Жұлдыз Қожабекова: Ақтөбелік айтыскерлерге моральдық және материалдық қолдау қажет

    Ол – Ақтөбе аймағындағы жалғыз айтыскер қыз. Айтыс өнерін ғылыми тұрғыдан зеріттеп, сахнада да өз өнерін ұштап жүрген ақын. Ол – Жұлдыз Қожабекова.

    Жұлдыз, кешегі айтыстағы жүлделерің құтты болсын! Жалпы ақындық кімнен дарыған?
    -Рақмет. Бұл айтыс ақын ағамыз Ертай Ашықбаевтың мерейтойына орай Темір ауданында ұйымдастырылған еді.
    Жалпы ақындық менің әкемнің нағашыларында болған. Ұлы нағашымыз – Биахмет жырау кісі болған. Таңды таңға ұрып жыр айтады екен. Суырып салма ақындығының арқасында жырды ойдан шығаратын болған. Екінші жағынан, анам да ақындықтан құралақан емес. Анам – Ақжар ауылдық мәдениет үйінің директоры.
    Алғашқы өлеңдерімді сегіз жастан
    бастап шығара бастадым. Мектепте оқып жүргенде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген Гүлжан Пірзадаева деген ұстазымның ықпалы мықты болды. Бар жағынан сол кісіге еліктедім. Тіпті, киім киісі, жүріс-тұрысы, сөйлегеніне дейін айнытпай салып, ұқсауға тырысатынмын. Өте білімді, поэмаларды жатқа айтатын еді. Өлең де шығаратын. Апайыма ұқсағым кеп Мұхтар Шахановтың “Отырар” поэмасын жаттадым.
    Оныншы сыныпта оқып жүргенде аудандық айтысқа қатыстым. Жақсылап дайындалдым. Сол айтыстан бірінші орынмен оралдым. Содан облыстық “Жас қанат” байқауына “Айтыс” номинациясы бойынша қатыстым. Бұл байқауда мықты айтыскерлер Аян, Қайнарлармен таныстым. Олар, небәрі 5-6 сынып оқушылары еді. Жас болса да айтысқа төселіп қалған балалар еді. Себебі, сол кездің өзінде Шалқарда мықты айтыс мектебі болды. Аяндардың айтысқанын көріп қызықтым. Кейін мектепті аяқтап, студент атандым. Айтыстан көпке дейін қол үзіп қалдым. Университетте оқып жүрген кезімде Қ. Жұбановтың мерейтойына арналған үлкен шара өтті. Сол шарада Марат Ахметов деген айтыскер ақынмен таныстым. Маратты өнердегі ақын, өмірдегі досым деп айта аламын. Өлеңдерімді оқытып, тыңдайтын еді. Кейін группалас достарым, 125 адамнан тұратын аудитория менің өлеңдерімді тыңдауды әдетке айналдырды.
    Менің айтысымды көрген Кәрім Айнабеков ағамыз, “бір айтыскер қыз шығыпты” деп бірінші орынды маған берді. Сол жүлде мені қанаттандырып, айтыстың жолына түсуіме себеп болды. Басында “Ақтөбеде айтысатын бір қыз бар екен” деп жүлделерді беріп жіберетін кездер болды. Келе-келе мықтылармен жеңіс үшін тайталасуға тура келді. Осылай айтысқа әбден шыңдалдым. Студент кезімде телевизиялық жобаға қатыстым. Айтыстан Қазақстан чемпионатына қатысып, тікелей эфирге шықтым. Әлі күнге дейін көбісі мені сол айтыстан таниды. Бұл эфирдегі айтыстың бір ерекшелігі – сенің бірде-бір сөзің қиылмайды. Осы аламан айтыс менің ел арасына таралуыма көп себепші болды. “Үздік айтыскер” атандым. Қазіргі мықты айтыскерлердің бірі – Болатбек Оразбаевты жеңдім. Қуаныш Шармановпен айтысқа түсіп, оның жалғауларынан сүріндім.

    Қазір айтыста алдын-ала келісіп, дайындалып алады екен деп жатады? Осы рас па?
    -Соңғы уақытта айтыстың ішкі құпияларын да ашып жатыр. Бұл да халықтың қызығушылығын туғызу үшін істелініп отырған шығар.
    Ақындар арасындағы келісушілікке де байланысты өз ойымды білдіре кетейін. Шалқарда өткен бір айтыста жергілікті ақын Есентүгел Әзиевпен шықтым. Екеуміз аяқ астынан шыға салғанбыз. Мен жезде сарынында, ол басқа сарынмен, екеуміз екі бөлек кеттік. Көрермен көңілінен шығатындай айтыс жасай алмадық. Айтыс шыққан жоқ. Оның алдында жеңге мен қайны болып, әпке мен іні болып айтыссақ деп келісіп алғанымыз да дұрыс болар ма еді?! Бір ауыз сөзбен келісіп алғанымыздың артықтығы жоқ деп ойлаймын.
    Алғашқы кезде жеңіліп қалсақ, тауымыз шағылып қалатын. Біреулер телефонымызға хабарласса, ұялып алмайтынбыз. Қазір айтысқа шығудың өзі үлкен жеңіс екеніне көзім жетті. Республикалық та, аймақтық та айтыстарға шығып жүрмін. Осы уақытқа дейін ел алдында сөз таба алмай, айтыстан қашқан кездерім болған емес. Абыройсыз айтыс жасаған кездерім де болған емес. Есет Досалы деген тараздық ақынмен Ақтөбеде өткен республикалық айтыста сахнаға шыққанмын. Сөзімді бастай бергенде домбырамның тиегі домалап алып, қазылар алқасына қарай тартты. Тұрмыс құрған кезім. Көрерменнің арасында жолдасым да отыр. Бейқамдығым ба білмеймін?! Орнымнан асықпай тұрып, қазылардың алдында жатқан тиегімді алып, асықпай орныма келіп, домбырама салып алдым. Қарсыласым бұл туралы ауыз ашқан жоқ. Өз басымнан өткенді өзім жуып-шайып, айтысты әрі қарай жалғастырып кеттім.
    Қазір ойлап отырсам, тікелей эфирге шығып жүргенде қорқыныш дегенді білмеппіз. Арасына жарты сағат салып, мықты екі айтыскермен додаға түсіп, оларды жеңіп шығу да өнер екен. Ал қазір, мен үшін жеңу-жеңбеу басты мақсат емес. Әр айтысқа шығар алдында, Алладан тек абыройлы айтыс шығаруға көмектес деп тілеймін.

    Айтыста көңіліңе келетін сөздер айтқан айтыскерлер болды ма?
    Айтыста саған қарсы айтылмайтын сөз жоқ. Бірақ шығып алып, сахнада мені табаладың деп бет жыртысқан ақындарды көргенім жоқ. Кешегі өткен айтысты, мысалға алатын болсақ, қарсыласым маған былай деді:
    -Жұлдыздан құтылмадым қашсам дағы,
    Алладан шыныменен пәрмен келсе,
    Жұлдыз да жерге түсер аспандағы, - деді.
    Астарына қарап отырсақ, бұл жақсы сөз емес. Көңіліңе де келеді. Жұлдызың жанбасын дегенге келтіріп отырғандай. Ал бұл айтыс өнерінде – үлкен тапқырлық. “Жұлдыздардың ғұмыры таң атқанша” дегендер де болды. Көпшілігі менің есіміме тиіседі. Оның бәрін теріп отырмайсың. Айтыс бітіп, сахна сыртына барғанда, бір-бірімізден кешірім сұрап, көңілімізді табуға тырысамыз.
    Ақтөбелік айтыскерлер бір үйдің балаларындай, бір-бірімізбен жақсы араласамыз. Артымыздан еріп келе жатқан жас ақындар, жас буын мықты. Әлеуметтік желі де жақсы болды. Бір-бірімізбен байланысымыз үзілген емес.

    Ақтөбеден айтысқа шығып жүрген жалғыз қызсың. Қазіргі жас буынның арасында қыздардан болашағынан үміт күттіретін айтыс-керлер бар ма?
    Бәрі де айтады? Шәкірт тәрбиелемейсің бе? Ақтөбеге тағы бір айтыскер қыз керек деп жатады. Жуырда жастар арасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған айтысқа қазылыққа шақырды. Сол кезде Зылиха деген қыз бала болды. Ол шығармашылық үйінің жанынан құрылған Оралбай Кәметияның ақындар мектебінде дәріс алады екен. Оралбай аға сол жас баланы сен дайында деген ұсыныс айтқан. Әрине, бұл болашақтың еншісінде. Өзім де ойлап жүрген едім. Ол мектеп оқушысы. Алдағы уақытта халықаралық айтысқа дайындағымыз келеді.

    Айтыс мектебі бар ма?
    Бұрын облыстық халық шығармашылығы үйінде Нұрлыбек Қалауов ағамыз ақындардың басын қосып, өзінің кеңестерін беріп жүрді. Қазір Оралбай Кәметия бастап, жас ақындарға дәріс беруде. Біздің аймақта айтыстың кенже қалуы – арнайы мектептің болмауынан. Мұны мойындауымыз керек. Мен айтысты бастағанда жөн сілтейтін жан болған жоқ. Сахнаға шығып, қатысып жүріп тәжірибе жинадық. Республикаға танымал айтыскерлердің мықты ұстаздары бар. Олар жастайынан айтыс өнерінен хабары бар, суырып салып айта алатындай дәрежедегі ақын болады. Айтыс өнерін облысымызда жандандыру үшін, Оралбай ағамыз облыс басшысынан көмек сұрап, хат жазған. Ол кісіден жақсы жауап алған. Алғашқы айтысты Мәртөк ауданынан бастадық. Аудан әкімі өзінің қонақжайлылығын көрсетті. Ондай құрметті кейбір облыстарға барғанда да көргеніміз жоқ.
    Мамырда үлкен екі айтыс өткелі тұр. Жүрсін Ерман ағамыз келеді деп күтілуде. Бірақ бұл республикалық айтысқа қатыспаймын. Былтыр күзде ұйымдастырылған республикалық айтысқа да қатыспағанмын. Бұл мәселенің бәрін Жүрсін ағамыз шешеді екен. “Мені айтысқа қосыңызшы” деп шығып көргенім жоқ. Ол кісінің айтыстарына да қатысып көргенім жоқ. Бірақ сол кісімен араласатын, менің өлеңдерімді қолдап, айтысыма тамсанып отыратын ағаларыма хабарласқанда, уақыттың тығыздығын алға тартты. Бір ай бұрын хабарласу керек екен.

    Шоу айтыстарға көзқарасың қандай? Шоу айтыс нағыз айтыстың алдына түсіп кеткен жоқ па?
    -Шоу айтыс өз аудиториясын жинап отыр. Осы арқылы, әнші жұлдыздар арқылы айтысты жаңғыртып отыр. Жастарды өнер жұлдыздары арқылы айтысқа қызықтыру. Бұл жағынан мен қолдаймын. Жұлдыздар арқылы төл өнерімізді жарнамалап жатырмыз. Ал әншілердің қаншалықты дәрежеде айтысып жатқанына мен сараптама жасай алмаймын. Дайындықтары аз болып сахнаға шығып жатқандары да бар. Аманжол Әлтаев ағамыз кей жұлдыздарға айтысқан жараспайтындығын да айтқан.
    Бұл шоу айтысты о бастан депутат Бекболат Тілеухан ағамыз қолдадын. Өте танымал айтыскер ақын, сөздерінің бәрі әр қазақтың аузында жүрген Мұхамеджан Тазабеков, айтыстың көшін сүйреп келе жатқан, дамуына үлесін аямаған Жүрсін Ерман қолдау білдірді. Сондықтан, мен бұған қарсы пікір айта алмаймын. Көш жүре бара түзеледі. Ал жалпы қазақтың айтыс өнерінде “лақпа” айтыс деген де болған. Бұл туралы Бекболат ағамыз айтқан.

    Жергілікті айтыскер ақындардың жағдайлары қалай?
    Бұрынғы ел билеушілер қасындағы ақын мен күзетшілерінің жағдайын жасайтын болған. Себебін сезіп отырған шығарсыздар?! Басшының жақсы атын да, жаман атын да шығаратын ақындар болған.
    Біреулер айтып жатыр, “біз ешкімнен үй сұрамаймыз” дейді. Ал, үй сұрасақ не қылады екен?! Ақтөбеде республикалық додаға шығып жүрген оншақты ақынымыз бар. Соларға неге үй бермеске?! Бұл жағынан Орал мықты болып тұр. Қайнардың айтқаны бар еді “Оралдың әкімі жақсы ма, әлде ақыны пысық па?” деген. Бұған халық та наразы болмайтын шығар. Әкімнің алдына барсам, алдымен айтыскерлерге үй сұрар едім. Жағдайым болмаса, жұрттар сияқты “бәрі жақсы” деп алдап, жағдайымды жасырмас едім. Қазір аймаққа танымал айтыскерлер қаладан пәтері болмағандықтан кетіп қалып жатыр. Әкімге бір ауыз сөз, “айтыскерлерге үй беріңізші” деп айтар едім. Облыс басшысы айтыс өнерінің жанашыры деп естідім. Бұған дейін бізбен ешкімнің шаруасы болған емес.
    Кезінде облыстық мәдениет басқармасының басшысына республикалық айтысқа баруыма көмек сұрап барған едім. Ол кезде студентпін. Мен үшін сахнаға киіп шығатын көйлектің өзі қол жетпес еді. Сонда ол кісі айтыстың не екенін де білмейтін болып шықты. Хатшысын шақырып алып, “что такой айтыс? С домброй поет да?” деп сұраған еді. Облыста мәдениет саласын басқарып отырған адам?! Қазір шүкірміз. Енді кенжелеп қалған айтыс та жақсы жолға қойылады деген сенімдеміз. Біздің ақтөбелік айтыскерлерге моральдық жағынан да, материалдық жағынан да үлкен қолдау керек.
    Айтысты көтеру үшін айтыскерлердің жағдайын жасау керек. Мысалы, Оралда айтыскер ақындардың бәріне, жаңадан шыққандарға да пәтер береді екен. Бұған ақын апамыз Аққұштап Бақтыгерееваның ықпалы мықты деп естідім.

    Отбасың туралы айтып өтсең?
    Бес ағайындымыз. Өзімнен үлкен апам, үш інім бар. Бәріміз дипломды мұғалімбіз. Әкем елу жасында жүрегі сырқаттанып, қайтыс болды. Айтып жатады ғой, отбасында әкенің қатал болғаны дұрыс деп. Бірақ қайсымыз да қаталдық көргеніміз жоқ. Бізді сырттан көрген жұрт, бір үйдің жалғыз баласы деп ойлайды. Бәріміз ерке өстік. Бар өміріме жететін әке мейірімін көріп өстім.
    Жолдасым көп үндемейтін, қазақтың қарапайым жігіті. Достары “келіншегің айтыскер, ұрысқанда жеп қоятын шығар” дейді екен. Көп сөйлемейді. Бірақ бір сөйлесе, түбін түсіреді. Өнерден де құралақан емес. Тойларда дуэт болып ән айтамыз. Жалпы менің өз отбасымда бәрі ән салады. Ауылға барғанда отбасылық отырыстарда, мерекелерде отбасымызбен шығып, өнер де көрсетіп жібереміз.
    Қызым Назерке де өнерлі. Балабақшадағы өнер сайыстарына қатысып, жүлделі орындар алып жүр.
    Мемлекеттік бағдарламамен үй алдым. Тырмысып жүріп, көлік те алдым. “Ақша жоқ деп, көлік алдың” деп, бұл да ақындардың сөзіне ілікті.
    Мен “баратын жеріңе бақытты боламын деп емес, бақытты қыламын деп бар” деген сөзбен келіспеймін. Өзің бақытты болмасаң, басқаларын қалай бақытты етесің?!

    Осы уақытқа дейін орайы келмеген іс-жоспарың болды ма?
    Осы уақытқа дейін қолға алмаған, бірақ ойда жүрген үлкен жоспарым бар. Ол – кітап шығару. Бұған кедергі болып жүрген – жалқаулығым. Өлеңдерімді жинап, Жазушылар одағына тапсырып көрмеппін. Бала күтімімен үйде отырғанда Қалқаман Сарин хабарласып, Астанаға келсең көмектесеміз, кітабыңды шығар деп қамшылағаны бар еді. Ел танитын азаматтар хабарласып, баталарын беріп жатады. Бірақ, осы кітап шығарудың сәті түспей жүр.
    Өткенде айтыс туралы айтайын деп әкімге хат жазғым келген. Бірақ ол жердегі үйім жоқ, жер керек еді деген мәселелерді көргенде бәрін тастай салдым. Оның басым бөлігі қазақтың жас отбасылары. Бұл жағдайға бір жағынан жабырқайсың. Біз бай елде тұрамыз. Қанша адамның аянышты өмір кешіп жатқаны өкінішті. Екінші жағынан алсақ, шөптің басын сындыруға ерінетін адамдардан ештеңе шықпайды. Бәріміз де пәтер жағалап жүрдік. Қазір қоғам оқымағанды емес, еңбек етпегенді аямайды. Ақындарға айтып жүремін, жұмысқа кіріңдер деп. Ел тыныш болса, ерінбей еңбек етсең – мұратыңа жетесің.

    Әңгімеңе рақмет. Шығармашылық табыс тілеймін!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қайнар Алагөзов: Ағаларыма теріс жағымнан көрініп қалған сияқтымын
  • Ақтөбелік оқушы республикалық ақындар айтысында бірінші орын иеленді
  • Айтыстың дүлділдері Ақтөбеге келді
  • Ақындар айтысы өтеді
  • Аян СЕЙІТОВ: Менің барым да, нарым да – айтыс
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге