Ардагер УАЙДИН: Әкемнің атына кір келтірмеуге тырысамын

    Оны көпшілік теледидар арқылы таниды. Ол – құқық саласындағы ақпараттарды көпшілікке сауатты түрде жетуін қадағалайды. Ол – өзі оқыған білім ордасын мақтан ететін түлек. Ол – әкесінің атына кір келтірмесем деп еңбектенетін азамат. Ол – облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдин

    Сонау Алматыдан келіп осы өңірде қызмет істеп жатырсыз. Қай жерде білім алдыңыз?
    - Әке-шешем осы өңірдікі. Ырғыздікі. Мен Алматыда туып өстім. Сол қалада қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп интернатта білім алдым. Мектепте оқып жүргенде Қазақстан тарихынан олимпиадаға қатысып, жүлделі орын алдым. Ол ҰБТ-нің жаңадан басталған кезі еді. Мен ешқандай конкурсқа қатыспай оқуға түстім. Алматы мемлекеттік педагогикалық институтын үздік бітірдім. Ректордың жастар ісі жөніндегі көмекшісі болып, екі жылдай қызмет жасадым. Әскер қатарында болдым. Сол жақтан аға лейтенант шенін алдым. Кейін екінші рет жоғары білім алдым. Заң академиясын қызылмен аяқтадым. Қаржы полициясында да қызмет еттім. Кейін Ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы болып жаңадан тағайындалған Нұрділдә Ораз “Астанаға жүр, бірге қызмет жасайық” деп ұсыныс айтты. Нұрділдә екеуміз мектепте бір сыныпта оқыдық. Осы өңірдің күйеу баласы. Сөйтіп министрлікте қызмет істедім. Сол жақта газет редакторы болдым. Кейін осы Ақтөбеге, қазіргі қызметіме келдім.

    Кеңес заманында қазақ зиялыларының балаларының басым бөлігі орыс мектептерінде оқыды. Ал Сіз арнайы мектепте білім алыпсыз.
    -Иә. Бұл менің әкемнің шешімі болды. Бір кездері Алматыда жалғыз қазақ мектебі болған еді. Кейін зиялы қауым өкілдері, ішінде менің әкем де бар, қалада қазақ мектептерінің көбеюіне атсалысты.
    Ал бізді қазақ мектептеріне бергенде, ата-анамды сынаушылар да табылды. Тіпті, қасында жүрген достарының арасында “қазақша оқытып, балалардың болашағына балта шауып отырсың” дегендері болды. Бірақ, ата-анам ешкімнің сөзіне көңіл аударған жоқ. Тіл мен тәрбие – бала үшін басты мәселе болу керек.
    Мен білім алған мектеп интернатта бүгінде елімізге танымал жұлдыздардың көбісі білім алды. Ол мен үшін – үлкен білім шаңырағы. Өкінішке орай, сол кездегі мектептің орнына басқа ғимарат салынды. Тіпті, ағайларымыз бен апайларымыз отырғызған ағаштарға дейін кесіп тасталған. Қазір біз оқыған мектеп көрші ғимаратқа көшірілген. Кластастар жыл сайын жиналып тұрамыз.
    Білім ордасының қай түлегі болмасын ел таныған азамат болды. Айта кетер болсақ, аға буын өкілдерінен композитор, қоғам қайраткері Кеңес Дүйсекеев, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің генерал-лейтенанты Әділ Шаяхметовтар мектеп мақтанатын түлектер.
    Ал қазіргі танымал өнер жұлдыздары мен журналистерден Тоқтар Серіков, Ақбота Керімбекова, Тамара Асар, Қарақат Әбілдина, Нұрлан Албан, Бейбіт Қорған, Серік Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Айдос Үкібаев, Нұрлан Оқаұлы, Айбын Шағалақовтар оқыды. Бейбіт Қорған, Нұрділдә Ораз менің кластастарым.
    Әлі есімде мектепте жүрген кезімде Алтынбек Қоразбаевтың кешін жүргіздім. Ол кезде жас баламын. Бірақ ағам мені әлі күнге дейін “әй, сары бала, қайда жүрсің?” деп іздеп тұрады. Міне, осындай шәкірт тәрбиелеген оқу ордасында білім алдым. Бұл – мен үшін үлкен мақтаныш.

    Қызметіңізде қиындықтар көп кездесе ме? Жергілікті БАҚ өкілдерімен тез тіл табысып кеттіңіз бе?
    -Әрине, қай жұмыстың да өз қиындықтары болады. Алғаш Ақтөбеге келгенде жарты жылға дейін қиналдым. Сол кезде әркез көмегін аямаған, бар білгендерімен бөліскен әріптестерім Мәди, Ерболат, Алматтарға алғысым шексіз.
    Ал журналистермен қазір үйреністік. Басында түсініспеушіліктер болды. Құқық саласында әр сөзге мән беріп, қателеспеген жөн. Менің сөзімді көпшілікке дұрыс жеткізбеген тілшілер де болды. Біздің облыста жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарын саусақпен санап беруге болатындай аз. Бір үлкен жиынға барғанда оңтүстік өңірдегі әріптесіммен сөйлескенмін. Ол жақта 200-ге газет-журнал бар екенін айтқан. Қазір бәрін үйрендік, журналистермен тіл табысып кеттік. Олар да өз ісін жетік біледі.

    Сіз танымал сатирик Үмбетбай Уайдиннің баласысыз? Танымал адамның баласы болу қиын емес пе? Неше ағайындысыз? Өз отбасыңыз туралы да айтып өтсеңіз.
    -Біз отбасында бес ағайынды болдық. Қазір арамызда үлкен ағам жоқ. Қалғанымыз елге қызмет етіп, жүріп жатырмыз. Арамызда мықты спортшыларымыз да бар. Барлығы отбасылы. Ал мен үйдің кенжесімін.
    Біздің үйіміз Алматының қақ ортасында орналсқан “Самал” ықшамауданында болды. Біз тұрған үйде әр салада қызмет істейтін, танымал адамдар тұрды. Әке-шешем Сәбит Мұқанов, Шона Смаханұлы секілді танымал адамдармен араласып тұрды.
    Әрине, “жақсы әке жаман ұлға қырық жыл азық болады” деген сөз бар. Бірақ ешқайсысымыз ата-анамызды ұялтқан емеспіз. Оның ішінде мен – бәрінің ыңғайына қарап өстім. Бәрінің көңілінен шығуға тырысатынмын. Ақылды болдым десем артық айтпаған болар едім. Қай жерге барсам да “танымал кісінің баласы” деп, бар сый-сияпатын жасайды. Әлі күнге дейін солай. Мен қай жерде болмасын, әкемнің атына кір келтірмеуге тырысамын.
    Жолдасым да заң саласында жұмыс істеген. Оңтүстіктің қызы. Жоғары оқу орнында сабақ берді. Қазір екі кішкентай балам бар. Солардың тәрбиесімен үйде отыр. Балаларды балабақшаға орналастырдық. Енді жұмыс табылып жатса, ол да қызметке кіріседі.
    Қазақта кенже бала – қара шаңырақ иесі деген тәрбие бар. сондықтан алдағы уақытта осы “мәселені” де ойластырып жатқан ретіміз бар. “Осында, елге кел. Біздің қолымызға. Қыста соғым сойып, қатарларыңмен шекеге барасың. Сыбаға, топатайға барып, қыдырып жүресіңдер” дегенмін. Бірақ ол кісілерді де түсінуге болады. Алпыс жылға жуық Алматыда тұрып жатқасын, жер ауыстыру оңай болмас. Тіптен болмаса, сол жаққа барып, жандарында боламыз шығар деген де ойда бар. Мұны болашақта көре жатармыз.

    Отбасындағы әкенің орны қандай болу керек? Ер адамның әйелге қол көтеруі неден болуы мүмкін?
    - Отбасы болғасын түрлі жағдайлар болады. Ал оны екіжақты, түсіністікпен шешу – көп ерлі-зайыптының қолынан келмейді. Соның кесірінен аяғы бітпес дауға әкеледі. Мен қазір көптің талқылауына түсіп жатқан отбасылық жағдайларға пікір айта алмаймын. Себебі, олардың арасында не болғанын біз білмейміз. Десек те, қандай жағдай болмасын, әйелін ұру – жақсы қасиет емес. Жеке басым, ұрмақ түгілі, ол туралы ойлап та көрмеппін.
    Бала кішкентай бола берсін, отбасындағы жағдай оның психологиясына әсер етеді. Сондықтан үлкендер арасындағы келіспеушілікті өзара түсіністікпен шеше білу керек. Кейде жұмыстан шаршап, кейде ренжіп қайтатын кездерің болады. Ондайда үндемей, жатып демаламын. Ерлі-зайыптылар бір-бірін қас-қабағынан түсінуі керек. Барлық қателік бір-бірімізді түсінбестіктен болады. Ашық әңгімелесіп, тыңдай білуіміз керек.
    Ал мен балаларыма өзімнің әкем бізге қандай болды, мен де сол кісі сияқты өсіргім келеді. Әкем – өте мейірімді адам. Біз оның қаталдығын көрген емеспіз. Өзі айтып отыратын “өмірімде бір-ақ рет бала сабадым және соған әлі күнге дейін өкінем” деп. Біреу ағамның үстінен “көршінің терезесін доппен сындырды” деп арыз айтқан. Кейін оның бәрі өтірік екені белгілі болған. Тіпті, анамыз ұрысқанда да бәріміз әкеміздің артына тығылатынбыз. Бізге бар ақылын айтып отырады. Ол көп үндемейтін адам. Өзі айтқандай “бомба да үндемей жатып жарылады” демекші, бір ашуланса, қиын. Біз қазір бір-бір отбасының отағасы болсақ та, ата-анамыз үшін баламыз. Біз үшін алаңдайды.
    Мен де балаларымның алдында барлық әкелік парызымды өтегім келеді. Мен жұмыстан келгенде, балаларым алдымнан қуанып, жүгіріп шыққанның өзі неге тұрады?! Әйел адам үйде отыр екен деп, оған бала тәрбиесінің бәрін артып қоюға болмайды. Жұмыстан кейін бар уақытымды, толықтай балаларыма арнаймын. Қыста суық тиіп екі балам да ауырып қалды. Сол кезде тек жұмыстан босағасын ғана емес, түскі асқа келгенде де аз да көмегімді тигізуге тырыстым. Түнде жолдасым екеуміз кезектесіп, баққан кездеріміз болды. Мен де балаларыма бар мейірімімді төккім келеді. болашақта балаларыммен мақтану үшін, оларға осы бастан жақсы тәрбие беру – менің әкелік парызым.

    Өкінген кездеріңіз болды ма?
    -Тап қазір ондай кезім ойымда жоқ. Адам болған соң қателесетін кездерің болады. Ең бастысы – содан нәтиже шығара білу керек. Сабақ алу керек. Ал егер, мен біреуді ренжітіп, өзім өкінетіндей болсам, бірінші өзім барып кешірім сұраймын.
    Бізді отбасымызды қарапайымдылыққа тәрбиеледі. Шона Смаханұлы ағамыз айтады “төсіңді ұрасың, төсің сынса, несін ұрасың?” деп. “Мен” деп, төске ұратындар ұнамайды.

    Қазіргі жастар туралы не айтар едіңіз?
    -Жалпы қазіргі жастарға көңілім толады. Олар заман ағымына сай, жаңашылдықты меңгерген. Талпыныстары басым. Бұрын біздің кезімізде ондай жастар болмады ма, әлде біз естімедік пе қазір дарынды, білімді жастар көп. Шетелдің грантын ұтып алып жатқандарын естігенде кәдімгідей таңданасың. Әрі мүмкіндік те мол ғой. Тек ізденіп, еңбектену керек.
    Ал кешегі қаламызда болған оқиғадан жастардың бойынан тағы бір қасиетті – қайсарлықты байқадым. Бұл біздің сарбаздардың жүрек жұтқандығы. Жараланғандарына қарамай, атылған оққа қарсы жүріп, бірін-бірі қорғап, көмектесіп, қайсарлық танытты.

    Жалпы Сіздің дінге көзқарасыңыз қандай?
    -Мен – биылға дейін ораза ұстап келдім. Биыл денсаулығыма байланысты ем алып жүрмін. Ислам діні – бейбітшілік діні. Мұхаммед Пайғамбардың өзі жаугершілік заманда өмір сүрсе де бейбітшілікке шақырған. Қарама-қарсы жақтың шарттарын бейбіт түрде шешіп отырған.
    Қазір діни сұраққа жауапты мешіттен, арнайы тағайындалған дін өкілдерінен алу керек. Интернеттен іздегенді қою керек. Имамдар да, теологтар да дінге қатысты әңгіме болған сайын, ислам дінің ешқандай соғысқа қатысы жоқ екенін айтып жүр. Ата-бабамыздан келе жатқан дін. Тек дәстүрімізді де ұмытып кетпеуіміз керек.

    Ауылға барып тұрасыз ба?
    -Мен Алматыда туып-өскеніммен, бала күнімізден жазғы каникулды ауылда, ата-әжеміздің қасында өткіздік. Бүгін соңғы қоңырау болса, ертеңіне үйдегі балалар поезға мініп алып, Ырғызға тартамыз. Ата-анамыз кейін келіп жатады. Анам мұғалім болып жұмыс істеді. Соның жұмысы аяқталғасын олар да ауылға келетін. Маған ауылдың тыныс-тіршілігі таңсық емес. Әлі күнге дейін ауылмен байланысымды үзген емеспін. Біле-білгенге ауыл нағыз өмір сүретін жер. Менің бір ағам ауылда мал ұстап, шаруашылықпен айналысып отыр.

    Қолыңыз қалт еткенде немен айналысасыз?
    -Кітапты көп оқимын. Детектив жанрындағы әңгімелер қатты ұнайды. Бильярд ойнағанды жақсы көремін. Облыстағы бильярд ойыншыларының алдымын деп айта аламын. Бір жылдары кәріс ұлтының өкілдері ұйымдастырған жарысқа қатысып, жақсы ойыншылармен жарысқа да түскенмін. Ал жалпы балаларыммен қыдырғанға, отбасыммен бірге демалғанға не жетсін?!

    Уақытыңызды бөліп, әңгімелескеніңізге рақмет! Еңбегіңізге жеміс тілеймін!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Өмірсерік ОРАЗАЛИН: Жастар діни сұрақтарға жауапты мешіттен емес, интернеттен іздейді
  • Алмаз Әлімбаев: Бір тойымның болатынын білемін
  • Үмбетбай УАЙДИН: Сылдырлаған медалім болмаса да, алғыстан құралақан емеспін
  • Әкімгерей КӨШЕРБАЕВ: Дәрігердің баласы аурушаң, мұғалімнің баласы тентек болады
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге