болдым. Жиырма жасымда мектепті аяқтадым. Өзім мектепке кеш бардым. Аяғыма киетін аяқкиімім жоқ, бара алмадым. Осылай екі жыл кешігіп мектеп табалдырығын аттағанмын. Қолыма мектеп бітіру туралы құжатымды бергенде “Борис Нұрдәулетұлы” деп жазулы тұр екен. Осылай құжаттағы есіміме қайта ауыстым.

    Сынды қалай қабылдайсыз? Жалпы сынайтындар көп болды ма?
    Бәріне жағу мүмкін емес. Бірақ мен және менің отбасым дұрыс жолды таңдады деп есептеймін.

    Сіз жастайыңыздан қызметке араласып келесіз. Облыстың бүгінгі жағдайына қандай баға берер едіңіз?
    Жаңа басшы келді. Жақсы жаңалықтардың куәгері болып жатырмыз. Елді аралап жүр. Талай әкімдердің аяғы баспаған жерлерді аралап, жергілікті тұрғындармен кездесіп жатыр. Енді осы бастамадан жақсы нәтиже күтеміз. Әсіресе, ауылшаруашылығын көтеру, егіс көлемін кеңейту керек деген сияқты алға қойған мәселелері өте ұнайды. Бұл мәселе бұдан 45 жыл бұрын да көтерілген болатын. Ол кезде өзім осы істің басында жүрдім. Ауылды, шаруашылықты көтеру керек.

    Төрт түлік мал ұстайсыздар...
    -Төрт түліктен де көп. Бұғы, керіктеріміз бар. Ал үлкен балам Бекбол – жылқы өсірумен айналысады. Тұлпарлары талай халықаралық жарыстардың жүлдесін алған. Қолыңда малың болса, табиғи таза асың да болады. Мал ұстаудан қол үзген емеспіз.

    Халықпен бөлісетін қандай жаңалықтарыңыз бар?
    -Биыл біздің еліміздің егемендігіне 25 жыл. Біздің негізгі тақырыбымыз – осы. Желтоқсан оқиғасына 30 жыл. Міне, осы атаулы мерекелерге арнап арнайы төсбелгілер де дайындап жатырмыз.

    Қазір қалада қоғамдық көліктердегі жеңілдіктер алынып тасталды. Сіз зейнеткер ретінде қандай жеңілдікті пайдаланып көрдіңіз?
    -Бұл жеңілдіктердің біреуін де пайдаланып көргенім жоқ. Бірақ үлкендерге, зейнеткерлерге көмектесу керек. Менің екі көзім де нашар көреді. Өзіме өз зейнетақым жетеді. Бірақ халық, оның ішінде зейнеткерлер, үлкен кісілер мұндай көмекке мұқтаж.
    Ал өз тарапымыздан көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын беруден қашқан емеспіз. Мешіттегі жеті жәшіктің садақасын сыртында жазылулы тұрған мекемелер алады. Есепшілерін жіберіп, құжатпен алып кетеді. Біз 2002 жылдан бері қайырымдылық шарасымен айналысып келеміз. Осы уақыт аралығында “Нұрдәулет мешіті” жеке қайырымдылық қоры екі жүз миллион теңгеге жуық қаражат жұмсаппыз. Бәрі де Алла разылығы үшін. Шүкір...

    Отбасының берекесі отағасының тапқан табысында ма, әлде үйге жылылық беретін әйелдің қас-қабағында ма?
    -Екеуіне де байланысты. Мен мінезі нашар адаммын. Оныншы класты бітіргенде класс жетекшім менің мінездемеме “Прямой. Порой не сдержимый” деп жазып берген. Рас. Осы мінездемені жазып берген ұстазым әлі күнге дейін осында тұрады. Сүйегіме біткен сол мінезім әлі күнге дейін бар. Балаларымның да мінезі маған тартқан. Жолдасымда да мінез бар. Бірақ кешірімдіміз. Тез қайтамыз. Өз қателігімді тез түсінем.
    Қазір үш баладан немере-шөбере сүйіп отырмыз. Балаларымның алды елуден асты. Ағайын-туыс, құда-жекжаттармен арамыз үзілген емес. Екі келінім де еңбекқор. Қас-қабағымызға қарап отырады. Меніңше, отбасының берекесі – татулық пен бірлікте деп ойлаймын.

    Қолыңыз жетпеген армандарыңыз, жүзеге аспай қалған ойларыңыз болды ма?
    -Өмір бойғы арманым – әкемді көру болды. Ең болмаса жатқан жеріне барып, бір уыс топырақ салсам дегенмін. Оның қол бұлғап, соғысқа аттанып бара жатқаны әлі көз алдымда. Ал ойлаған ісімнің бәрі, шүкір, жүзеге асты. Ең бас-тысы – аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын. Қазір бәрі дамыған заман. Қазіргі біздің компаниядағы жақсы, жаңа бастамалардың бәрі – балаларымның еңбегінің арқасы. Солардың ізденімпаздығы.
    Кризис деп жатыр. Жатпай-тұрмай еңбек ету керек. Сонда ғана табысқа жетесің. Бәріне сабырмен қарап, шыдамды болу керек. Сол кезде ғана қолың жетпейтін арман, жүзеге аспай қалған жоба деген болмайды. Еңбекқор адамның қолынан бәрі де келеді.
    Жеке бастың қамы үшін емес, халық үшін жұмыс жасау керек. Көпшіліктің алғысы көкке көтереді. Жасаған жұмысың да, қамқорлығың да Алладан қайтады. Жоқшылықтан жақсылыққа жеткізген Аллаға мың мәрте алғыс.

    Сұқбатыңызға көп-көп рақмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • ГҮЛСІМ ЮСУПОВА: КЛИП ТҮСІРМЕЙ-АҚ ТАНЫМАЛ БОЛДЫҚ
  • Кейуана ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
  • ҚАРТТАРҒА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ
  • Жетесовтер: Біз өте бай адамдармыз
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге